5В011100 – «Информатика» мамандығының студенттеріне арналған біртұтас Практика бағдарламасы


Сабақты жоспарлаудағы ұстанатын басты ережелер



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата19.06.2023
өлшемі123,21 Kb.
#102415
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Приложение 3. Практика бағдарламалары

3.5 Сабақты жоспарлаудағы ұстанатын басты ережелер
1. Сабақ құрылысында тәрбиелік және дидактикалық мақсаттар қойылуы тиіс.
Сабақтың өткізу түрі анықталуы тиіс және бүгінгі сабақ өткен сабақпен байланысты болуы
тиіс.
2. Сабақты дайындау және ұйымдастыру кезінде келесідей талаптар қойылады: -
жоспарлау, қажетті құралдар мен жабдықтардың түрлері мен сандарын анықтау,
оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмаларының түрлерін анықтау.
3. Сабақтың мазмұны мен оқытуға келесі талаптар қойылады: - тәрбиелік маңызы,
табиғатқа сүйіспеншілік тудыру, ізденуге талпындыруы қажет.
4. Сабақ жүргізу техникасына келесі талаптар қойылады: - дауыс ырғағын пайдалану,
оқушылар шаршаған кезде демлауға ыңғайлы педагогикалық әдісті қарастыру, ойын және
тапсырмалық сабақ әдістерін қарастыру.
 3.6 Практиканттың мінездемесінде көрсетілетін басты мағлұматтар
1. Студенттің қай мектепте практика өткені туралы мәлімет.
2. Практика кезінде өткізілген сабақтар саны.
3. Мұғалімнің орнына және көмекшісі ретінде қанша сабақ өткізілді.
4. Студенттің информатика пәні бойынша мектеп бағдарлмасын және әдістемелік
негіздерін меңгеру дәрежесі туралы мәлімет.
5. Жұмысты жоспарлау және конспектілер түзудегі икемі туралы мәлімет.
6. Информатика мұғалімінің іс әрекетіне сипаттама беру және бағалау.
7. Информатика пәні бойынша сыныптан тыс орындалған сабақтардың саны мен
сапасы туралы мәлімет.
8. Студенттің жауапкершілігі туралы мәлімет.
3.7  Практика жөнінде есеп беру құжаттар тізімі
1. Күнделік
2. Күнтізбелік сабақ жоспары.
3. Күнделікті сабақ жоспары.
4. Тәрбие сағат жоспары.
5. Ашық сабақ жоспары.
6. Мінездеме.
7. Ашық тәрбие сағаты.
8. Күнделік дәптер.
9. Көрнекіліктер.
3.8. Студенттің практика кезіндегі жеке-өзіндік тапсырмаларды орындауға
әдістемелі нұсқау.
Студенттің жеке тапсырмасы оның жалпы мамандық туралы көз қарасы мен біліктілігін
жетілдіру және зерттеулік қабідетін арттыру мақсатында беріледі.


Студент педагогикалық практика кезінде мектептегі оқу үрдісіне зерттеулік көз
қараспен қарайды. Оқу үрдісінің қойылу тиімділігі, сапасы, тәрбиелік жұмыстардың
уақытылы және тиімді жүргізілуіне, оқушылырдың білім деңгейіне, мектептегі
мұғалімдердің педагогикалық іс-тәжірибелеріндегі маңызды нәтижелерге және
қолданылатын жаңа оқыту технологияларының іске асуына өзіндік баға береді. Студент
практика нәтижесінде мектептегі оқу ісінің тиімділігін арттыру туралы өз пікірін білдіреді.
Мектептегі оқу үрдісінің көрнекілік материалдармен және құрал-жабдықтармен
қамтамасыз етелу дәрежесіне, сабақ өту барысындағы жаңа және алджыңғы педагогикалық
әдістемелер мен тәсілдердің пайдалануына аса көңіл аударады.
Пән бағдарламасы мен сабаққа арналғанарнайы әдістемелік құралдардың жеткіліктігіне
және зертханалық жұмыстардың қойылу сапасына мән береді.
Аса маңызды сәт болып мектептегі оқушылыардың сабаққа деген қызығушылығын
арттырудағы жаңа инновациялық оқыту технологияларының меңгерілуі саналады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарды атқаруына қажетті әдістемелік материалдардың мөлшері
мен жұмыстардың атқарылу сапасына баға береді. биология пәні бойынша біліктілікті көтеру
және табиғатты сүйю бағытында орындалатын жеке жұмыстар мен информатикалық
кештердің сапасын бағалайды.
Барлық байқаған жетістіктерді күнделікке жазып практика туралы есеп кезінде
баяндайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет