«5В020100 – философия» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет35/190
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#85098
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   190
Антикалық философия 
Ежелгі Греция философиясының генезисі. Экономикалық қатынастар 
еркіндігі – рухани мәдениеттің өркендеу негізі. Ежелгі грек полисінің 
өміріндегі философияның айқындаушы рөлі. Философияның Милет мектебі. 
Фалес, Анаксимандр, Анаксименнің натурфилософиялық ілімдері және 
Еуропа ғылымы мен философиясының қалыптасуы.  
Элея мектебі. Парменид: Ғалам туралы көзқарастар. Ксенофанның 
дүние туралы түсініктеріндегі пантеизм бастаулары. Эфестік Гераклит 
философиясындағы қайшылықтар рөлі туралы түсінік. Антикалық 
философиядағы атомизм. Эмпедокл «барлық заттардың тамыры» болып 
табылатын төрт стихия туралы. Анаксагор: табиғат – мәңгі және өте ұсақ 
бөлшектердің шексіз көптігі. Демокрит: дүние атомдардан және олардың 
қозғалысынан тұрады.
Пифагордың сандар және олардағы сәйкестік туралы ілімі. 
Бүкіләлемдік үйлесім – Құдайдың мінсіздігінің көрінісі. Софистер мектебі. 
Софистер – «даналық ұстаздары». Шешендік өнерді (риториканы) 
мемлекеттік істерде жеңіске жете білу айласы ретінде түсіну. 
Сократ: адам мәселесіне бетбұрыс. Сократтың рационалды этикасы. 
Философия – ізгі қасиетке ие әділ адамды қалыптастыру құралы. Ақиқат 
білімге жетудің Сократ ұсынған әдістері: ирония, майевтика, дефиниция. 
Сократтың логикасы.
Платон: идеялар – ақиқат болмыс. Платонның мінсіз мемлекет туралы 
ілімі. Платонның этикасы. Ізгі қасиеттерді және тұрғындарды жіктеу.
Аристотель философиясының энциклопедизмі. Оның категориялар
материя және формалар туралы ілімі. Аристотель логиканың танымдағы 


40 
әдістемелік маңызы туралы. Жан және ақыл-ой туралы ілім – Аристотель 
этикасының негізі. Адам – саяси мақұлық. 
Грек демократиясының IV ғ. соңындағы дағдарысы және эллинизм 
философиясының қалыптасуы. Мызғымастық және салмақтылық – 
стоиктердің өмірлік мұраты. Адам және оның бақыты – Эпикурдың 
философиялық пайымдауының негізгі нысандары. Гедонизм: өмірдің мәні - 
раҺаттану. Киниктер философиясы– табиғилық пен жеке еркіндікті уағыздау. 
Диогеннің аскетизмі. Сенека философияның адам өміріндегі рөлі туралы. 
Марк Аврелийдің мәңгілік туралы пайымдаулары. Марк Туллий Цицерон 
философиясының практикалық сипаты. Пирронның скептицизмі. Алғашқы 
философ әйел Ипатияны жазалау – адамзат ойы тарихындағы ғажайып 
антика дәуірінің аяқталуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет