13
Тахеометриялық түсіріс тағы басқа да топографиялық түсіріс
түрлері
14
Аэрофототопографиялық түсіріс туралы түсінік
15
Түсірістердің автоматтандырылған әдістері. Электронды
геодезиялық аспаптар мен жабдықтар. Қорытынды
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Kіріспе
Топография және геодезия
– түсіріс жұмыстары негізінде (жер үсті, ауадан
және ғарыштан) жергілікті жердің географиялық
және геометриялық
элементтерін бейнелеу әдістерін, түсіріс жұмыстарын жүргізуге арналған
геодезиялық аспатар мен құрал-жабдықтарын пайдалану әдістерін,
және де
осының негізінде топографиялық карта жасау әдістерін зерттейтін ғылым.
Мақсаты: студенттерге топографиялық карталар туралы түсінік беру және
топографиялық түсірістің кешенді жұмыс жасау тәртібін, сонымен қатар
мемлекеттік геодезиялық жүйе, координанат жүйелері, топографиялық
карталардың шартты белгілер жүйесі туралы
мағлұмат беру және ғылыми,
тәжірибелік жұмыста қолданылуын үйрету.
Міндеті: студенттерді мынадай тәжірибелі дағдыларға үйрету: жер бетінде,
жер астында, жер үстінде сызықтардың ұзындығын, бұрыштарды өлшеу; өлшеу
нәтижелерін есептеп өңдеу; карталарды, пландарды графикалық құрастыру және
безендіру;
өлшеу
нәтижелерін,
картографиялық
және
графикалық
материалдарды өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, құрылыс, ғылыми зерттеуде
пайдалану.
«Топография геодезия негіздерімен» аумақты
карталастыру мәселелерін
зерттейтін картографияның өзбетінше тарауы ретінде, сонымен қатар жер
бетіндегі нысандардың геометриялық сипаттамаларын анықтау үшін өлшеулерді
жүргізу мәселелерін зерттейтін геодезияның бір тарауы ретінде қарастыруға
болады. Пән географияның өзін зерттеу мақсаттарымен
сәйкес келе отырып,
географиялық ойлауды қалыптастырады. Ойлаудың өлшемі карта болып
табылады – ол болмыстың моделі және сонымен қатар ақпарат көзі.«Топография
геодезия негіздерімен» көптеген ғылымдармен және ғылыми бағыттарымен
тығыз байланыста,
сонымен қатар өнеркәсіппен, ауыл шаруашылықпен,
құрылыспен байланысты қолданбалы сипатқа ие болып табылады.
Топография мен геодезияның даму тарихы ауыл шаруашылық пайда
болуымен тікелей байланысты. Мыср, Вавилон, Қытай, Ассирия сияқты ежелгі
антикалық мемлекеттерде ауыл шаруашылық
жерлердің ауданын өлшеу
қажетілігі осы ғылыми салалар пайда болуының алғы шарттары болды.
Топография мен геодезияның ғылыми негіздері ежелгі Грекияда қалыптасты.
Орта ғасырлардың аяғында және Жаңа заманда дәл геодезиялық аспаптар мен
құрал-жабдықтардың пайда болуы топография мен геодезияның қарқынды
дамуына алып келді. Сол кездегі топография мен геодезияның дамуы
планетамыздың барлық құрлық жеріне топографиялық карталар пайда болуына
алып келді.
Топография мен геодезияның бүгінгі таңда
дамуы қазіргі технологиялық
жетістіктермен тікелей байланысты. Аэрофототүсіріс, ғарыштық геодезия, жаңа
электрондық геодезиялық аспаптар мен құрал-жабдықтардың пайда болуы
геодезиялық түсіріс жұмыстарының дәльдігін өте жоғары деңгейге жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: