Байланысты: 53. С лтан Кенесары асым лы баста ан аза тарды лт-азатты о
57. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің қалыптасуы және қызметі. ХХ ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тəуелсіздік күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқақ білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді. Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Ғабдұлғазиз Мұсағалиев, тағы басқалар, бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады. ХХ ғасырдың басында орталық Қазақстанда туып, ұлтының тəуелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялылары — Ə. Бөкейханов, Н. Нұрмақов, Ж. Сəдуақасов, Ж. Ақбаев, тағы басқалардың еңбегінде қазақ халқының тəуелсіздігі, жерінің азаттығы, азаматтық құқығының жоқ болуы туралы ой-пікірлер, ұсыныстар, азаттыққа жету жолдары туралы терең тұжырымдар жасалған.
Тарихшы-ғалым ретінде Бөкейханов халқының 1916 жылғы қарулы көтерілісінің орасан зор маңызын түсінді. 1926 жылы ол орыстың тарихшысы, профессор Шестаковпен бірігіп, көтерілістің 10 жылғы мерейтойына арнап, «1916–1926» атты еңбек жазып шығарды. Онда қазақ көтерілісінің Ресей Империясының қоластындағы башқұрт, өзбек, қырғыз сияқты халықтардың да бас көтеруіне үлкен себеп болғандығына назар аударады, көтерілістің 1917 жылы патшаны тақтан құлатудағы елеулі рөлін айтады, ол қазақ көтерілісінің қаналушының қанаушыға қарсы «таптық» сипатта емес, отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық бағытын көрсетеді. Қарусыз бейбіт халықты қырған, патша əскерінің қинаяттық іс-əрекеттерін сынайды. Ə. Бөкейханов қазақ халқының өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мол мəдениетін, тұрмыс-салтын, əдет-ғұрпын, сенім-нанымын, өнерін зерттеп жазып, айтарлықтай мұра қалдырған. Ол қазақ ұлтының жүздік, рулық-тайпалық құрылымын зерттеген, қазақтың шежіресін жазған. Ол Павлодар мен Қарқаралы уездерін мекендеген қазақтардың жəне төле мен төлеңгіттердің шежіресін жазып, оны Ф.А. Щербина экспедициясы «Материалдарының» IV (1903) жəне IV (1905) томдарында жарияланған. Оның «Би һəм білік» атты мақаласында қазақтың заң мен билік мəселелері баяндалады. Қазақ халқының тəуелсіздікке қол жеткізуінің бір жолы — ол Мемлекеттік думаға қатысуы арқылы қазақ халқының құқығын қорғауға болады деп сенді. Ол Орыстың география қоғамының Батыс-Сібір бөлімі мүшесі ретінде қоғамның ғылыми мəжіліс-жиналыстарында қазақтың мəдениеті, тұрмыс салты, өнері жайында баяндамалар жасап, дəрістер оқыған. Сол арқылы өз ұлтының басқа ұлттармен қатар тəуелсіз өмір сүруге болатындығын дəлелдеуге ұмтылған. Ол орыстың ғалымы Г.Н. Потанинге қазақ халқының əн-күйін, ою-өрнегін, тұрмыстық құрал-сайманын жинасып, Томск, қаласында қазақтың өлкетану музейін ашуға көмектеседі. Оның əрбір іс-əрекеті Қазақстанның дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру мақсатына арналады.
Ə. Бөкейхановпен қатар қазақ халқының тарихында саяси ұйымның белсенді көсемдерінің бірі Ə. Ермеков болды. Ол Алаш партиясының мүшесі болып, өмірінің соңына дейін қалады. Оның еңбектерінде ұлт жандылығы, өз принципіне берікті, езілген қазақ халқының қамын ойлап, тек соның азаттығы үшін жұмыс атқарғандығы сезіледі. Ақпан революциясынан кейін барлық қазақ зиялылар сияқты, Ə. Ермековте қазақ үшін бостандық, теңдік күні туды деген рухани серпіліс болады. Ендігі мақсат — автономия алу, оның қаншалықты қажеттігін жан-жақты дəлелдеу мен ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласады. Ə. Ермеков бастаған семейлік Алаш төңірегіндегі топтасқан ұлт зиялылары құрылтай жиналысына, депутаттар сайлау жұмысына да айналысады. Ол қазақ халқының өзінің басты мақсаты — ұлттық мемлекеттігін қайта қалпына келтіруге тиіс деген ойды өмірінің соңына дейін насихаттайды. Ə. Ермековтың қазақ ұлт-азаттық қозғалысының қалыптасуы, дамуы, əсіресе оның Алаш партиясындағы саяси қызметі, оның қазақ жеріндегі отарлық езгіден азат ету жолындағы саяси күресінің нақты айғағы. Мəскеуде өткен Халық комиссарлары Кеңесінің мəжілісінде Ə. Ермеков қазақтар мен орыс қоныстанушылардың қазақтардан тартып алған жерлерін ежелгі иелеріне қайтаруды талап етіп, жер реформасын жүргізу жəне қазақ жерін, оның орыс отарлауына дейінгі шекарасы белгілеуді талап еткен баяндама жасайды. Ə. Ермековтың қазақ халқы үшін атқарған қоғамдық-саяси қызметінің бір маңызды кезеңі Алаш үкіметі тарихынан кездеседі. Алаш қозғалысының жетекшілерімен бірге ол да қазақ жерінде ұлттық автономия құру туралы шешімді қолдайды. Ақпан революциясы əкелген жалпы демократиялық федерация мен Құрылтай жиналысын қолдап, ел ішіне бүлік салған большевиктердің саясатын сынайды. Ə. Ермеков, басқа қазақ зиялылары сияқты, антибольшевиктік күштерді қолдау арқылы, ең алдымен халықтың амандығын, елдің тұтастығын сақтауға ұмтылады. Сол кездегі қазақ күрескерлерінің басында болған Ə. Ермеков ел тəуелсіздігін жоғары қойып, бірін-бірі күшпен алмастырған əр түрлі орыс үкіметтерімен жүргізген келіссөздерге араласып отырды. Ұлттық мүдде үшін туған халқының игілігі үшін күрескен Ə. Ермеков, тағы басқа қазақ зиялылары Кеңес үкіметтінің құдалау саясатына тап болды.
Орталық Қазақстаннын тарихи тұлғаларының бірі — Ж. Садуақасов. Ол 1924 жылдың қыркүйек айынан 1925 ж. мамыр айына дейінгі аралықта Қызылорда қаласында Қазақ автономиясының Халық Комиссариатының орынбасары болып қызмет атқарады. Осындай қызметте жүргенде Қазақ мемлекетінің өз алдына дербес басқару жүйесін қалыптасуына мəдени-шаруашылық құрылысының дамуына көп еңбек сіңірді. Əсіресе оның 1928 ж. Юстиция Халық Комиссариаты жəне Республика прокуроры болып қызмет атқарған кезінде Қазақстанда заңдылықты нығайтуға, заң кадрлерін тəрбиелеуге халықтың мүддесіне қажетті заңдарды қабылдауға, мемлекеттік заңдылықты сақтау жолында зор еңбек сіңірді. Қазақстандағы байлардың малын тəркілеу туралы іс-əрекеттің барысында халықтың наразылығы туралы арыздарды талқылай келе, жергілікті билік органдарының, билікті шектен тыс орынсыз пайдалануы болып жатқандығын дəлелдейді. Əсіресе ол ел ішінде орнаған заңсыздықтарды жоғарғы органдарға хабарлауды өзінің мақсаты санайды. Осылайша Кеңес үкіметінің Қазақстан даласындағы жүргізген саясатының өрескел қателіктерін ашық білдіріп, өз басын қатерге тігеді. Ж.Садуақасов қазақтың басқа зиялыларымен бірге Қазақстандағы мəдени құрылыстың дамуына үлкен үлес қосады. Əсіресе ұлттық баспасөзді күшейті, ғылыми-мəдени мекемелерді ұйымдастыру, қазақ əдебиетінің болашағы туралы жəне жастарды оқыту мəселесіне, аштықпен күрес жұмыстарына белсене араласып, ХХ ғ. басындағы тəуелсіз Қазақ автономиясының дамуына өз үлесін қосады.