5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Азиядағы мұнай экспорттаушы елдердің шаруашылығы



бет96/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Азиядағы мұнай экспорттаушы елдердің шаруашылығы. Бұл елдер тобын Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, БАЭ, Оман, Бахрейн, Иран, Ирак құрайды. Мұнай экспорттаушы елдерде бұл шикізат түрін өндіру жыл сайын артып келеді; Сауд Арабиясы бұл көрсеткіш бойынша дүние жүзінде екінші орын алады. Халық саны көп Иран мен Иракта, Сауд Арабиясында мұнай көп өндірілгенімен, одан түсетін пайданы ұлттық экономика “ сіңіріп” қоятындықтан, жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші салыстырмалы түрде төмен болады. Орасан көп мөлшерде мұнай өндіретін кейбір елдерде халық саны салыстырмалы түде аз. Кувейтте 2004 жылы әр тұрғынға шаққанда 52,3 мұнай өндірілді, бұл дүние жүзі бойынша ең жоғары көрсеткіш. Сол себепті аумақтағы көптеген кіші елдерде жиынтық ішкі өнімінің жан басына шаққандағы көрсеткіші өте жоғары.
Сауд Арабиясында, Кувейт пен Біріккен Араб Әмірлігінде аса ірі мұнай өңдеу және мұнай- химия кешендері, ал Бахрейн мен Катарда жергілікті арзан энергия мен шеттен әкелінген кенді пайдаланып жұмыс істейтін металлургия комбинаттары бар. Соның нәтижесінде елдер шикі мұнайды емес, оны өңдеу барысында алынған өнімдері, алюминий мен болатты экспорттай бастады.
Салыстырмалы түрде мұнайға “ тәуелсіз” дамитын салалар қатарына халықаралық туризм мен қаржы жүйесін жатқызуға болады. Ааралдық Бахрейн араб әлемінің аса ірі қаржы орталығына айналды, мұнай көптеген банктер мен Сауд Арабиясы мұнаймен сатуға негізделген офф – шорлық компаниялар орналасқан. Мұнай қоры таусылуға жақын Бахрейн іс жүзінде мұнай экспорттаушы елдер қатарынан әлдеқашан шығып қалған, дегенмен бұл елдің қазіргі әл- ауқатына мұнай байлығы негіз болған.
Мұнайды өндіру және сыртқа сату қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру мақсатында 1960 жылы арнайы ұйым – ОПЕК құрылған оның штаб пәтері Вена қаласында орналасқан. ОПЕК құрамына БАЭ, Ирак, Иран, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясынан басқа Индонезия , Африкадағы Алжир, Габон, Ливия, Нигерия, Латын Америкасындағы Венесуэла мен Эквадор да енеді. Олардың үлесіне әлемдегі (ТМД елдерін қоспағанда) мұнай экспортының 90 пайызға тиесілі. Парсы шығанағының аса ірі порттарынан жөнелтілетін басты мұнай ағындары Батыс Еуропа мен АҚШ – қа Суэц каналы арқылы өтіп жеткізсе, ірілері Африканы айнала жүзіп барады.
Мұнай экспорттаушы бай монархиялар батыстың экономикасын қаржыландыруда. Қаржыландыруды өсім алу мақсатындағы қаржы салымынан бастаған бұл елдер қазіргі кезде ірі халықаралық қаржы ұйымдары мен ҰАБ құрылымдарының акцияларына бақылау жасау дәрежесіне жетті. Сауд Арабиясының шетелдік инвестициялар көлемі жүздеген миллиард АҚШ долларымен есептеледі. Ал Кувейт “ Бритиш петролеум”, “ Дженерал моторс”, “ Кодак”, “ Мицубиси”, “ IBM” сияқты ондаған британдық, америкалық, жапондық, канадалық компаниялардың акцияларын иемденушілердің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет