5В011200-«Химия» мамандығының студенттеріне арналған «Физикалық химия» пәні бойынша



бет11/52
Дата06.10.2024
өлшемі1,2 Mb.
#146930
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52
Байланысты:
физикалык химия до 1 рк

Тақырып Х: Электрохимиялық кинетика
Сұрақтар:

  1. Фарадей заңы

  2. Электр тогы әсерінен ЭҚК-ң және электродтық потенциалдың өзгеруі.

  3. Электродты поляризация туралы түсінік.Химиялық поляризация. Диффузиялық поляризация.

  4. Шекті ток. Полярография.

  5. А.Н. Фрумкин, Л.И. Антропов нольдік зарядының потенциалы, оның электрохимиялық үрдістердегі ролі.

  6. Сутек және оттек бөлінуінің электрохимиялық кинетикасы, асакернеулік.

  7. Гафель теңдеуі және оның анализі.

  8. Сутекті және оттекті асакернеуліктің теориясы.

  9. Металлдың электрокристаллизациясы. Металл құрылысына электролиз параметрлерінің әсері.

  10. Электрохимиялық тепе- теңдік және металл пассивтілігі В.А. Кистяковский. Ауыспалы тогы әсерінен болатын ерігіштік.

  11. Металлдардың электрохимиялық коррозиясы.

  12. Макро – микроэлементтерінің теориясы. Фрушкин металдарының коррозиясының кинетикалық теориясы.

  13. Гальваникалық элементтер және аккумуляторлар. Қышқылды және сілтілік аккумуляторлар. Жылу элементтері.



Есептер:

  1. 1м CuSO4 және CuCl2 ертінділерінің электролизі кезіндегі минимальді кернеулікті анықта.

  2. 20г NaOH алу үшін 5А ток күшін NaCl ертіндісі арқылы қанша уақыт өткізу керек.

  3. Никельді электродтар 1м NiSO4 ертіндісіне батырылған. Электролиз нәтижесінде 1 сағаттан кейін электродтардың біреуінің массасы1,000 г –ға кеміді. Ток күші нешеге тең? Басқа электродта қандай өзгеріс болады? Реакция теңдеуін жаз.

  4. Келесі сулы ертінділердің электролиз кезінде түзілген өнімді көрсет: 1) H2SO4, 2) Na2SO4, 3) HCl, 4) NaCl, 5) CaCl2, 6) CuSO4, 7) KclO3 , 8) Na3PO4 . Электролиз активті электрод мыспен және инертті электродпен өтеді.

  5. Молярлық концентрациясы 0,05 моль/л күміс нитраты ертіндісінің электролизі кезінде катодта 0,3482г күміс бөлінді. Күміс есебінен катодты кеңістіктегі күміс нитратының кемуі 0,1858 г құрайды. Ag және NO3 иондары үшін тасымалдау санын анықта.

  6. Металдық кальций балқытылған кальций хлоридінің электролизінен алынады.28,8 МКл электр тогы өткен кзде 4,48 кг кальций бөлінді, ток бойынша шығымды есепте. Ваннадағы кернеулік 25В құраса, массасы 1 т кальций алу үшін қанша энергия жұмсалады.

  7. 1080 электр тогы өткенде ертіндіден мысты рафинирлеу кезінде массасы 338 мыс бөлінеді. Ток бойынша шығымды есепте.

  8. Контактыда тұрған судағы мырыш және қалайының коррозиясы кезіндегі өздігінен жүретін реакцияның теңдеуін құрастыр.

  9. Ауада 1м КОН ертіндісінде қалайы бұйымдары бұзылмас үшін, оны қандай металмен қаптайды?

  10. Қорғасынды аккумуляторда мынадай реакция жүреді:

разряд
P bO2(к) + Pb(к) + 2H2SO4(p) 2PbSO4(к)+ 2H2O (ж)


заряд

  1. Аккумуляторда қолдану үшін, реакция қандай талаптарға сай болу керек.

  2. Мына реакция неліктен корғасынды аккумуляторда жүрмейді. Түсіндір.

Pb(к)+ 2H2SO4(p)= PbSO4(к) + Н2

  1. Алдындағы есепте көрсетілгендей PbO2 және H2SO4 әсерлесуінен кристалдық PbSO4 түзілуі мүмкін бе?

  2. Қалыңдығы 0,01мм, беттік ауданы 150см2 затты күміспен қаптау үшін қанша уақыт 1А ток күшін күміс тираты арқылы өткізу қажет?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет