МЕТАМӘТІН түсінігі метатілдік таңбалардан бөлек.Мұнда метамәтіндік таңбаларда біріншіден,екіншіден,басқа сөзбен айтұанда,қайталап айтқанда,атап айтқанда,сірә,шынында, абйаймын,мүмкін,рас,айтпақшы,ендеше, айтуына қарағанда т.б сөздер кездеседі.Мұндай тілдік таңбалар-қыстырма сөздер немесе оның орнына жүретін модаль сөздер шығармада метамәтіндік қызмет атқарады.Себебі, қыстырма сөздердің өзіндік тілдік табиғатынан шығады.Оқшау сөз ретінде олар сөйлемдегі басқа сөздермен байланыспай тұрады.Бұлар мәтінді бөліп немесе қоршап,мәтін тұтастығы мен байланысына әсер етіп тұратындықтан, «мәтіндегі метамәтін» қызметін атқарады.Метамәтін көбінесе мәтіннің ортасында кездеседі. Мәтін басында кездесуі сирек.
М.Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңі төрт автосемантикалық бқліктен тұрады.Әр шумақта тоғыз жол бар.
1. Сағымы сайран құрады
2. Бораны ұлып тұрады
3. Қыс-ақ кебін,жаз-сары
4. Орманы жоқ,шуы жоқ
5. Тауы да жоқ,суы жоқ
6. Мәңгі өмір сахарасы
Өлеңде 1-7 жолға дейінгі айтылған ой 8-9 жолға ешбір қатыссыз баяндалады.Алайда осы мәтін соңындағы екі жол:неге екенін білмеймін –сол Арқамды сүйемін! Метамәтіндік қызмет атқарып тұр. «Бораны ұлып тұрса да,орманы,тауы,суы жоқ болса да,мәңгі өлік сахарасы сияқты жерді сүю» Сарыарқа менің жерім деген автор ойына метамәтіндік қосымша түсінік береді.
ДӘЙЕКСӨЗ- интермәтін теориясына қатысты айтылатын термин.Интермәтін дегеннің өзі бір мәтіннің өзге мәтінге енуі,кірігуі.Интермәтіндік құбылыс семиотикалық жүйе ретінде бүкіл мідениетті қамтиды.
Мысалы: Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романының аты-Абайдың өлеңі:
«Махаббат қызық мол жылдар»
Ақырын-ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар.
Достарыңызбен бөлісу: |