5В011200-«Химия» мамандығының студенттеріне арналған «Физикалық химия» пәні бойынша



бет29/52
Дата06.10.2024
өлшемі1,2 Mb.
#146930
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52
Байланысты:
физикалык химия до 1 рк

Термодинамиканың бірінші заңы. Термодинамиканың бірінші заңы (кейде оны термодинамиканың бірінші бастамасы дейді) негізінен энергияның сақталу және оның жылу процестеріне түрлену (айналу) зады болып есептеледі. Демек, ол жылу мен жұмыстың өзгеруіне байланысты. Ал, энергияның сақталу заңы ғылымға көптен белгілі. Өйткені табиғаттың осы заңдылығы макросистемалардағы процестерге де, молекула саны аз қатынасатын өте кішкене системаларға да қолданылады. Ол, әуелі механикадағы жылу мен жұмыс арасындағы қатынастарды зерттеп, анықтау кезінде қалыптасып, бертін магниттік және электрлік энергиялардың байланысын түсіндіру үшін электрлік теорияда колданылды. Осы айтылған екі жағдайда да жылу алмасу қарастырылмай, тек энергияның бір формадан екінші формаға ауысуы ғана алынған.
Макроскопиялык. системалардағы энергияның өзгеруі тәжірибе көрсетіп отырғандай жылу алмасу формасында байқалады және сан түрлі жүмыс түрінде кездеседі. Көптеген әдістер арқылы бір күйден екінші күйге ауысқан жылу мен жұмыстың алгебралық қосындысы өздерінің тұрақты мәнін сактайды, ал процестерде ол нөлге тең. Жүргізілетін тәжірибелер нәтижесінен, термодинамиканың бірінші заңы сипаттауды, дәлелдеуді керек етпейтін жорамал (постулат) екенін көреміз. Осыған сүйеніп системадағы ішкі энергияның қосындысы тек система күйіне ғана тәуелді функция екенін аламыз. Мысалы, жабық системаға белгілі мелшердегі жылу (Q) жібеірілді делік. Бұл жылу жалпы жағдайдағы системаның ішкі энергиясын (U) көбейтуге және сол системаның істеген жұмысына (А) кетеді. Демек, термодинамиканың бірінші заңын былай тұжырымдауға болады: кез келген процестердегі системаныц ішкі энер-гия өсімшесі, осы системага берілген жылу мөлшерінен система атқйрған жұмысты азайтқанға тең:

Бұдан ішкі энергияның өзгеруі процестерді қалай, қандай жолмен жүргізгенге байланысты емес, системаның бастапқы және соңғы күйіне тәуелді екенін көреміз. Бұл, ішкі энергияның система күйінің функциясы екенін дәлелдейді. Егер функцияның мәні күй параметріне ғана байланысты болып, процестің бұрынғы күйімен анықталмаса, онда ол функцияны күй параметріне функциялы деп те айтады. Жылу мен жұмыс мұндай қасиет көрсетпейді, олар система күйінің функциясы емес және процестердің қалай, қандай жолмен жүргізілгеніне тәуелді. Осы айтылғандарды нақтылай түсу үшін, термодинамиканың бірінші заңының дифференциалдық түрін математикалық өрнекпен көрсетейік:

(10) және (11) теңдеулер — термодинамиканың бірінші заңының аналитикалық мәні. Оларды өткен ғасырдың ортасында, бір-бірінен тәуелсіз әуелі Р. Майер, сосын Д. Джоуль ашқан. Алғашында бұл теңдеулер тек механикалық жұмыстарды сипаттауға ғана қолданылған. Бертін келе Г. Гельмгольц оларды жалпы түрге ауыстырды. Бұл теңдеулердегі А кез келген жұмыс түрін көрсетеді. Ал, жалпы жұмыс мөлшері системаға әсер еткен күштердің қосындысының жүргізілген жұмыс жолына көбейтіндісіне тең. Газ өз көлемінің улғаюы кезіндегі жұмыстар жиірек қарастырылады.

мұндағы А'— система көлемі өзгергендегі жұмыс және оны пайдалы жұмыс деп атайды.
Химиялық термодинамикада химиялық өзгеріс кезінде пайдалы жұмыс алудың мәні зор. Мысалы, оқшауланған системаларда жылудың да, жұмыстың да өзгерісі болмайтындықтан, термодинамиканың бірінші заңы былай өрнектеледі: :
(14)
яғни оқшауланған системалардағы ішкі знергия тұрақты шама.
Ашық системалар үшін, ішкі энергияның экстенсивтік шама және оның система массасына байланысты екенін ескерген жөн. Олай болса, термодинамиканың бірінші заңы ашық системалар үшін:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет