55. Тақырып,метамәтін,дейксис (мысалдар) Қазіргі заманғы ақпараттар әлемі-мәтіндер әлемі. Адамдардың өзара қарым-қатынасы мәтінді түсіну қабілетіне байланысты. «Мәтін жоқ жерде ойлау мен зерттеудің нысаны да жоқ»



бет1/3
Дата19.10.2023
өлшемі22,51 Kb.
#119756
  1   2   3

55.56.57
55.Тақырып,метамәтін,дейксис (мысалдар)
Қазіргі заманғы ақпараттар әлемі-мәтіндер әлемі.Адамдардың өзара қарым-қатынасы мәтінді түсіну қабілетіне байланысты. «Мәтін жоқ жерде ойлау мен зерттеудің нысаны да жоқ» деген М.Бахтиннің пікірі бар.Мәтін тілдік таңбалар негізінде түзілген семантикалық құрылысы және тұлғалық байланысы бар белгілі ақпар десек,онда қандай тілдік таңба,қандай мағыналық жіне тұлғалық байланыс бар деген сұрақ туады.Ол үшін алдымен мәтін байланысы,мәтін тұтастығы,мәтіндік таңбалар,көркем мәтін құрылысы сияқты мәселелер бірыңғай қарастырылу керек. Осылардың ішінен мәтіндік таңбалар туралы айтып өтсек.
Мәтіндік таңбаларға тақырып,мәтіндегі метамәтін,дәйексөз,интермәтін,анаграмма жатады.Енді осы аталған мәтіндік таңбаларға жеке-жеке тоқталамыз.
Таңбалар денотатын метатаңбалар түсіндіреді.Барлық лингвистикалық терминология-бірыңғай метатіл ретіндегі метатаңбалар.Олардың денотаттары тілдегі фонема,морфема,сөз, тб. Кез келген тіл-лингвистикалық метатілдің тілдік нысаны болып табылады.
ТАҚЫРЫП-бұл мәтіннің белгіленіп қойылған,назар аударатын міндетті бөлік,яғни мәтіндік таңба. Бұл кез келген мәтіннің ұстанатын ең мықты бағыты.Тақырыптың атын талдаған соң-ақ,мәтіннің бағыты байқалады.Шығармаға тақырыптың қойылуы жалқы есімдермең мәртебелес.Бұл әсіресе,жалқы есімдермен аталған шығарма тақырыптарынан көрінеді. «Әнші»-Ж.Аймауытов, «Бозқараған»-М.Мақатаев, «Қызыл жебе» -Ш.Мұртаза, «Ескерткіш»- Д.Исабеков т.б Шығарманың аты- тақырыбы шартты атау сияқты көрінгенмен мәтін бастан аяқ оқылған соң, оның аталу уәждәләгә белгілі болады.Мәселен, аты аталған шығармаларды оқушы оқып біткенде ғана кітаптың атының қойылу себебін түсінеді.Сонымен автор шығармасының ерекше тақырыбы есте қалады.
МЕТАМӘТІН түсінігі метатілдік таңбалардан бөлек.Мұнда метамәтіндік таңбаларда біріншіден,екіншіден,басқа сөзбен айтұанда,қайталап айтқанда,атап айтқанда,сірә,шынында, абйаймын,мүмкін,рас,айтпақшы,ендеше, айтуына қарағанда т.б сөздер кездеседі.Мұндай тілдік таңбалар-қыстырма сөздер немесе оның орнына жүретін модаль сөздер шығармада метамәтіндік қызмет атқарады.Себебі, қыстырма сөздердің өзіндік тілдік табиғатынан шығады.Оқшау сөз ретінде олар сөйлемдегі басқа сөздермен байланыспай тұрады.Бұлар мәтінді бөліп немесе қоршап,мәтін тұтастығы мен байланысына әсер етіп тұратындықтан, «мәтіндегі метамәтін» қызметін атқарады.Метамәтін көбінесе мәтіннің ортасында кездеседі. Мәтін басында кездесуі сирек.
М.Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңі төрт автосемантикалық бқліктен тұрады.Әр шумақта тоғыз жол бар.

  1. Сағымы сайран құрады

  2. Бораны ұлып тұрады

  3. Қыс-ақ кебін,жаз-сары

  4. Орманы жоқ,шуы жоқ

  5. Тауы да жоқ,суы жоқ

  6. Мәңгі өмір сахарасы

Өлеңде 1-7 жолға дейінгі айтылған ой 8-9 жолға ешбір қатыссыз баяндалады.Алайда осы мәтін соңындағы екі жол:неге екенін білмеймін –сол Арқамды сүйемін! Метамәтіндік қызмет атқарып тұр. «Бораны ұлып тұрса да,орманы,тауы,суы жоқ болса да,мәңгі өлік сахарасы сияқты жерді сүю» Сарыарқа менің жерім деген автор ойына метамәтіндік қосымша түсінік береді.


ДӘЙЕКСӨЗ- интермәтін теориясына қатысты айтылатын термин.Интермәтін дегеннің өзі бір мәтіннің өзге мәтінге енуі,кірігуі.Интермәтіндік құбылыс семиотикалық жүйе ретінде бүкіл мідениетті қамтиды.
Мысалы: Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романының аты-Абайдың өлеңі:
«Махаббат қызық мол жылдар»
Ақырын-ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет