51.ҚР геосаяси жағдайының ерекшеліктері: тарих және қазіргі заман


Негізгі саяси-идеологиялық ағымдардың сипаты



бет7/7
Дата03.03.2023
өлшемі38,18 Kb.
#71441
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Негізгі саяси-идеологиялық ағымдардың сипаты. XIX ғасырдың орта шенінен бастап батыстық елдерде бір-бірімен бәсекелесіп, өзара қақтығысып келе жатқан негізгі үш саяси-идеологиялық ағым бар: олар — либерализмконсер­ватизм және социализм. Осы қақтығыс XX ғасырда жалғасын тауып, тіпті күшейе түскені соншалықты, кейбір саясаткер ғалымдар XX ғасырды «идеология ғасыры» деп атайды.
Бұл негізгі ағымдардан басқа да кішігірім ағымдар болғанымен, олар да осылардың төңірегінде топталып, идеологиялық ахуалды толықтыра түсері аян. Осы аталған ағымдардың өз ішінде де неше түрлі өзгешеліктер, жіктеулер бар. Бұл идеологиялық үдерістің күрделілігін, толқымалылығын білдіреді.
Либерализмнің басты идеялары — еркіндік, әр адамның
өз табиғи құқықтары, демократия, жеке меншік; мемлекет
адамдардың еркіндігін шектемеуге тиіс, сондықтан
мемлекеттік билік қажетті минимумнан әрі аспауы керек.
Консерватизм идеялары — коғам өміріндегі тұрақтылықты, тепе-теңдікті, жаңарудың біртіндеп қана орын алғанын қалап, күрт өзгерістерден бойын аулақ салады, сабақтастықты, дәстүрлілікті, қалыптасып калған тәртіпті бұзбағанды артық санайды. Адамдар туғанынан тең емес, сондықтан біреудің бай, енді біреудің кедей болуы, біреудің бақытты, енді біреудің бақытсыз болуы, сол сияқты біреудің билік басында болуы, басқалардың соған көнуі табиғи делінеді. Консерватизмнің басты құндылықтарына дәстүрлілік, дінилік, еркіндік пен жауапкершілік, адамдардың материалдық теңсіздігін табиғи деп білу жатады.
Социалисттік идеологияның басты мақсаты жеке меншіктің, адамдар материалдық теңсіздігінің басты себебі деп танылған капитализмді революция жолымен күйрету, оның орнына қоғамдық меншікке негізделген социалистік қоғамға, одан кейін коммунизмге қол жеткізу. Мұндағы басты құндылықтар — социалистік революция, қоғамдық меншік, еңбек және сонымен бірге еңбекші адамдардың (жұмысшы табы мен шаруалардың) теңдігі мен еркіндігі. Коммунистік қоғамда мемлекет болмайды, жанжақты жетілген қоғам мүшелері саналы түрде өз-өздерін басқарып, еркін де бақытты өмір сүреді. Социалистік идеологияның да өзара сыйыспайтын түрлі ағымдары бар, олардың негізгілері: маркстік ілім мен халықаралық социал-демократиялық ілім.
Социал-демократизм маркстік ілімнің негізінде пайда болғанымен біртіндеп ортодоксиялық марксизмнен аулақтанып, өзіндік ерекше сипатқа ие болып кеткені белгілі. Қазіргі кезде социал-демократиялық идеология Австрия, Норвегия, Швеция және т.б. елдерде өз билігін табысты жүргізуде. Оның басты артықшылығы либерализм мен социализмнің жетістіктерін өз бойына жинақтап, әлеуметтік шындықтың өзгерістеріне орай жетіліп, шыңдалып отыруында, сөйтіп батыстық қоғам көпшілігінің мүддесіне сай келетін идеологияға айналуында.
XX ғасырда Батыс Еуропада тараған идеологияның тағы бір түрі фашизм, Фашистік идеология XX ғасырдың 30— 40- жыддары, әсіресе, Германия мен Италияда кеңінен тарап, мемлекеттік идеология дәрежесіне дейін көтеріліп, Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкеліп соқканы тарихтан белгілі. Фашизмнің негізгі идеясы нәсілдік астамшылдық, арийлік нәсілдердің басқа нәсілдерден жоғарылығын дәріптеу, соны саяси іс-әрекеттің арқауына айналдыру. Фашизм ұлтшылдықтың басқыншылыққа бейім шеткері бір түрі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет