5В010600 Музыкалық білім Пәннің атауы: Музыкалық білім беру әдістемесі



бет8/15
Дата20.10.2022
өлшемі0,97 Mb.
#44452
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Мақсаты:
1. Мектептің бастауыш сыныптарындағы музыкалық білім берудің әдістемесі, психофизиологиялық қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеру.
2. Орта сыныптардағы музыка сауықтарының бағыты. Көркем шығармашылық үрлістердің негізгі түрлерін іске асыру.
3. Оқушылардың жалпы және музыкалық дамуындағы жас ерекшеліктер.
Бастауыш сыныптар оқушыларына арнап іріктелген репертуарды талдау барысындағы кез-келген халық әні оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуде «Ән мен күй - халық қазынасы» атты басты тақырыпты ашып, ашық дидактикалық бағыттылықты көрсетеді.
Екінші сыныптың ән репертуарын таңдауда бірізділік принципін жүзеге асырудың маңызды критерийі болып, және де келесі жағдайларды ескере отырып, халық әндерінің мақсаттальш енгізілуі тиіс:
1. Музыкалық материал оқушылардың ән мәдениетін әрі қарай жетілдіруге, олардың ішкі есту қабілетінің дамуына яғни «ойша» әуеннің үнділігін келтіру біліктілігін дамытуға жағдай жасау қажет.
2. Халық әндері өнегелі және эстетикалық тәрбиелеуде тереңірек мүмкіндіктерді, білімді нығайтуды, жаңа танымдық міндеттер үйлесімімен өтілген материалды қайталау негізінде ой-өрісті кеңейтуді қамтамасыз ету қажет. Музыкалық фольклордың ән репертуарын іріктеудегі негізгі міндет олардың мазмұны мен сипаты тұрғысынан жан-жақты болу болып табылады: «Ақ сиса», «Ортеке», «Боз жорға» және т.б.
Үшінші сыныпқа арналған ән фольклорының репертуарын іріктеу келесі талаптарға сай болу керек:
- музыкалық мәнерлілік құралдарды талдаумен қамтамасыз ету;
- барлық диапазондағы тембрге туралап сазды, әдемі, дыбыстар дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау;
- кейбір әндерде екі дауыспен айту элементтерін орындалу мүмкіндігі ескертілуі қажет.
- тындау және орындау үшін көркемдік және педагогикалық мақсатқа сай ұсынылатын шығармалар сипаты бойынша түрлі болу керек. Халық әндеріне «Жар-жар, «Елім-ай», «Гәкку» және т.б. жатқызылады.
Жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып балаларының музыка сабақтарындағы музыкалық-әншілік тәрбиеге арналған педагогикалық репертуарды іріктеу принципінің негізгі сипаты осындай көрініс алады.
Бастапқы үш сыныптың музыка сабақтарында репертуарды іріктеуде келесі екі тәсілді ескеру қажет: әрі қарай қозғалуға қажет тез темпке көшу оңай материал негізінде міндеттерді шешеді, ал төртінші сыныпта ұсынылған қиынырақ материалдағы, І—III сыныптарға арналған бағдарламада белгіленген, балалар бойында жоқтың қасы түйінді білімдер және дағдылармен бірізділікпен және біртіндеп жұмыс жасау. Бул принцип кез-келген бағдарламадағы жұмыс бойынша өзінің маңыздылығын сактайды.
Орта сыныптардағы вокалдық-хор жұмысы өзіндік қиындық туғызатынын айта кеткен жөн. Бастауыш сыныптарда қалыптастырылатын ән дағдыларының болмауы оқушылардың қиынырақ репертуарды орындай алмауына, ал ол репертуардың қызығушылықсыз орындауына әкеліп соқтырады. Осыған байланысты әншілік репертуардың дұрыс іріктелуі: жаттығулар мен әндер - алғашқы міндет болып табылады. Алтыншы сыныпта оқушылардың жас ерекшеліктері тек ән айтуда ғана емес, негізінен музыка сабақтарындағы оқушылардың тәртіптерінен де байқалады: -әмоционалдық қозу әсерінде, қызығушылықтың тез жоғалуы, «есеюге» ұмтылу, «қалау» және «істей алу» арасындағы алшақтау болатын өмірлік тәжірибенің жоқтығында. Осы оқытудың өмірмен байланысы принципімен тығыз байланыстағы әмоциялық пен саналылықтың бірлігі принципі оқушылардың тәжірибесіне сүйенетіндігін ескереді.
