5В010200 – «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы үшін



бет55/67
Дата06.01.2022
өлшемі464 Kb.
#15908
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67
Байланысты:
шамалар

Есеппен жүмыс

1. Түрін анықта.

(екі айырма бойынша белгісіз шаманы табуға берілген есеп)

2. Дайындық жұмысы.

(тұрақты шаманы табуға екі есеп құрастыру)

2.1. Дүкенде бірдей екі орам мата бар еді. Бір орамдағы мата екіншідегіден 24м артық, соған қарай құны да 1440 теңге артық, 1 м мата қанша теңге түрады?

2.2. Бағалары бірдей бірнеше костюм және олардан екеуі артық пальто сатып алыңды. Костюмдерге қарағаңда пальтолар үшін 16600 теңге ақша артық төленді. Бір пальто қанша түрады?

3. Мазмұнымен таныстыру:

Есепте не туралы айтылған? (мата туралы).

Есепте не белгілі? (25 м және 49 м мата сатып алып, екінші орамға 1440 теңге артық төленгені белгілі).

Есепте не белгісіз? (матаның бағасы).

Есеп не сұрайды? (әр орамға қанша теңге ақша төлегені).

4. Талдау:

1440 теңге артық төленгені белгілі болса, онда нені табуга болады? (қанша метр мата артық сатып алынғанын).

Қандай амал қолданамыз? (азайту).

Қанша теңге ақша артық төленгені және метр мата артық сатып алынғандығы белгілі болса, онда нені табуға болады? (1 м матаның бағасын).

Қандай амал қолданамыз? (Бөлу).

Енді есептің сүрағына жауап беруге бола ма? (Болады).

Қандай амал қолданамыз? (Көбейту).


  1. Қысқаша белгілеу. (қысқаша белгілеуін кесте турінде жазамыз).

Бағасы

Саны

Қүны

Бірдей

25 м

49 м


? теңге

?, 1440 тг артық



6. Есептің шешуі жеке амалдар түрінде түсіндіріле отырып жазылады, ал кейінірек түсініктемелер ауызша тұжырымдалады:

Шешуі:


1) 49 - 25 = 24 (м) – 1440 теңгеге сатып алуға болатын мата

2) 1440 : 24 = 60 (тг) – матаның бағасы

3) 60  25 = 1500 (тг) - бірінші орамның құны

4) 60  49 = 2940 (тг) - екінші орамның құны

Жауабы: 11500 теңге және 2940 теңге.

7. Есептің шешуін тексеру жауапта алынған сан мен есептің шартында берілген сан арасындағы сәйкестікті тағайындау тәсілі бойынша орындалады: есептің жауабында алынған сандарды азайту керек, сонда есепте берілген сан шығуы тиіс.

Тексеру:

2940 - 1500 = 1440 (тг)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет