«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


ТАНЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ (ГНОСЕОЛОГИЯ)



Pdf көрінісі
бет73/190
Дата13.02.2023
өлшемі1,65 Mb.
#67430
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   190
ТАНЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ (ГНОСЕОЛОГИЯ) 
Гносеология – философиялық білімдер кеңістігі
Философия тарихындағы гносеологиялық мәселелердің ролі мен орны. 
Гносеологияның ерекшеленуі философиялық білімдердің салыстырмалы 
жеке аймағы ретінде. Қазіргі заман философиясындағы гносеологияның 
маңызы туралы бағалаулардың әр түрлілігі. Таным теориясының 
онтолгиямен, тарих философиясымен, әлеуметтік философиямен, эстеткамен, 
этикмен, дін философиясымен, құқық философиясымен өзара байланысы. 
Гносеологияның логикаға, психолои яға, эпистемологияға, лингвистикаға, 
мәдени антропологияға, педагогикаға, инженерлік білімге қатынасы.
Классикалық гносеологияның қалыптасуы және оның негізгі 
қағидалары. Танымдағы субъект-объектілік құрылым. Философия таным 
метафизикасы ретінде. Философияны гносеологизациялау. Рационалдылыққа 
бағдарланған гносеологияның белгілері. Юмның скептицизмі. Канттың 
критицизмі. Жаңа еуропалық мәдениеттегі рационалдылықтан тыс және 
иррационалды тәжірибе мен оның философиялық тұжырымдамалардағы 
ұсынылуы.


82 
Гносеологияның жаңа онтологиялық негіздерін іздеу: классикалық 
емес гносеологияның қалыптасуы. «Рух философиясы» ұстанымы бойынша 
танымдық әрекеттегі субьект-обьектілік негіздемені Гегельдің сынауы. 
Маркстік-лениндік таным теориясындағы тәжірибе онтологиясы. Таным Н. 
Гартманның радикалды онтологизмі ұстынымы аясында болмыстық қатынас 
ретінде. Отандық бүкіл бірлік философиясындағы танымның өмір ретінде 
түсінілуі мен субьект-обьектілікті ажыратудың терістелуі. ХХ ғасырдағы «тіл 
философиясындағы» онтологиялық және гносеологиялық мәселелердің 
ажырамастығын мойындау.  
Таным – философиялық рефлексия пәні 
Таным теориясы философияның тарауы. Таным табиғаты және оның 
мүмкіндіктері. Білімнің шындыққа қатынасы. Танымның ақиқаттылығы мен 
дәйектіліктің шарты. Адамзаттық өмірлік қызметтердегі танымның шешуші 
ролін мойындайтын тұжырымдамалар (Гуссерль, Ясперс, немістің 
классикалық философиясы). Танымның шешуші рөлін терістейтін 
тұжырымдамалар: 
танымның 
тәжірибеге 
бағынатын 
маркстік 
тұжырымдамасы және оның қазіргі заманғы нұсқалары (Лойфман, Руткевич). 
Адамзаттық қызмет құрылымының тұтастығындағы танымның рөлі мен 
орны туралы философиялық көзқарастар. Таным мен өмір (Ницше). Таным 
мен саналы емес құмарлықтар (Фрейд). Таным мен қатынас (Бубер). Таным 
мен өзі туралы толғаныс (Фуко) және т.б.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет