Есептер: 10 м HCl үнемі су қосып отырған кезде электрөткізгіштігі қалай өзгереді?
Электролиттердің тасымалдау санын катиондар мен аниондар тасымалдайтын электртогының мөлшері үлесі ретінде анықтайды. 0,10м KCl ертіндісіндегі Cl тасымалдау саны осы ертіндіде?
0,10 м KCl ертіндісіндегі К+ тасымалдау саны 0,4894 – ке тең. Осы концентрациядағы тұз ертіндісінің мольдік электрөткізгіштігі 128,9 Ом-1см2моль-1 құрайды, К+ ионының мольдік электрөткізгіштігі 128,9 . 0,4894 = 63,08 Ом-1см2моль-1 – ге тең. Cl- ионының мольдік электрөткізгіштігін есепте.
00 С кезінде 0,1м СаСl2- нің сулы ертіндісінің осмостық қысымы 1,35. 103 құрайды. Тұздың диссоциациялану дәрежесін есепте.
Теңіз суын салқындатқан кезде мұздың бірінші кристаллдары –2,2 °C кезінде пайда болады. Осы температурада қататын NaCl ертіндісінің концентрациясын есепте.
1,7 г цинк хлориді ертіндісі 250 г суда 0,240С кезінде қатады. КН2О = 1,86. Осы ертіндідегі тұздың диссоциациялану дәрежесін есепте.
0,01 молярлы тұз ертінділерінің иондық күшін есепте: AlCl3,Na3PO4,K4[FeCN]6, Mg(PO4)2, Mg2[FeCN]6, NaPO4.
1 литрдегі 0,002 моль CaCl2 және 0,003 моль Ca(NO3)2 иондық күшін, Ca ионының активтілігін коэффициентін және оның ертіндідегі активтілігін есепте.
Әлсіз бірнегізді қышқылдың диссоциациялану константасын есепте, егер 0,01м ертіндіде оның рН = 4 –ке тең.
48,5 мл 0,2 м калий хлориді ертіндісінен дайындалған ертіндінің рН 1,0 – ге тең. 48,5 мл 0,2м HCl және 25мл судан тұратын ертіндінің рН есепте және бірінші ертінді неліктен буферлік қасиет көрсетеді,түсіндір.
180 г судағы 5 г натрий гидрокидін ерітілді, 1000C кезіндегі ертінді бетіндегі қаныққан су буының қысымын есепте. Ықтимал диссоциациялану дәрежесі 0,8 – ге тең.
1 л ертіндіде еріген заттың 2,18. 1023 бөлшектері (молекулалар мен иондар) болса, 0,2 м электролит ертінділердің изотондық коэффициентін анықта.
Құрамында 0,1 моль/л CH3COONa бар 0,1 мсірке қышқылы ерітіндісінің рН мәнін есептеңдер. Иондардың активтілік коэффициентін бірге тең деп алыңдар.