5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығының студенттеріне арналған біртұтас Практика бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата05.12.2022
өлшемі128,59 Kb.
#55060
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4-ші курста өтілетін «Баланың мектептегі алғашқы күні»баланың 
мектептегі алғашқы күндеріндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды және 
оны бақылап, анализдеуді, іс-тәжірибеге белсене қатысуларына жағдай
туғызады,іс-тәжірибе өту кезінде студенттер:
- бірінші сынып оқушыларының мектепке қабылдану ережелерімен жеке
құжаттарымен танысуды;
- бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен біріккен жиналысқа
қатысу, оның өтілуі мен тәсілдерімен, ата-аналарға арналған анкетаны
құрастыруды;
- бірінші сынып оқушыларын медициналық тексеруден өткізуге, жеке
медициналық карталарымен танысуды;
- мектеп пен бала-бақша арасындағы қатынасты;
- балалардың мектепке дайындығының деңгейімен;
- мұғалімнің тапсыруымен көрнекіліктер дайындауды үйренесіздер!
Мұғалімнің бірінші сынып оқушыларымен жүргізілетін мектептегі
алғашқы күндеріндегі жұмыс аспектілеріне назар аударуларыңызды ұсынамыз:
- Білім мерекесінің ұйымдастырылуы мен өтілуіне;
- Мұғалімнің балалармен танысуына;
- Балаларды сыныпқа (парталарға) орналастыруына;
- Бірінші сабақтың өтілу әдіс-тәсіліне;
- Баланың мектепке саяхат жасауына;
- Баланың тамақтануын ұйымдастыруына;
- Сабақ уақытысында сергіту минутын ұйымдастырылуына;
- Сабақ соңында оқушыларды шығарып салуды ұйымдастырылуына.


Өндірістік практикада бастауыш мамандығының студенттері 
кәсіби құзыретін бекіту, кәсіби қызметінің практикалық дағдылары мен 
тәжірибені игеру болып табылады. 
-Өндірістік практиканың негізгі міндеттері:
мамандық бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың 
функциялары мен міндеттерін оқып зерттеу;
- теориялық білімдерді бекіту және бұл негізінде кәсіби машықтарды, 
дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру;
-инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерді 
меңгеру;
-ұйымдастырушылық және кәсіптік тәжірибені игеру
-өз бетінше өз қызметті жоспарлау, әріптестермен пайдалы 
байланыстарды орнату, рольдік кәсіби ұстанымын айқындау, жауапкершілік 
сезімін қалыптастыру машықтарды меңгеру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет