53. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы: қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері


«Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекеттің идеясы



бет8/9
Дата07.04.2023
өлшемі40,27 Kb.
#80132
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
53. С лтан Кенесары асым лы баста ан аза тарды лт-азатты о

59. «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекеттің идеясы.
ХХ ғасырдың басы Ресей үшін үлкен саяси өзгерістердің бастауына айналды. 1905-1907 жылдарғы тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революция қазақ халқының саяси санасының оянуына, ұлт-азаттық қозғалыстың дами түсуіне, қазақ қауымында да отарлық езгіге қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси күштің қалыптасуына жол ашты. Ондай күш Алаш қозғалысы еді. Оның басында бірсыпырасы Ресейдің Санкт-Петербург, Мәскеу сияқты қалаларында оқыған, өз заманына сәйкес жоғары білім алған, озық ойлы Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай және т.б. сол кездегі қазақтың алдыңғы қатарлы зиялылары болды.
Ал 1917 жылғы Ақпан рево­люциясының патшалық монархияны тақтан түсіруі Алаш жетекшілерінің жігерін тасытып, рухын көтерді. Бұл оқиға қоз­ғалыстың алдына жаңа міндеттер қойды. Содан қазақ өлкелерін жаппай шарпыған ұлт-азаттық күресті жаңа деңгейге шығаратын саяси ұйымның қажеттігі туды. Ондай құрылым 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында өткен бірінші Бүкіл­қазақт­­ық съездің шешімімен дүниеге келген тұңғыш ұлттық-демократиялық «Алаш» саяси партиясы болған еді.
Қазақ қоғамының сол кездегі саяси ойының бірден-бір жарқын көрінісіндей, халқымыздың төл тарихында терең із қалдырған «Алаш» сияқты партияның сая-си сахнаға шығуы патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатының терең дағдарысын көрсететін, сондай-ақ, қазақ қоға­мын жаңа саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және рухани негізде қайта құрудың қажеттігін танытатын факторлар болатын. Оның бағдарламасының жобасы 1917 жылдың қараша айының 21-де «Қазақ» газетінде жарияланды. Ұлттық даму мен ұлттық теңдік үшін күрес идеясына суарылған, өзінің мазмұны мен саяси мәні жағынан бұрын-сонды қазақ тарихында болмаған бұл бағдарлама жобасы кейін Алашорда автономиясы мемлекеттігінің басты құжатына айналды.
Дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибелерін тиімді пайдалана отырып, бағдарлама авторлары тәуелсіздік жолын, демократиялық дамуды таң­дай­тындықтарын ашық айт­ты. Осыларды негіздейтін мем­лекеттік-құқықтық идеяларды ұсынды. Бұл мәселелердің бәрін жаңа партия кеңестік қан-төгіс, таптық күрес жолымен емес, ұлттық бірлік негізінде, күрделі саяси реформа арқылы жүзеге асырмақ болды.
Алаш қозғалысының негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастырып, сөзсіз еркіндік пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті – сол идеяның жемісі. Алаш идеясы әсірешіл ұраншыл қазақтың ойы емес, жалпыадамзаттық құндылық этикасын сақтай отырып, отарлық езгінің құрсауында тұншыққан жұртын азаттыққа шақыру болатын. Алаш идеясы ұлттық бірігу концепциясына алып келді. Ол тұста қазақтың оқыған, саяси орталықтарда білім алған, мемлекет құрылысын қалыптастыру жөн-жосығын білетін ұлт зиялыларының басын біріктірді. Соның арқасында Алаш идеясын аясында мыңдаған қазақтың басы бірікті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет