5В010600 Музыкалық білім Пәннің атауы: Музыкалық білім беру әдістемесі


Пәнді оқытудағы педагогикалық тәсілдер



бет5/15
Дата20.10.2022
өлшемі0,97 Mb.
#44452
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Пәнді оқытудағы педагогикалық тәсілдер:
  • музыкалық-шулы аспаптарда ойнау, әндету, музыканы тыңдау және қабылдау, шығарма жазу, суырып-салмалық орындау, эксперимент жүргізу, музыка жазу үдерістеріне оқушыларды белсенді қатыстыру;
  • оқу үдерісін белсендіру тәсілі ретінде музыкалық шығармалар мен оқушының музыкалық жұмысына мән беріп, талдау және бағалау;
  • жаңадан бастап жүрген музыкант ретінде өзінің жеке тәжірибесін жинақтау арқылы пәндік білім мен дағдыларын дамыту;
  • оқушылардың сын тұрғысынан ойлау мүмкіндігін дамыту мақсатында және ерекше шешімдер қабылдау тиімділігі үшін оқу үдерісінде проблемалық жағдайларды пайдалану;
  • оқушылардың білімін қолдайтын, ынталандыратын және мадақтайтын түрлі іс-әрекеттерді қолдану;
  • білімді дербестікпен табу үшін оқушылардың мотивациясын қалыптастыру;
  • жаңа идеяларды іздестіру және пайдалану, әртүрлі көзқарастарды қарастыру;
  • оқушыларға оқу кезеңінде қай сатыда екенін және одан әрі даму үшін қандай қадамдар қабылдау қажет екенін түсінуге көмектесетін әртүрлі бағалау тәсілдерін пайдалану;
  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерні ашу үшін және сенімді шешім қабылдауын қолдау мақсатында түрлі жағдайларды модельдеу;;
  • шабыт пен ынта беретін оқыту ортасын құру мақсатында оқытуды жіктеп, саралау;
  • пәнаралық кіріктіру;
  • музыкалық-шығармашылық іс-әрекеттерді әрі қарай ынталандыру мақсатында оқушылардың өз ойларын жеткізуіне және жұмыстарын көрсетіп, ұсынуына жағдай жасау.

Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Музыкалық білім берудегі әдістердің спицификасын анықтаңыз.
2. Музыкалық білім беруде әсерлендіру, таңдандыру әдісі дегеніміз не?
3. Музыкалық білім беруде мәнерлеп орындау, сөздік орындау дегенімізді қалай түсінесіз?
4. Музыкалық білім беруде үйрету, ойын, салыстыру әдістерін анықтаңыз.
  • Музыка сабағында әсерлендіру әдісін қолданудың жолдары.

  • 6. Музыка сабағында таңдандыру әдісін қолданудың жолдары.
    7. Музыка сабағында мәнерлеп орындау әдісін қолданудың жолдары.
  • Музыка сабағында сөздік орындау әдісін қолданудың жолдары.
  • Музыка сабағында үйрету әдістерін қолданудың жолдары.
  • Музыка сабағында көрнекі құралдар қолдану әдістері.
  • Музыка сабағында ойын әдістері н қолданудың жолдары.
  • Музыка сабағында көрсету мен есіттіру әдістері
  • Музыка сабағында салыстыру әдістерін қолданудың жолдары.

  • 14. Музыка сабағында проблемалық әдісін қолданудың жолдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет