Тәжірибелік сабақ 3 . Тақырыбы «Электрондық оқулықтар және қашықтық курстары. Виртуалды мектептер.»
Дидактикалық мақсаты: зерттеу.
Ұйымдастыру әдісі: тәжірибелік. Оқыту технологиясы мен әдістері: оқу-әдістемелік жоба.
Студенттерді алдын-ала тапсырманы орындау.
Теориялық мәліметтер Электрондық оқу басылымдарына оқу әдістемелік материалдардың төмендегідей электрондық нұсқалары жатады:
-иллюстрациялық сипаттағы компьютерлік презентациялар;
-электрондық сөздік-анықтамалыр және оқулықтар;
-шынайы процестердегі модельдеу мүмкіндігі бар зертханалық практикумдер;
-жаттықтырушы программалар;
-тест жүйелері.
Электрондық басылымы-прораммалық басқару құралдары мен құжаттамалыры бар және кез келген электрондық ақпарат-магниттік, оптикалық –тасымалдаушысына (CD-ROM,DVD RW және т.б.) орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа да ақпараттар жиынтығы.
Электрондық оқу құралы-құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар, есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқалар, практикумдар, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түрінде мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.
Электрондық оқу басылымы-оқытуды және білім бақылауды автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендіріліп, сонымен қатар, шығу траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртүрлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін электрондық басылым.
Элетрондық оқулық-құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.