Бақылау сұрақтары:
Вертуалды саяхат?
Мультимедиалық технологиялар?
Тестік технология?
Виртуальды семинарлар мен консультациялар?
Оқыту орталары?
Дәріс 3.
Тақырыбы: Оқытудағы АКТ дамуының кезеңдері.
Мақсаты: Оқытудағы АКТ дамуының кезеңдерін үйрену. Олардың заңдылықтарын білу. АКТ құралдары мен оқыту жандандыру.
Олардың заңдылықтары.
АКТ құралдары мен оқыту жандандыру
Оқытудың ақпараттық технологиясы-бұл ақпаратпен жұмыс істеуге арналған арнайы тәсілдер, программалық және техникалық құралдары(аудио, бейне құралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) пайдаланылатын педагогикалық технология.
Қазіргі уақытта оқу пәндері бойынша электронды оқу басылымдары жасалып, пайдалануда, олар оқу әдістемелік материалдар (демонстрациялық, теориялық, практикалық және бақылау) кешенін, сондай-ақ оқыту процесін басқаратын компьютерлік программаларды қамтиды.
Электрондық оқу басылымдарына оқу әдістемелік материалдардың төмендегідей электрондық нұсқалары жатады:
-иллюстрациялық сипаттағы компьютерлік презентациялар;
-электрондық сөздік-анықтамалық және оқулықтар;
-шынайы процестердегі модельдеу мүмкіндігі бар зертханалық практикумдер;
-жаттықтырушы программалар;
-тест жүйелері.
Электрондық басылымы-программалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат-магниттік, оптикалық –тасымалдаушысына (CD-ROM,DVD RW және т.б.) орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа да ақпараттар жиынтығы.
Электрондық оқу құралы-құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар, есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқалар, практикумдар, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түрінде мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.
Электрондық оқу басылымы-оқытуды және білім бақылауды автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендіріліп, сонымен қатар, шығу траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртүрлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін электрондық басылым.
Элетрондық оқулық-құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.
Электрондық оқу құралы-бұл оқулықты жекелей немесе толық алмастыратын немесе толықтыратын, басылымның осы түрі үшін арнайы бекітілген электрондық баслым.
Мультимедия технологиясы (ағылшынша-көп компонентті орта) мәтін, графика және бейне мультипликацияны пайдалануға мүмкіндік береді, оқу процесіндегі компьютердің қолдану саласын кеңейту.
Мультимедиа-бұл әртүрлі формада (мәтін,графика,дыбыс,бейне,анимация) берілген ақпаратты біріктіруге мүмкіндік беретін және онымен интерактивті режимде жұмыс істеуге болатын компьютердің ақпараттық және программалық құралдар кешені.
Достарыңызбен бөлісу: |