Байланысты: 53. С лтан Кенесары асым лы баста ан аза тарды лт-азатты о
54. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық күрестегі халық ақындарының рөлі. Махамбет Өтемісұлының, Тәттімбет Қазанғапұлы және т.б. шығармашылығы. Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.
1836—38 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі.
Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады.
Көтеріліс жеңіліспен аяқтағаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалыларының қолынан қаза тапты. Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға тақырлы. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті («Мұңайма», «Желп-желп еткен ала ту», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Ұл туса», «Толарсақтан саз кешіп»).