Оқушылардың рухани мәдениетінің маңызы және оның барлық ажырамайтын бөлігі ретінде музыкалық мәдениетін қалыптастыру.
Оқушылардың музыкалық ой-өрісін кеңейте отырып, оларға музыка мен өмірдің, сонымен қатар өнердің басқа түрлерімен тығыз байланысын көрсете отырьш, ол музыканы толық та терең қабылдауға көмектесетін білім, білік және дағдыларды оқушылар бойына қалыптастырып және мақсаттап оқытады.
Оқыту үрдісіндегі оқушылар мен оқытушының өзара әрекеттестігінің сипаты мен жолдары дидактикадағы құштарлық пен қызығушылық принципінде көрінісін табады. Д.Б.Кабалевский құштарлық пен қызығушылықты музыкалық педагогикадағы негізгі принциптердің бірі ретінде белгілейді.
Құштарлық пен қызығушылық принципі сабақта жүргізілетін ойын үрдісінде байқалады.
Ойын бала тәрбиесінде таптырмайтын құрал. Ол баланың психологиялық дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына, жігер, қайрат, ұстамдылық, қызығушылық сияқты қасиетеріне әсер етіп дамытады
Музыкалық білімді кең мағынада қарастырсақ, ол музыкалық шығарманың мазмұны мен талдауына қатысты мәселелердің барлығын қамтиды. Бұл жұмыстар, әрине, музыкалық шығарманы талдаумен тығыз байланыста қарастырыльш, үйрену барысында бірден-бір мақсатқа айналып ғана қоймай, музыканың мазмұнына неғұрлым терең байлауға игі ықпал етуге тиіс. Бұл үшін мұғалім ертеңгі мектепке дайын болуы тиіс және күні бүрын нақтылы білім қорын жинауы керек.
Музыка мұғалімі - өз пәнін, оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашылық еңбек ететін, педагогикалық шегберлігін үнемі жетілдіретін маман. Педагогикалық шеберлік - кейбіреулерге ғана табиғаттың таңдап берген сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құмарлығынан туындайтын іс- әрекеттерінің жиынтығы.
Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық салаларына да өте қажет, ал "музыка" пәні мұғалімі үшін ол - ұстаздың дарындылыққа жетудің жолы, педагогикалық еңбекте шешуші орын алады.
Музыканы сауатты оқыту әдістемесі тұтас алғанда музыкалық оқытудың міндеттеріне сай болу керек. Көркемдік талғамы бар, музыканы сүйетін, оны жанымен түсінетін, музыкалық өмірге белсене араласатын білімді адам дайындау - мектептің міндеті. Сабақта қолданылатын музыкалык материалдық таңдай білудің маңызы зор.
Өйткені сол шығармалар арқылы балалар өмірдің сан-қилы оқиғаларынан мағлұмат алып, музыкалық материалдар уақыт өткен сайын өзгеріп, толықтырылып отырады.
Музыка туралы әңгіме тыңдай отырып балалар композитордың өмірі, шыгармашыльтғымен танысады. Осылайша музыкаға деген кызығушылығы, әмоциялық көзқарасы қалыптасады және шығарманың мәнерлік кұралдары болатынын ажырата алатын болады.
Музыкалық білім берудің әдістемесі педагогика ғылымы ретінде жалпы педагогиканың заңдылықтарына және дидактикалық принциптеріне сүйенеді. Музыкалық білім берудің әдістемесінің негізіне жататын принциптер: тәрбиелеп оқыту, жүйелік пен бірізділік, көрнекілік, түсініктілік, беріктік.
Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогикалық тәжірибенің қорытындысы ретінде дидактика принциптерін қолдану қүралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай қальштасқан белігілі ережелерге сүйе-ніп мақсат-міндеттерін іске асырады.
Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыстырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады.
Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау үстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалык ережелерді типтік, стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық принциптерге сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетері сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет