Ауқымды желі internet ауқымды ақпарат көлеміне кіру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Көптеген сарапшылар internet технологиясын дербес компьютердің пайда болуынан туындайтын революциялық қопарылыс ретінде қарастырылады.
E-mail, электрондық почта-электрондық хаттарды жіберу және қабылдау, желі абоненттеріне шолу, мәліметтер және басқа да анықтамалық материалдар жіберуге болатын ақпараттық қызмет көрсету жөнінде тұтастай қызметтер сериясы.
Телекон ференциялар-үлкен қашықтықта орналасқан адамдар қатыса алатын, талқылау материалдарын алу және жіберу технологиясы.
Электрондық почта, ауқымды, аймақтық және жергелікті желі байланысын қамтитын телекоммуникация құралдары, оқыту мақсатында кең мүмкіндіктер бере алады:әртүрлі қашықтықта кез келген көлемдегі және әртүрлі ақпараттарды жылдам тарату; интерактивтілік және жылдам кері байланыс; әртүрлі ақпарат көзіне кіру мүмкіндігі; бірлескен телекоммуникациялық жобаларды ұйымдастыру, кез келген қызықтыратын мәселе бойынша ақпаратқа электрондық конференция жүйесі арқылы сұраныс жасау.
Дистанциялық оқыту технологиясы Компьютерлік телекоммуникациялы тиімді кері байланысты қамтамасыз етеді, ол әрі оқу материалын, әр оқушылармен қарым қатынасты (электрондық почта, телеконференция арқылы) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Қашықтықтан мұндай оқыту дистанциялық оқыту деген атауға ие болды.
Дистанциялық білім беру жүйесі деп арнайы ақпараттық білім беру ортасының көмегімен ақапарат алмасу құралдарының қызметіне бағытталған кез келген қашықтықта халыққа ұсынылатын білім беру қызметін түсінеміз.
Оқытудың мұндай түрін құру идеясы компьютерлік технологиялар кеңінен таралғанға дейін пайда болды. Қашықтықтан оқытудын тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады.
Әрбір кезеңнің сипаттамасы оқушылар мен мұғалімді байланыстыратын коммуникациялық база болып есептеледі. Бірінші кезеңнің коммуникациялық базасын әдеттегі почта атқарды, ол корреспонденция алмасу арқылы жүзеге асты. Радио, теледидар, аудио және бейне техникалардын таралуымен дистанциялық оқытудың екінші кезеңі анықталады.
Дистанциялық оқытудың бірінші және екінші кезеңдері оқытушымен оқушылардын арасындағы асинхронды байланыспен сипатталды. Интерактивті коммуникациялық технологияларды дамуы дистанциялық оқытудың үшінші буынының базасын қалыптастырады. Бұл кезеңде ақпарат алмасу негізінен синхронды болып табылады, яғни ақпарат алмасу шынайы уақыт режимінде жүзеге асты.
Дистанциялық білім берудің педагогикалық – психологиялық негіздерін жеке мәселелері: ұйымдастырушылық, әдістемелік, технологиялық аспектілері ғалым, мамандардың зерттелуінде қарастырылады, олардын әр қайсысы өз кезегінде дистанциялық оқытудың идеясын педагогикалық практикаға еңгізу, ғылыми зерттеулерді, ұйымдастырумен үгіттеуге өз үлестерің қосты: А.А.Андреев, Д.М.Джусубалиева, А.А.Дувонов, В.А.Каймин, В.Г.Кенелев, Г.К.Нурғалиева, Е.С.Полат, И.В.Роберт, В.П.Техомиров, А.В.Хуторской.
Үйлестірілген класс моделі әр жерде орналасқан бір класс, оқушылар тобынын есептелген курсті интерактивті телекоммуникациялық технологиялар кеңейткен жағдайда пайдаланылады.
Өз бетімдік оқыту моделі, оқушыларды аңықталған уақыт кестесі бойынша белгілі бір класс бөлмесінде отыру қажеттілігінен босатумен сипатталды.
Ашық оқыту моделі дистанциялық топтын ішінде оқушылардың қарым – қатынасын ұйымдастыру үшін оқушыға курсті интерактивті телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, өзіне қолайлы жылдамдықпен оқуға мүмкіндік беретін курсты баспа түрінде беретін және басқада құралдары пайдалануын қамтиды.