5сынып адебиет



Pdf көрінісі
бет22/679
Дата03.12.2023
өлшемі3,92 Mb.
#133408
түріПоэма
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   679
Байланысты:
5сынып адебиет

8. Синкретизм – 
өнер түрлерінің бірігуі.
9. Айтыс –
синкретті өнер. Ол суырыпсалмалық, ақындық, 
әншілік т.б. бірігуі.
10. Б.Кенжебаев: 
«Қазақ халқы жазба әдебиетінің тарихын 
VIII-IX ғасырлардан бастау керек, содан бергі қазақ жерінде
жасалған, қазаққа ортақ, бір кезде түсінікті болған жазу-сызу-
ларды, жазба әдебиет нұсқаларын зерттеу қажет деп білем».
11. Халел Досмұхамедұлы: 
«Қазақтың жазба әдебиетінің 
нгізін мұсылманша оқыған сауатты ақындар салғаны сөзсіз. 
Сондықтан да жазба әдебиеттің алғашқы үлгілерін халық поэ-
зиясының діни және ғибраттық түрлерінен іздеу кажет»
12. Рәбиға Сыздықова:
«Қазақтың жазба поэзиясының 
алғашқы нышандары Дулат өлендерінен көрінеді».
13. Шығарманың кейіпкері –
көркем шығармада суретте-
летін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ. 
14. Әдеби образ –
шығармадағы көркем бейне.
15. Шығарманың қаһарманы – 
көркем шығармада 
жан-жақты толық суреттелетін, негізгі тұлға басты кейіпкер 
болады.
16. Әдеби жанрлар (французша genre - түр, тек, жанр) –
ауызша және жазбаша жазылған көркем шығармалардың түрі. 
Шығарма жанры 
мазмұнына, құрылысына, композициясына 
және түріне 
қарай анықталады.
17. Шығарманың тақырыбы –
көркем шығармаға негіз, арқау 
болған өмір құбылыстарының түйіні.
18. Шығарманың идеясы (грекше idea - түсінік, елес, 
бейне) –
шығарманы жазған автордың айтайын деген негізгі 
ойы.
19. Шығарманың мазмұны - 
шығарманың шындыққа негіздел-
ген тақырыбы мен идеясы.
20. Шығарманың пішіні –
әдеби қаһармандардың өзара қа-
рым-қатынасына, өміріне, тағдыр тартысына негізделген 
сюжеті, көркем шығарманың тілі.
21. Шығарманың түрі –
шығарманың жанрына қарай анықта-
луы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   679




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет