56 сұрақ Қазақ халық прозасының хикаят жанры



бет1/3
Дата15.10.2022
өлшемі21,49 Kb.
#43235
  1   2   3
Байланысты:
ХАӘ 56-59 сұрақтар жауабы


56 сұрақ
Қазақ халық прозасының хикаят жанры
Ойымызға дәлел ретінде айтарымыз – бір сюжет негізінде әр түрлі жанрға жататын бірнеше шығарманың жасалуы. Мысалға «Жүсіп пен Зылиханың» хикаятын келтіруге болады. Бұл хикаяттың сюжеті ертегіде де, дастанда да, кейінгі замандағы драмада да баяндалған. Сюжет – біреу, ал жанр – бірнеше. Әр жанр – өзінің композициялық және көркемдік әдісімен бұл сюжетті өзінше жырлаған. Айталық, көне заманда Інжілге (Библияға) енген сюжет жай ғана хикаят, мысал болатын. Кейін ол хикаялық (новеллалық) ертегіге айналды. Орта ғасырда бұл сюжет үлкен дастан болып жырланды. Осының бәрінде түпкі сюжет сақталған, бірақ бірде ол қарапайым ғана баяндалса, екінші жанрда сюжет көптеген қосымшалар, детальдар, эпизодтармен толығып, көлемді шығарма ретінде көрінеді. Ал енді бір жанрда (мәселен, драмада) сюжет басқа элементтер мен компоненттер арқылы баяндалған. Демек, әр жанр өзіне тиісті әдіспен белгілі сюжетті басқа шығармаға айналдырады.
Мұндай мысалды көптеп келтіруге болады20. Алайда, осы бір ғана «Жүсіп – Зылиха» хикаяты жанрдың әр түрлі болуы сюжетке байланысты емес екендігін дәлелдейді. Жанрдың мұндай болу себебін оның әдісінен іздеу қажет.

57 сұрақ
Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі Қорқыт ата бейнесі
Қорқыт жайындағы аңыз-ертегілер мен мен жырлар қазақ ауыз әдебиетінің өте ертедегі нұсқаларының қатарына жатады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі әйгілі аңыз кейіпкері Қорқыт – Дана – даңғыл ақылгөй ата бейнесінде:

«Ежелден, күн шығыстың бір шетінде,


Атақты Алтай тауының күн бетінде.
Өтіпті Қорқыт атты бір қария,
Ақылгөй адам екен даңғыл дана» деп суреттеледі.

Қорқыт – қазақтың ұлттық музика аспаптары домбыра мен қобызды алғаш рет жасаушы, майталман күйші. Қазақ халқы арасында күні бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан «Қорқыт күйі» делінетін күйлер бар, қазақтың бармағынан бал тамған күйлері осы «Қорқыт күйін» күй бастар етуді дәстүрге айналдырған. Қорқыт өз заманының дарынды жырауы, даңғыл ойшылы болумен қабат, жыршы, күйші және бақсылардың пірі ретінде былай жырланады:


«Жыраудың үлкен пірі – Қорқыт ата,


Атадан барлық бақсы алған бата.
Таңғалып жұрттың бәрі тұрады екен,
Қобызбен Қорқыт ата күй толғаса» .

Қазақ халқының аңыз жырларында айтылуына қарағанда, Қорқыт өз елінің аянышты ауыр халын көріп, қауым халықты мүшкіл халден құтқарып, мәңгі бақи өлмейтін бақытты өмірге жеткізуді аңсайды, осы мақсатпен төңіректің төрт бұрышын кезеді, бірақ, Қорқыт қайда барсада аянышты ауыр жағдайға тап болады: көктемде құлпыра шешек атқан шөптердің күз келісімен сарғайып солғанын, мәуелі ормандардың жапырағы төгіліп, қайғымен қамығып, бас шайқап тұрғанын, бір заманда аспанмен тілдескен асқар таулардың мыжырайып шөгіп бара жатқанын, айдын шалқар көлдердің суы тартылып құрып бара жатқанын көреді. Адамзат, жан-жануардың мұң-зарын естиді, осы мұң-зарды домбыра мен қобызға қосып толғайды. Қорқыт образындағы аса асыл адамгершілік қасиет – оның қара басының қамын күйіттемей, елдің мұңы мен қамын ойлауында.


«Разы ол ен даланы емірентсе,


Толқытып тоқсан толғау күйге шертсе.
Мұңайса мұңға сүңгіп, мұңды кешсе,
Мұңлы ойдан тобыршықтай түйін шешсе.
Қобызын күңірентіп күндіз-түні,
Ойлағаны ел қамы, елдің мұңы.
Жүрмейді ол қарабастың қамын күйіттеп,
Үй-мекен, азық-түлік, мал-мүлік деп» .

Өлім тағдырына қарсы шығып, ажалдан қашқан Қорқыт, жеті ықылым жер жүзін аралап, төңіректің төрт бұрышын кезеді, бірақ, қайда барса да оған арнап көр қазып жатқандарға тап болды, - «қайда барсаң да Қорқыттың көрі» деген сөз осыдан қалған екен.


Ол ең соңында «өмір жолы өлімнен қашу емес» деген қорытындыға келеді де, нағыз өлмес өмірді мәңгі бақи жасайтын халықтың ән-күйінен табады, өмір күйін, көңіл күйін жырлап, адамзат пен табиғатты жадыратады.

Қорқыт жайындағы аңыз-ертегілер мен жырлар – қазақ халқы әдебиетінің тым ертедегі нұсқалары. Онда суреттелген заман белгілері де бұл аңыздардың алғашқы нұсқасы өте ерте заманда жарыққа шыққандығын көрсетеді. «Қорқыт жырында»:


Таңбасыз тай, енсіз қой, жеміс-жидек,


Осыны жеп қарыны тоқ, киімі көк» делінеді.


Әрине тайға басатын таңба мен қойға салатын ен – меншікті мүлік тәртібінің қалыптасуына байланысты жарыққа шыққан, тайдың таңбасыз, қойдың енсіз болуы алғашқы қауымға тән құбылыс.


Қазақ аңыздарындағы Қорқытта шаманизм ұғымы басым, Қорқыттың өлімге қарсы күресіп, мәңгі-бақи өлмейтін бақытты өмірді көксеген утопиялық қиялы ислам дінінің өлім тағдырына сөзсіз бойсұнуды «иман» қатарына қосқан қағидаларымен отаспайды. Бұл сияқты өлімге қарсы күрес, Шумер халқының «Гилкамеш» дастанында да, Сибир түркі халықтары арасына кең таралған «Гірлік хан» әңгімесінде де кездеседі. Бұған қарағанда, Қорқыт аңыздарының алғашқы нұсқасы ислам дінін қабылдаудан бұрын жарыққа шыққан болса керек. Ал «Дада Қорқыт кітабында» кездесетін исламдік ұғымдар түркі тілдес халықтар ислам дінін қабылдағаннан кейін, дастанды көшірушілер жағынан жаңғырылған жамау-жасқаулар сияқты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет