54. Юпитер Юпитер


Бейтарап сутектің таралуы. Галактиканың спиральды құрылымы



бет22/32
Дата03.05.2023
өлшемі325,51 Kb.
#89489
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
74. Бейтарап сутектің таралуы. Галактиканың спиральды құрылымы.
Біздің Галактика иірімді /спираль/ галактикалар тобына жатады. Галактиканың иірімді тармақтары радиодиапазондағы бейтарап сутегінің сәулеленуі бойынша зерттелген. Бейтарап сутегінің басым бөлігі галактикалық жазықтыққа жақын орналасып, радиусы 15 кпк, ал Күннің маңайындағы қалыңдығы 0,5 кпк-ке тең диск жасайды. Осы диск иірімді тармақтар деп аталатын бірнеше сақиналарға бөлінеді. Келісім бойынша тармақтар атаулары осы тармақтар бақыланатын шоқжұлдыздардың аттарына сәйкес келеді. Галактиканың ортасына ең жақын орналасатын тармақтың радиусы 3 кпк, ал ұлғаюының жылдамдығы 50 км/с. Келесі тармақ центрден 6-7 кпк қашықтықта орналасып, бейтарап сутегімен 0,В спектрін класстарына жататын ыстық жұлдыздардан құралған. Бұл тармақ Мерген тармағы деп аталған. Галактиканың центрінен 10 кпк қашықтықта жататын, ені 2-3 пк-тай болатын бейтарап сутегімен ыстық көгілдір-ақ жұлдыздардан тұратын Орион тармағы бар. Галактика жазықтығынан 25 пк солтүстікте Күн орналасады. Осы тармақтарда бейтарап сутегімен бірге иондалған ыстық сутегі, шаң-тозаң, диффуздық бұлттар кездеседі. Тармақтардағы жұлдыздардың аспандағы көрінісі Күс жолы болып келеді. Суық жұлдыздардың басым көпшілігі тармақтардан тыс Галактиканың көлемінде біркелкі кездеседі
Галактикаларды сыртқы көрінісі бойынша алғаш классқа бөлуді 1925 жылы АҚШ оқымыстысы Э.Хаббл ұсынады. Ол ұсыныс бойынша галактикалар төрт түрге бөлінеді: эллиптикалық /элиписті/ /Е/, спиральді /S/, линза тәрізді (SO) және дұрыс емес галактикалар.
Спиральді галактикалар / S/ – ең көп кездесетін және құрлысы жағынан ядромен бірнеше тармақтардан түратын объектілер болады (1 сурет). Бұған біздің Галактикамен бізге ең жақын орналасқан Андромеда тұмандығы да жатады. Спиральдар екі типті түрге бөлінеді. Олардың біреуінде /біздің Галактикаға Ұқсас болатындық-тарында /спиральды тармақтар тікелей галактиканың орталығынан шығып жатады. Мұндай спиральды SA әріп-
терімен белгілеу қабылданған. Ал екіншілерінде тармақтар галактиканың ішкі денесінен шығады да екі спираль тармақтар бір бірімен ортақ дене арқылы қосылғандай болып көрінеді. Сондықтан оларды қыйылысқан спиральдар деп атап SВ символымен белгілейді. Спиральды галактикаларды өзінің спиральды құрылысының даму дәрежесіне қарай ажыратып классқа бөлген кезде S таңбасына а,в,с,d, әріптері қосылып жазылады. Мысалы, Sа жүйесі жақсы қалыптасқан тарамдардан тұратын спиральды галактиканы сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет