4. Өндірістік практика туралы қысқаша сипаттама
1. Кәсіпорынның қызметімен танысу
Практика кәсіпорын қызметінің негізгі бағытымен, ӛндірісімен,
технологиясымен танысудан басталады. Кәсіпорын тағайындаған практика
жетекшісі студенттермен таныстыру нұсқауларын бере отырып, шаруашылық
субъектісінің бӛлімдері, цехтары және ӛзге бӛлімшелері бойынша экскурсия
ұйымдастырады. Осыдан кейін практикант, кәсіпорын және оның қызметін
реттейтін Жарғысы мен ӛзге нормативтік құжаттармен танысады.
Шаруашылық субъектісінің құрылу тәртібімен танысады (субъектінің
құқықтық мәртебесін бекітетін құжаттардың кӛшірмелерін тіркейді). Оның
меншік нысанын сипаттайды.
2
.
Шаруашылық субъектінің (кәсіпорынның) экономикалық жұмысын
ұйымдастыру
Кәсіпорынның құрылымын зерттеп үйрену, оны құруға қандай факторлар
әсерін тигізгенін кӛрсету.
Шаруашылық субъектісінің, оның негізгі бӛлімшесінің экономикалық
жұмысын ұйымдастырумен танысу.
Практика базасының материалдары бойынша субъектінің негізгі
әлеуметтік – экономикалық кӛрсеткішін зерттеп үйрену.
Қолданылатын статистика және есеп формаларымен, оларды жасау
тәртібімен танысу, сол деректер негізінде белгілі бір кезең үшін (ай, тоқсан)
статистикалық есеп құру.
Экономист еңбегінің мазмұнын, сипаты мен ерекшеліктерін, сондай-ақ
оның еңбек заты, құралы мен оның кӛлемін зерттеп үйрену. Экономистің
жедел, қағаз басты және шығармашылық жұмысын кӛрсету.
Ұйымның экономикалық қызметінің (жоспарлау– экономикалық
бӛлімінің, бухгалтерияның, қаржы бӛлімінің, маркетинг бӛлімінің және
зерттелетін субъектідегі ӛзге бӛлімдердің) міндеттері мен функцияларын
қарастыру.
Шаруашылық субъектісін басқару құрылымын қарастыру (шаруашылық
субъектісінің ұйымдық құрылымын құрыңдар, функционалдық бӛлімшелер
туралы ереженің, лауазымдық міндеттер бойынша нұсқаулардың кӛшірмелерін
тіркеу).
3. Шаруашылық субъектінің (кәсіпорынның) экономикалық ресурстары
Экономикалық ресурстың жалпы сипаттамасын (материалдық, қаржылық,
еңбек, ақпараттық) зерттеп үйрену.
Ресурстар туралы деректер негізінде келесі кӛрсеткіштерді есептеп
шығару:
а) негізгі қор бойынша анықтау:
оларды пайдаланудың тиімділік кӛрсеткіштерін: қорқайтымдылығын,
қорсыйымдылығын, қоррентабельділігін, қорқарулануын;
қозғалыс кӛрсеткіштерін: негізгі қорды жаңалау коэффициентін, шығу
коэффициентін, негізгі қордың ӛсу коэффициентін, жарамдылық
коэффициентін, тозу коэффициентін;
б) айналым қоры бойынша:
күндер санымен және бір реттік айналым қорының айналымдылығын
анықтау;
в) еңбек ресурсы бойынша еңбек ӛнімділігі кӛрсеткішін есептеу.
4. Шаруашылық субъектісінің (кәсіпорынның) жұмыскерлеріне жалақы
төлеу
Шаруашылық субъектісі кадрларын зерттеп үйрену (практика базасының
аталған материалдарында жұмысқа жалдауды, кадрларды іріктеуді, кадрлар
құрылымын кӛрсету және кадрлар қозғалысы процесін сипаттайтын
кӛрсеткіштер: кадрлардың ағымдылығын, кадрды жұмысқа қабылдау
коэффициентін есептеп шығару.
Жұмыскердің әр түрлі сипатына (бӛлімшелер мысалында) лауазымдық
кесімді ақылар белгілеу тәртібін зерттеп үйрену, оларды белгілеу әдістемесін
кӛрсету, тиісті материалдарды тіркеу.
Практика базасы материалдары бойынша шаруашылық субъектісі
жұмыскерлеріне сыйлық беру және еңбек ақы тӛлеу туралы ережені зерттеп
үйрену (белгілі бір кезең ішінде жұмыскердің әртүрлі сипаттарына жалақының
есептелуін кӛрсету, есептеуді тіркеу) тіркеу және есептесуге түсіндірме беру.
Нақты материалдар негізінде мотивациялық процестің қолданылатын
үлгісін кӛрсетіңдер, оған сипаттама беріңдер
.
Студенттің жеке тапсырмасы. Тәжірибенің қабілеттілгін кӛтеруде әрбір
студент ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша жеке тапсырма орындауы тиіс.
Жеке тапсырма мазмұны арнайы экономист дайындығында анықталады. Бұл
жеке тапсырманы университеттегі практика жетекшісі береді. Бӛлім кӛлемі 5-7
бет.
5. Қорытынды
Мұнда қысқаша қорытынды жасалынады және кәсіпорын қызметінің
нәтижесіне баға беріледі. Бұл бӛлімде студент ӛткен тәжірибесі бойынша
қысқаша ақпараттық есеп береді. Бӛлім кӛлемі 3-5 бет.
6. Қосымшалар
Бұл бӛлім негізгі қағидаларға сәйкес енгізілген есеп бойынша: үлкен
кестелер, графиктер, құжаттар үлгілері тіркеледі.
Есепті дұрыс құру үшін студент әр түрлі теориялық, методологиялы
материалдармен қамтамсыз етілуі тиіс.
7. Есеп беру талабы
Тәжірибе аяқталғанда студенттер кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісінің
мінездемесінің бірге жазбаша есеп ӛткізеді және толық толтырылған тәжірибе
күнделігі.
Тәжірибеден ӛту күнделігі қолмен, сиялы қаламмен жазылады және әр
жұма сайын кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісімен тексеріліп қол қойылады.
Кәсіпорын тәжірибе жетекшісінің қолы мен мӛрі бекітілген: титулдық
бет, мінездеме, күнделік, график ӛткізіледі.есепте тәжірибе уақытында
орындалған барлықжұмыстар тіркелдеі.
1. Есеп барлық компьютерлік жүйеге сай бір ақ бет А4 форматында 1,5
интервалда, шрифт қалыпты, кегль 14. Есептің текстін келесі мӛлшерлерге
байланысты шығарады: сол-3см., жоғары-2,5 см., тӛмен-2 см, оң-1 см.
Шеттен бастан коллонтитул кӛлемі 1,5 см.
2. Барлық есепте кӛрсетілген текстер ЭВМ жүйесінде кестелер толық түрде
шығарылады.
3. Есепте қате табылған жағдайда оған ақ түспен белгілеп береді.
4. Ұйым атауы, ӛнім атауы нақты жазылады есепте.
5. Есептің жүйелік элементтері есеп жүйесінің атаулары болып табылады.
6. Есептерді бӛлімдерге бӛлуге болады.Әрбір бӛлім есебі барлық құжаттарға
байланысты араб цифрларымен нүктесіз абзац пен жазылады. Бӛлімдер
номерленуі тиіс. Әрбір бӛлім 2 және одан жоғары түрде болады.
Мысал
Достарыңызбен бөлісу: |