Ертегілер 27. Ертегілер – өте ерте заманда пайда болған ауыз әдеби-
етінің ең көне жанры, қиялдан туған шытырман оқиғалы, қы-
зықты әңгіме.
28. Қазақ ертегілері өзінің тақырыбы мен мазмұнына байла-
нысты
қиял-ғажайып ертегілер, хайуанаттар туралы ерте- гілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.
29. Қиял-ғажайып ертегілер:
«Керқұла атты Кендебай», «Ер Төстік», «Алтын сақа», «Тас болған шаһар» және т.б. 30. Хайуанаттар туралы ертегілер: «Арыстан, қасқыр, түлкі»,
«Аю, түлкі және арыстан», «Түлкі мен ешкі» және т.б.
31. Шыншыл ертегілер:
«Аяз би», «Айлалы тазша», «Дүмше молда» және т.б. 32. Шыншыл ертегілердің бір саласы –
тұрмыс-салт ерте-
гілері.
33. Тұрмыс-салт ертегілеріне:
«Бозінген», «Арыстан мен кісі», «Аю, түлкі және қойшы» сияқты шағын ертегілер жатады. 34. Ертекші – ертегіні айтушы адам.
35. А.В.Сухомлинский: «Ертегі – халық мәдениетінің, рухани
байлығын, оны тану арқылы бала туған халқын жүрегімен та-
нып-біледі».
36. Кендебайдың тұлпары: Керқұла.
37. Лирика. Лирикалық шығармада, негізінен алғанда, жеке
адамның көңіл күйі, сезімі суреттеледі. Ақын көбінесе өз
жайын, өзінің айналадағы өмірге, әртүрлі құбылыс, жағдай-
ларға көзқарасын сипаттайды.
38. Драма (грекше drama - қимыл-әрекет) – сахнаға арналған
оқиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл күйін
көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.
39. Эпос (грек. евро – сөз, баяндау, әнгіме, өлең) – халық ауыз
әдебиетінің бір саласы; өмір құбылыстарын кең көлемде
қамтып, кейіпкер образын, күрделі оқиғаларды мейлінше мол
беру арқылы суреттеу.
40. ЭПОС – миф, ертегі, аңыз, әңгіме, повесть, поэма, роман