5В060900 «География» мамандығы бойынша


Дүниежүзі халқының саны және динамикасы. Әлем халқының



Pdf көрінісі
бет38/177
Дата05.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#41559
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   177
Дүниежүзі халқының саны және динамикасы. Әлем халқының 
құрамы. 


Халықтың 
орналасу 
ерекшелігі: 
әлемнің 
әр 
мемлекеттерінің 
демографиялық сипаттамасы және көбею түрлері, әлем халқының этникалық 
құрамының түрлілігі және әлемдік цивилизация дамуының перспективалары. 
Халықтың қоныстануы. Халық қоныстануының сипаттамасы. Әлеуметтік 
экономикалық фактордың халықтың қоныстануы мен тығыздығына әсері. Әлем 
елдерінде және аймақтарда халықтың өсу қарқыны. 
Халықтың көбеюі. Халық көбеюінің екі негізгі типі. Әлем елдері бойынша 
халықтың өмір сүру ұзақтығы. Ғаламшардағы заманауи демографиялық жағдай. 
Әлеуметтік экономикалық дамуы әр түрлі деңгейдегі елдердің демографиялық 
мәселелері. 
Әлемдік урбанизация үдерісі. Халық қоныстануының негізгі үдерісі, қала 
өмір салтының ауыл өмір салтынан басымдылығымен түсіндіріледі. Әлемдік 
урбанизация үдерісінің даму ерекшеліктері. 
 
Дүниежүзі халқының жыныстық, ұлттық, діни, нәсілдік құрамы. 
Халықтың нәсілдік және этникалық құрамы.Әлем халқының нәсілдік және 
этникалық құрамына сипаттама.Түсінік: Этнос, ұлт, халық, ұлыс, тайпа. 
Лингвистикалық ортақтығы негізінде әлем халықтарының классификациясы. 
Әлемнің діни географиясы. Қоғамдағы діннің рөлі. Рулық-тайпалық, 
аймақтық және әлем діндеріне сипаттама.Әлемнің діни географиясының 
ерекшеліктері.Діни негіздер бойынша қақтығыстардың пайда болуы. 
 
Дүниежүзі халқының көші-қоны. 
Заманауи көші-қон үрдістері. Ғаламшардағы интернационалдық өмірдің 
нәтижесінде халықаралық көші-қон нәтижесі өсуде. Көші-қонның негізгі 
себептері, сыртқы және ішкі көші-қон. 
 
Дүниежүзі аймақтары және жеке елдер халқының өмір сапасы. 
«Өмір сапасы» және «өмір деңгейі» ұғымдарының ерекшелігі, өмір 
сапасын есептеудегі негізгі индикаторлар. Әлем аймақтарында және түрлі 
елдердегі өмір сапасы мен деңгейінің жағдайы. Әр түрлі елдердегі өмір деңгейін 
арттырудағы негізгі бағыттар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет