54. Юпитер Юпитер



бет25/32
Дата03.05.2023
өлшемі325,51 Kb.
#89489
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Байланысты:
54. Юпитер Юпитер

78. Квазарлар.
Ең үлкен қуатты радиотолқындар шығаратын көздерді квазарлар /квазижұлдыздық радиокөздер/ деп атаймыз. Мұндай объектілерді зерттеу 1960 жылдан бастап жүргізіліп келеді.
Квазарлардың галактикалардың активті ядролары сияқты спектрдің инфрақызыл және ұзын аймақтарының толқындарын артығымен шығаратындай қасиеттері болады. Квазарлардың спектрінде диффузиялық тұмандықтардағы сияқты эмиссиялық шығару сызықтары, ал кей кездерде тіпті резонанстық жұту сызықтары болатындығы анықталып отыр. Мұндай объектілердің спектрлерінің ерекшеліктері біріншіден бір-бірінен мүлдем өзгеше болып өзара ұқсастықтың болмауы, екіншіден шығару сызықтарының ешбір жер бетіндегі химиялық элементтердің бірде біреуіне сәйкес келмегендігі таң қаларлық құбылыс болды. Кейіннен бұл мәселелер спектр сызықтарының қызыл аймаққа қарай ығысу нәтижесінен болатындығы анықталды. Мысалы, 3С273 объектісінің қызыл ығысуы , ал 3048 объектісінікі – екендігі анықталды. Осы ығысудың шамасы арқылы объетілерге дейінгі қашықтықпен жарықтылықты анықтауымызға болады.
Қазіргі кезде бірнеше жүздеген квазарлар белгілі болып отыр, олардың ішінен ең алыс қашықтықта орналасқан 0 Q172 квазары үшін , ал жарқырауы 1040 ÷ 1041 Вт. тең, бұл аса ірі галактиканың куатынан 100 ÷ 1000 есе артық екенің көреміз. Квазарлардың спектрлерін талдаудың негізінде, олардың атмосферасының химиялық құрамы кәдімгі жұлдыздар атмосферасынікі сияқты болатындығы анықталды.
1965 жылы жұлдыздық галактикалар анықталды, оларды квазаги деп атайды. Бұл объектілер квазарларға ұқсас болғанымен радиотолқындар шығару қасиеті елерліктей болады. Квазарлармен квазагилер галактикалардың мәңгілік емес өмір сүру кезеңдері болы керек деген болжам айтылады. Хаббл телескоптың көмегімен квазарлар галактикалардың өте активті ядролары екені айқындалады.

79.Галактикалардың спектрі. Қызыл ығысу. Хаббл заңы.
Галактикалар ядросының жұлдыздық құрамы оптикалық спектр арқылы анықталады. Бұл нәтиже олардың жұлдыздық құрамының біздің Галактикадағы сфералық жүйешіктің /под система/ жұлдыздық спектрінде жұлдыздарға сипатты жұту сызықтарымен қатар эмиссиялық шығару сызықтары да кездеседі.
Спиральды галактикалардың орталық аймағының спектрінде де жұту сызықтарымен қатар газды тұмандықтардың шығару сызықтарыда болатындығын көреміз. Мұндай спектрдің шығару сызықтары көпшілік жағдайда өте енді болып келеді.
Мұның өзі галактика центріндегі объектілердің табиғаты жұлдыздық табиғаттан өзгеше болатындығын және олардың энергия зонасының өте көп болатындығын көрсетеді. Спектр сызықтарының енінің артуы энергияның бөлуіну кезіндегі газдың ағымының лақтырылу жылдамғымен анықталынады. Осындай қозғалыстың сипатымен лақтырылған газдың жылдамдығы және галактика ядросының жарқырауы негізінде олардың активтілігі бағаланады. Ядроның активтілігінің ұзақтығы 106 жыл шамасында болып белгіленеді. Ал, ядродан лақтырылған газ ағымымен релятивті бөлшектердің толық массасы 106 ÷ 107 Күн массасындай, кинетикалық энергиясы 1049 Дж шамасындай, болып бағаланады. Мұнымен қатар галактика ядросындағы заттың бөлшектері 500-4000 км/с жылдамдықпен қозғалатындығы белгілі болып отыр. Біздің Галактикаға ұқсас галактикалардың ядроларының активтілігі аз болып кездеседі. Мұндай галактикалардың центрінен газдың ағымы салыстырмалы түрде аз яғни секундіне ондаған километр жылдамдықпен ғана өтіп жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет