55. Тақырып,метамәтін,дейксис (мысалдар) Қазіргі заманғы ақпараттар әлемі-мәтіндер әлемі. Адамдардың өзара қарым-қатынасы мәтінді түсіну қабілетіне байланысты. «Мәтін жоқ жерде ойлау мен зерттеудің нысаны да жоқ»



бет2/3
Дата19.10.2023
өлшемі22,51 Kb.
#119756
1   2   3
Байланысты:
55-56-57

56. Көркем мәтінді талдау түрлері
Көркем мәтінді талдау белгілі бір мақсатқа қарай жүргізіледі.ол әр түрлі болуы мүмкін.Бұл аудиторияға байланысты.Берілетін жаттығулар шартты түрде сұрақтар мен тапсырмалардың ыңғайына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Мәтінді аспектілі талдау:
-мұнда берілерін тапсырмалар мен сұрақтар белгілі бір проблема төңірегінде болады.
Мәтінді тақырыптық талдау:
-курс бойынша сұрақтар атына сай белгілі бір тақырып бойынша беріліп,талданады.
Мәтінді кешенді талдау:
Берілген тапсырмалар мен сұрақтар әр түрлі болады және кешенді талданатын жақтары бар.Бұл түр әрі практикалық,әрі лабораториялық сабақтарда жүргізілуі керек.Кешенді талдау кітапта ең көп берілетін тапсырмалар түрі.Сұрақтар мен тапсырмаларды шартты түрде лингвистикалық және әдеби тұрғысынан деп бөлінеді.Бұл көркем мәтінді кешенді қабылдау үлгісінің бірі ретінде ұсынылады.
Көркем мәтінді лингвистикалық талдау:
-мұнда тіл арқылы елтану,әдебиеттанудың стильдік тұстары да қамтылады.Талданатын мәтінде көркем шығарманың идеялық көркемдік мазмұны мен эстетикалық сөздік жүйесі тұтас қамтылады.
Аударма сабақтары кезінде сабақтарды өз қалауынша кез келген тұсынан пайдалануға болады.Кейбір сұрақтар мен тапсырмалар басқа тілдегі сөздер үшін салыстырмалы талдау түрінде беріледі.
Көркем мәтінге филологиялық талдау:
-мұнда көркем мәтінді құраудағы авторлық позицияның біріктіруші принціпі ретінде:

  • Көркем сөздің типтері мен формалары

  • Көркем мәтіннің синтаксистік компазициясы

  • Кейіпкер тілі,мінездеу тісілі ретінде жұмсалуы

  • Көркем мәтінді салыстыра талдау

  • Көркем мәтінді кешенді талдау жүзеге асырылады


57.Мәтіндік таңбалардың қызметін жеке автор шығармалары бойынша мысалдармен талдаңыз.
Қазіргі заманғы ақпараттар әлемі-мәтіндер әлемі.Адамдардың өзара қарым-қатынасы мәтінді түсіну қабілетіне байланысты. «Мәтін жоқ жерде ойлау мен зерттеудің нысаны да жоқ» деген М.Бахтиннің пікірі бар.Мәтін тілдік таңбалар негізінде түзілген семантикалық құрылысы және тұлғалық байланысы бар белгілі ақпар десек,онда қандай тілдік таңба,қандай мағыналық жіне тұлғалық байланыс бар деген сұрақ туады.Ол үшін алдымен мәтін байланысы,мәтін тұтастығы,мәтіндік таңбалар,көркем мәтін құрылысы сияқты мәселелер бірыңғай қарастырылу керек. Осылардың ішінен мәтіндік таңбалар туралы айтып өтсек.
Мәтіндік таңбаларға тақырып,мәтіндегі метамәтін,дәйексөз,интермәтін,анаграмма жатады.Енді осы аталған мәтіндік таңбаларға жеке-жеке тоқталамыз.
Таңбалар денотатын метатаңбалар түсіндіреді.Барлық лингвистикалық терминология-бірыңғай метатіл ретіндегі метатаңбалар.Олардың денотаттары тілдегі фонема,морфема,сөз, тб. Кез келген тіл-лингвистикалық метатілдің тілдік нысаны болып табылады.
ТАҚЫРЫП-бұл мәтіннің белгіленіп қойылған,назар аударатын міндетті бөлік,яғни мәтіндік таңба. Бұл кез келген мәтіннің ұстанатын ең мықты бағыты.Тақырыптың атын талдаған соң-ақ,мәтіннің бағыты байқалады.Шығармаға тақырыптың қойылуы жалқы есімдермең мәртебелес.Бұл әсіресе,жалқы есімдермен аталған шығарма тақырыптарынан көрінеді. «Әнші»-Ж.Аймауытов, «Бозқараған»-М.Мақатаев, «Қызыл жебе» -Ш.Мұртаза, «Ескерткіш»- Д.Исабеков т.б Шығарманың аты- тақырыбы шартты атау сияқты көрінгенмен мәтін бастан аяқ оқылған соң, оның аталу уәждәләгә белгілі болады.Мәселен, аты аталған шығармаларды оқушы оқып біткенде ғана кітаптың атының қойылу себебін түсінеді.Сонымен автор шығармасының ерекше тақырыбы есте қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет