56 сұрақ Қазақ халық прозасының хикаят жанры


сұрақ Қазақ халық өлеңдерінің ұйқас түрлеріне талдау жасау



бет2/3
Дата15.10.2022
өлшемі21,49 Kb.
#43235
1   2   3
58 сұрақ
Қазақ халық өлеңдерінің ұйқас түрлеріне талдау жасау
Ұйқас — өлең тармақтарындағы аяққы сөздердің дыбыстас естілуі, үндестігі. Қазақ өлеңі, оның ішінде Абай өлеңдері де аяққы ұйқасқа құрылған. Абай өлеңдерінде ұйқастың қазақ әдебиеті теориясың айтылатын түрлерінің (қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы, ерікті, кезекті, шалыс, егіз, аралас ұйқастар) бәрі бар. Абайдың ерен ақындық шеберлігі мен жаңашылдығының көрінісі — өлеңнің шумақты-шумақсыз құрылымына, сондай-ақ, шумақты өлеңдерінің неше тармақтан тұратындығына қарай ұйқас суретін құбылту - Ақынның 4 тармақты, 7-8 аралас буынды өлеңдерінің көпшілігі -а, -б, -а, -б суретті шалыс ұйқасқа құрылған. Мысалы:
Желсіз түнде жарық ай, - а
Сәулесі суда дірілдеп. – б
Ауылдың жаны терең сай, - а
Тасыған өзен күрілдеп. – б (Шалыс ұйқас )
Абайдың 4 тармақты бірөңкей 7 буынды немесе бірөңкей 8 буынды өлеңдері -а, -б, -а, -б және -а, - а, -б, -а суретті ұйқаспен жазылған. 6 тармақты, шумақты кейбір ұйқас өлеңдері -а, -б, -а, -б, -в, -в түрінде келеді, бұл да Абай шығармаларынан басталатын ұйқастың түрі:

Ғашықтық іздеп тантыма - а


Аз күн әуре несі іс? - б
Өзіңнің қара артыңа, - а
Өткен өмір бейне түс. - б.
Халық қазынасы өлеңі

Елім менің жерге бай, - а


Айдынды шалқар көлге бай, - а
Төрт түлігі мыңғырған, - б
Тауы тола кенге бай. –а (Қара өлең ұйқас)

Текежаумыт айғырдың - а


Арғымақ туған баласы, -ә
Колхозды елдің қымызға- б
Иіндей толған сабасы.-в
Алматыдан андыздай- г (Ерікті ұйқас)


Ереулі атқа ер салмай өлеңі

Ереулі атқа ер салмай,


Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай. (Шұбыртпалы ұйқас)


Бойы бұлғаң өлеңі

Бойы бұлғаң,


Сөзі жылмаң,
Кімді көрсем, мен сонан
Қатты састым,
Бетті бастым,
Тұра қаштым жалма-жан. (Егіз ұйқас)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет