Хлор күміс электродындағы потенциал сипатын жаз. Cl-/ AgCl/Ag
Сутекті – оттекті элементтің ЭҚК есепте.
Элементте қандай жағдайда контактілі потенциал болмайды?
Кез – келген гальваникалық элементте үштен артық потенциал секірісі болмайтынын көрсет.
Неліктен мыс тұзына мырыш ұнтағын салғанда мыс бөлінетінін түсіндір.
Күшті тотықтырғышты тап,төрт валентті қорғасын немесе бром, еківалентті мыс немесе иод?
Анионға қатысты электрод болып газды хлорлы Cl-/Cl2, Pt электроды болып табылады. Электродта өтетін реакция теңдеуін және электрод потенциалы теңдеуін жазыңдар.
Каломельді электродта өтетін реакция теңдеуін және электрод потенциалының формуласын жазыңдар.
Стандартты Cd және Cl электродынан жасалған электрохимиялық элемент үшін ЭҚК, электродтың заряд белгісін анықта. Әр электродта өтетін реакция теңдеуін жаз. (диффузиялық потенциалын ескремей).
Hg/HgCl2, HCl/ Cl2, Pt өтетін реакция теңдеуін жаз. ЭҚК анықта. Берілген элемент ЭҚК –ң тұрақтылығына және электролит ертіндінің концентрациясына тәуелсіз екендігіне назар аударыңдар.
Pt, Hg/ HCl, AgCl/ Ag элементтерінің ЭҚК және электрод реакциясының теңдеуін жаз. Сутек қысымы 1-ге тең.
Судан тұратын элементтің схемасын жаз. Зерттелетін ертінді белгісіз рН бар электрод және каломельді электродтың схемасын жаз. 25оС – да каломельді электродтың потенциалы Е= 0,241216-3 –ке тең. Рсу =1 Қолданылған ертіндінің рН -?