8. Синкретизм – өнер түрлерінің бірігуі.
9. Айтыс – синкретті өнер. Ол суырыпсалмалық, ақындық,
әншілік т.б. бірігуі.
10. Б.Кенжебаев: «Қазақ халқы жазба әдебиетінің тарихын
VIII-IX ғасырлардан бастау керек, содан бергі қазақ жерінде
жасалған, қазаққа ортақ, бір кезде түсінікті болған жазу-сызу-
ларды, жазба әдебиет нұсқаларын зерттеу қажет деп білем».
11. Халел Досмұхамедұлы: «Қазақтың жазба әдебиетінің
нгізін мұсылманша оқыған сауатты ақындар салғаны сөзсіз.
Сондықтан да жазба әдебиеттің алғашқы үлгілерін халық поэ-
зиясының діни және ғибраттық түрлерінен іздеу кажет»
12. Рәбиға Сыздықова: «Қазақтың жазба поэзиясының
алғашқы нышандары Дулат өлендерінен көрінеді».
13. Шығарманың кейіпкері – көркем шығармада суретте-
летін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ.
14. Әдеби образ – шығармадағы көркем бейне.
15. Шығарманың қаһарманы – көркем шығармада
жан-жақты толық суреттелетін, негізгі тұлға басты кейіпкер
болады.
16. Әдеби жанрлар (французша genre - түр, тек, жанр) – ауызша және жазбаша жазылған көркем шығармалардың түрі.
Шығарма жанры
мазмұнына, құрылысына, композициясына және түріне қарай анықталады.
17. Шығарманың тақырыбы – көркем шығармаға негіз, арқау
болған өмір құбылыстарының түйіні.
18. Шығарманың идеясы (грекше idea - түсінік, елес, бейне) – шығарманы жазған автордың айтайын деген негізгі
ойы.
19. Шығарманың мазмұны - шығарманың шындыққа негіздел-
ген тақырыбы мен идеясы.
20. Шығарманың пішіні – әдеби қаһармандардың өзара қа-
рым-қатынасына, өміріне, тағдыр тартысына негізделген
сюжеті, көркем шығарманың тілі.
21. Шығарманың түрі – шығарманың жанрына қарай анықта-
луы.