Мырышпен қорғасынды экономикасы дамыған (АҚШ, Жапония, Германия, сонымен қатар бір қатар дамушы елдер (Қытай,) кеңінен қолданады.
Дүние жүзінде балқытылатын никель өндірісінің 25% Канадада, 20% Ресейде, сонымен қатар Аустралия мен Жаңа Каледония аралында шоғырланған. ХХ ғасырдың соңында оны Куба мен Доминикан Республикасында, Филипинде өндіре бастады. Никель негізінен қоспа металл, ретінде болаттың тоттануға төзімділігін, беріктігін арттыру мақсатында қара металлургияда қолданылады.
Қалайы өндіретін елдерге Оңтүстік-Шығыс Азия мен Латин Америкасы жатады. Қалайы көбнесе ақ қаңылтыр өндірісінде, сонымен қатар, электротехникада кеңінен қолданылады.
Алтын мен күміс өндіру қазіргі кезеңде біршама төмендеп кетті.қымбат бағалы металлдар алтын мен күміс өндіруден ХV-ХVІ ғасырдан бері жетекші орынды Латин Америкасы елдері (Мексика, Чили, Боливия) алып келеді. соңғы 100 жыл бойы ОАР ірі алтын өндіруші болды. Алтынның басым бөлігі Африка елдерінде (Ганада), Ресей мен Өзбекстанда өндіріледі.Қазіргі кезеңде алтын мен күміс тек меншікті кен орындарынан емес, басқа металдармен қатар өндіріледі.
Дүние жүзінде өндірілетін күмістің 2/3 фотохимияда, қалғаны электроникада, аздаған бөлігі зергерлік бұйымдар өндірісінде (жылына 300 тонна шамасында) пайдаланылады.
Алмаз бен бағалы, жартылай бағалы асыл тастарды өнждіру де түсті металлургияға жатады.Алмаз өндіруден дәстүрлі көшбасшыларға Африка елдері (ОАР, Намибия, Ботсвана, Ангола, Конго Демакратиялық Республикасы) жатаджы. ХХ ғасырдың екінші жартысында алмаз өндіру КСРОда (Ресейде), ХХ ғасырдың соңында Аустралияда өндіріле бастады жатге
Өндірілген 94 млн карат алмаздың жартысы кесетін, қайрайтын құрал-жабдықтар жасауға, қалғаны асыл тастан әшекейлік бұйымдар жасауға жұмсалады. Қазіргі кезде қолданылатын алмаздың ¾ бөлігі жасанды. асыл тастан әшекейлік бұйымдар жасайтын Үндістанның, Нидерландтың, Белгия мен Израйлдың шеберлерінде алмазды бұрыштаудың дәстүрі қалыптасқан.
Алмаздың дүние жүзілік нарқына бір ғана сатып алушы Оңтүстік Африка Республикасының «Де Брис» компаниясының болуы тән. Алмаз өндіретін басқа компаниялар өндірген өнімдерін өткізу үшін онымен келісім-шарт жасайды.