«5В020100 – философия» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет74/190
Дата13.02.2023
өлшемі1,65 Mb.
#67430
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   190
Білімнің көздері 
Танымның көздері туралы сауалдар. Жаңа заман философиясындағы 
эмпиризм мен рационализм дилеммасы және танымның көздері туралы 
мәселені шешуге деген ұмтылыс. Материалдылық пен идеалдылық 
дуализміндегі эмпиризм мен рационализм дилеммасын қайта жаңғырту: 
философиялық монизм мен дуализм.
Тәжірибелік шындық пен тәжірибе ұғымдары. Тәжірибе мен білімнің 
арақатынасы. Білімдегі тәжірибенің айналу мүмкіндіктері мәселесі. 
Дәйектілік эмпиризмдегі көп түрлі тәжірибенің шексіз қайта жаңғыруының 
өзіне сәйкестігі ретінде. Дәйектілік рационализм идеясының өзіне сәйкестігі 
мен өзіне өзі айқындығы ретінде.
Білімнің көздері туралы мәселені шешудің Канттық нұсқасы – 
мазмұнды сипат алатын «туа біткен идеялардан» априорлық білімдер 
формасына өту. Канттың «феномендік» және «ноумендік» ұғымдары 
рационалдылық пен сезімділік қатынастар шешілмеген мәселелерді қайта 
жаңғыртудың белгілері. 
Танымдағы фантазия мен қиялдаудың рөлі. Интуиция танымның көзі 
ретінде.
Ақиқат туралы ілім 
Ақиқаттың классикалық тұжырымдамасы және оның мәселелері. 
Ақиқаттың классикалық (корреспонденттік) тұжырымдамасы және 
оның еуропалық рационализм үшін маңызы. Сәйкестілік мәселесі. Білімнің 


83 
келісімділігі және оның шекаралары. Ақиқаттың өлшемі мәселесі. Анықтама 
мен өлшем. 
Ақиқаттың классикалық тұжырымдамасындағы қайшылықтар мен 
парадокстар. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат. Ғылым философиясы 
мен таным теориясындағы айтылу мен айғақтың өзара қатынас мәселесі. 
Айғақтың сенімділігі ақиқаттың өлшемі ретінде. Ақиқаттың когерентті 
тұжырымдамасы айғақ пен айтылуды салыстырудан туған қиыншылықтарды 
жеңудің ұмтылысы ретінде. Когеренттік тұжырымдаманың қайшылықтары. 
Субьект-обьектілік үлгі классикалық және когерентті ақиқаттың негізделуі 
ретінде және оның қайшылықтылығы.
Практиканың маркстік тұжырымдамасы ақиқаттың өлшемі ретінде. 
Маркстік тұжырымдаманың ақиқаттың классикалық тұжырымдамасына тән 
болу деңгейі туралы мәселе.
Таным үдерісінің субьективті және обьективті сипаттамасы: ақиқат пен 
шындық, адасу мен жалғандық. Адасу: оның таным үдерісіндегі рөлі мен 
шығу көзі. 
Ақиқаттың классикалық емес тұжырымдамасы.
Ақиқаттың классикалық емес тұжырымдамасы. Субьект-обьектілік 
негіздемеге құрылған ақиқаттың конструктивті үлгісін игеру ұмтылысы. 
Ақиқаттың прагматикалық тұжырымдамасы. Ақиқат тәжірибелік құндылық 
ретінде. Прагматизмдегі ақиқаттың бар болуының кезеңдері.
Ақиқаттың онтологиялық тұжырымдамасы: М. Хайдеггер, Ж. Деррида. 
Ақиқатты сәйкестік ретінде түйсінуді игеру. М. Хайдеггердегі ақиқаттың 
ауытқымайтындығы. Хайдеггер бойынша ақиқаттың мәнін және болмысты 
ұмыту эволюциясы.
Қазіргі заман философиясындағы ақиқаттың көптүрлілік сипатын 
мойындау. Ақиқат рұқсат берілмегендікті құрудың үздіксіз үдерісі.
Сана 
Сананың мәні мен пайда болуы туралы мәселе. Сананың пайда 
болуының алғышарты. Бейнелеу материяның ортақ қасиеті. Бейнелеудің 
негізгі сатылары. Шартты және шартсыз рефлекстер. Психика түсінігі. Сана 
және ми. Идеалдылық адамның әлеуметтік болмысымен шартталған сананың 
басты және сипатты белгісі ретінде. Қоғамдық пен жеке сананың 
арақатынасы мәселесі. Психоанализдегі саналылық пен бейсаналылықтың 
арақатынасы туралы түсінік. Сана және өзіндік сана. Өзіндік сананың 
қоғамдық және жеке формалары. Дін, ғылым, өнер, философия, құқық 
адамның өзін тануы мен өзіндік санасының формалары ретінде.
Сана және тіл. Тіл адам санасы мен рухани әлемді қалыптастырудың 
құралы ретінде. Тіл – сананың бар болуының тәсілі. Тілдің қоғамдағы орны 
мен оның негізгі қызметтері. Тіл, белгілер жүйесі, рәміз таңбасы мәдени 
мағыналарды тасымалдаушы. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы. 
Табиғи және жасанды тілдер. Практикалық, таңбалы-символдық және ішкі 
«ішкі үнсіздік» формаларының сананы функциялауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет