5В060900 «География» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет28/177
Дата05.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#41559
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   177
Байланысты:
5В060900-География

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 
«Топография геодезия негіздерімен» 5В060900-География мамандығы 
бойынша бакалавр маманын дайындауда негізгі пәндердің бірі болып табылады. 
Курсты оқыту барысында топографиялық жоспарлар мен карталарды 
құрастырудың негізгі әдістері қарастырылады. Топографиялық жоспарлар мен 
карталар құрастыру мақсатында топографиялық түсірілімдердің негізгі түрлері, 
негізгі геодезиялық аспаптар және қосымша құрал-жабдықтар, аэроғарыштық 
түсірілімдер зерттеледі. Әдістемелік және практикалық жұмыс жасауда далалық 
зерттеу жүргізу барысында алынған өлшеулерді қолдануға және алынған
мәліметтерді камералды өңдеуге көмектеседі.
Бұл пәнді зерттеу нәтижесінде студент топографиялық карталар мен 
пландарды, аэроғарыштық суреттерді өзбетінше бағалауға мүмкіндік береді. 
Мұндай жағдай бітіруші маманды бәсекелесу қабілеті өте жоғары болады.
Картографиялық әдістер және оның нәтижесі – карта құрастыру қазіргі 
заман географиясының негізгі әдістері болып табылады, сондықтан 
топографиялық жоспар құрастыру, картаның шартты белгілерімен жұмыс жасау, 
топографиялық түсірілімдермен жұмыс жасауды – географ-мамандар үшін өте 
маңызды болып табылады.
Пәнді оқу нәтижесінде студент төмендегіні білу керек: 
- топографиялық карталарды жасау және жаңаластыру әдістерін;
-топографиялық түсірістердің түрлерін;
- жергілікті жердегі нүктелердің координаталарын анықтау және 
геодезиялық өлшеулер әдістерін;
- топографиялық карта мен пландарды құрастыру; 


методы составления топографических карт и планов.
дағдыларды білу:
- әр түрлі қолданбалы мақсатта топографиялық картаны пайдалану;
- топографиялық түсірісте есептеу жұмыстарын жүргізу және дала 
жағдайында геодезиялық құрал-жабдықтармен жұмыс жүргізу. 
Аталған пәнді оқытудың алдында өтілетін пәндер:
жалпы жертану;
- геоинформатика;
- экономикалық және әлеуметтік географияға кіріспе. 
Қатар оқытылатын пәндер және олардың осы пәнмен өзара байланысы:
- кеңістікті статистикалық талдау;
- геодезия;
- фотограмметрия;
- қазіргі геодезиялық құралдар мен жабдықтар;
- картография;
- математикалық картографиялау;
- аэрофототүісір және ғарыштық түсіріс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет