АҚШ шаруашылығының салалық құрамы. АҚШ шаруашылығы жедел дамуда, оның үлесіне жалпы дүние жүзінде өндірілетін өнімнің 1/5 бөлігі, өнеркәсіп өнімінің 15%-ы тиеді. АҚІІІ экономикасының даму дәрежесіне нақты баға беруде соңғы жылдары пайдаланылып жүрген бірқатар көрсеткіштер ескеріледі.
Өнеркәсібі. Өнеркәсіп -АҚІП шаруашылығының жетекші саласы: елдегі өнеркәсіп өнімдерінің жалпы құны ауыл шаруашылығы өнімдерінің құнынан 10 еседей артық. АҚШ өнеркәсіп өнімдерін шығару жөнінде дүние жүзінде бірінші орын алады. АҚШ өнеркәсібінің даму деңгейі ете жоғары. Елде металлургия, отын-энергетика, машина жасау өнеркәсібі, автомобиль жасау, электрондық және электр техникасын жасау өнеркәсібі, химия енеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп күшті дамыған.
АҚШ өнеркәсібінің өзекті салалары-металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі. Қара металлургиякәсіпорындарының орналасуы ұзақ уақыт бойы шикізат көздеріне тәуелді болып келді. Аппалач алабының кокстелетін көмірі мен Ұлы көлдер маңындағы темір кен орындары негізінде Чикаго, Кливленд, Питтсбург сияқты осы саланың орталықтары қалыптасты. Соңғы жылдары шикізаттың көршілес елдерден әкелінуі қара металлургия кәсіпорындарының шығыстағы портты қалаларға (Балтимор, Филадельфия) "ығысуына" апарып соқты.2013 жылы АҚШ-де 31,0 млн.т. шойын, 86,9 млн.т. болат балқытылды.
Елдің дүниежүзілік нарықтағы өзіндік сипаты мен орнын айқындайтын дәстүрлі өнеркәсіп саласының бірі — автомобилъ жасау. АҚШ-тағы 125 қалада автомобиль шығарылады. Әсіресе Детройт қаласы ерекше көзге түседі, оны "автомобильдер астанасы" деп те атайды. Мұның өзіндік тарихы бар. АҚШ-тың автомобиль жасау саласында әйгілі "Дженерал моторс", "Крайслер" корпорацияларының да өзіндік орны бар. 2013 жылы АҚШ-да 11,1 млн. дана автокөлік құралдары, 4,37 млн дана автомобиль құрастырылды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, АҚШ-та жаңа, ғылымды көп қажет ететін өнеркәсіп салалары дами бастады. Қазіргі кезде АҚШ авиациялық техника жасаудан дүние жүзінде бірінші, ал телекоммуникациялық жабдықтар мен микросұлбалар жасаудан екінші, ал санды бағдарламалар негізінде басқары-латын станоктар жасаудан үшінші орынды алады.
1971 жылы АҚШ-тағы "Іпіеі" фирмасы дүние жүзінде тұңғыш рет микропроцессорларды қолдануды жүзеге асырды. Бұл жеке компьютерлік техниканың алғашқы үлгілері болатын.
Батыстағы Лос-Анджелес қаласы ғарыштық техника жасау және электроника саласының орталырына айналды. Ғарыштық техника жасауда "Юнайтед технолоджис" компаниясы көзге түседі.. Елдің солтүстік-батысындағы Сиэтл қаласында 1916 жылы "Боинг" фирмасының алғашқы авиациялық зауыты ашылған болатын. Қазіргі кезде мұнда алып "Боинг" ұшағы ғана емес, вагондар мен кемелер, тоңазытқыштар да жасалады. Электрондық техника жасау мегалополистердің барлығында бар. Бұл саладағы жетекші кәсіпорындар — "ІВМ", "Дженерал электрик", "Хьюлетт Паккард" компаниялары.