54. Юпитер Юпитер


Космогония пәніндегі жұлдыздардың пайда болуы, эволюциясы, жасы, галактикалар эволюциясы жайындағы болжамдар



бет30/32
Дата03.05.2023
өлшемі325,51 Kb.
#89489
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
54. Юпитер Юпитер

84.Космогония пәніндегі жұлдыздардың пайда болуы, эволюциясы, жасы, галактикалар эволюциясы жайындағы болжамдар.
Жұлдыздардың пайда болу проблемасын екі бөлікке бөліп қарастыруымызға болады: галактикалардағы жұлдыздардың пайда болуының бірінші алғашқы кезеңі, онан соң келесі кезеңдері.Бірінші кезеңде жұлдыздар Әдемнің құрамындағы алғашқы материалдар сутек /салмағы бойынша 70 %/, гелий 30%/ және өте аз мөлшерлі /0,0001% шамасында /дейтерий, литий т.с.с. қоспалардан жасалады. Онан кейінгі кезеңдерде оның ішінде қазіргі кезде спиралды Галактиканың жұлдыздарында көміртек, оттек, азот т.с.с. элементтер /1-2%/ ке дейін/ көбірек болатын материалдардан тұрады. Осы сияқты ауыр элементтер алғашқы жұлдыздардың эволюциялық дамуының нәтижесінде термоядролық реакцияның негізінде пайда болады. Мұндай қоспалардың жылулық балансы жұлдыздың пайда болуы және бүкіл әлемдегі заттың эволюциясы үшін маңызы өте үлкен болады. Бұған дәлел ретінде Күннің, планеталардың пайда болуын және Жердегі тіршіліктің жүзеге асуын айтуымызға болады.
Жұлдыздардың пайда болуы жайындағы гипотезалардың ішінен біз Канттың космогоникалық гипотезасына сүйенсек, онда суық тозаңдық бұлттардың қоюланып ортасында Күн – жұлдыз тұратын күн жүйесін беру мүмкіншілігі бар екендігін көреміз. Оқымысты Лаплас осы процесті барлық жұлдыздардың пайда болуын түсіндіру үшін пайдаланады. Ал, Гершель әлем кеңістігіндегі шашыраған заттардың конденсациялану нәтижесінде жұлдыз пайда болатындығын айтты. Ғалым Д.Джинстің критериясы бойынша өте суық және мөлдір газды бұлтқа екі негізгі күштер әсер етеді. Оның біреуі гравитация /Әлемдік тартылыс/, ал, екіншісі газдың ішкі қысымы. Осы екі күш бір-біріне тең болған жағдайда тепе-теңдік күй жүзеге асады. Егер газдың қысым күші гравитацияның әсерінен болатын сығылуды теңгере алмайтындай болса, онда грваитация күшінің әсерінен жойқын қайтымсыз өте тез сығылу құбылысы /коллапс/ болып бұлттың тығыздығы артады да жұлдыздың пайда болу процесі жүзеге асады. Осыған байланысты жұлдыздың пайда болуының конденсациялық теориясы қалыптасады. Енді тек осы көзқарасты растайтын құбылыстарды бақылап, көз жеткізу керек, Галактиканың жас деген жұлдыздарында біз күткен бірігудің /қабысудың/ болмайтындығы байқалады. Керісінше анық жарық жұлдыздардың спектрінде олардың қабатынан заттың интесивті түрде бөлінетіндігін сипаттайтын профил табылып отыр. /Р Аққу типті/.
В.А.Амбурцумян жұлдыздардың жасалуының эруптивті механизмін ұсынады. Бұл көз қарас бойынша жұлдыздар және оларды қоршаған газ жұлдызға дейінгі гипотезалық тығыз дененің ыдырауының нәтижесінде пайда болу керек. Мұндай эруптивті гипотезаның шығуы белгілі бір себептерге негізделеді. Біріншіден біздің Әлемнің пайда болуы «Үлкен қопарылыс» деп аталатын эруптивті процестің нәтижесі екендігі осы проблемамен айналысатын барлық зерттеушілерге аян. Екіншіден, жас жұлдыздар тобының ыдырайтындығы анықталып отыр. Үшіншіден, заттың жұлдыздардан бөлінуі спектрдің оптикалық диапазонында бақыланатын жалпы құбылысқа жатады. Төртіншіден, Т Торпақ өте жас жұлдыздардың /әлі негізгі тізбекке жетпегендер/ көптеген эруптивті активті белгілері бар. Жұлдыздар жасы келіп бас тізбекте жататын кезде бұл активтілік жойылады. Сондықтан жас жұлдыздардың активтілігін гипотезалық жұлдызға дейінгі заттың активтілігінен байланыстыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет