5В060900 «География» мамандығы бойынша


Дүниежүзі өнеркәсіптің салалар географиясы



Pdf көрінісі
бет39/177
Дата05.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#41559
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   177
Байланысты:
5В060900-География

 
Дүниежүзі өнеркәсіптің салалар географиясы. 
Өнеркәсіп материалдық өндірістің және әлем шаруашылығының жетекші 
саласы. Өнеркәсіптің салалық және функцианалдық құрылымының өзгеру 
үрдістері және олардың себептері. Өнеркәсіп салаларының негізгі функцианалды 
қиықтарда орналасу сипаттамасы. Өнеркәсіптің орналасуының интегралды 
орналасуы: өнеркәсіптің концентрация денгейінің бағалау көрсеткіштері,негізгі 
өнеркәсіп аймақтары, бағалау көрсеткіштері, агломерациялар, тораптар. 
Өнеркәсіптің аумақтық ұйымдарының негізінде пайда болған жаңа формалар: 
«өндірістік саябақтар», ғылыми техникалық саябақтар, технополистер. 
 
Дүниежүзінің ауылшаруашылық географиясы. 


Материалдық өнеркәсіптің ең көне және маңыздылығы бойынша екінші 
саласы. Ауылшаруашылығының ел экономикасында немесе экономикалық 
тұрғыдан белсенді халық арасында ауылшаруашылығы саласындағы жұмыспен 
қамтудағы облыстың үлесі, сонымен қатар жалпы ішкі өнім құрылымындағы 
(ЖІӨ) ауылшаруашылығының үлес салмағының рөлі. Ауылшаруашылығы 
дамуының кең және үдемелі жолдары. Экономикалық дамуы аграрлық типтегі 
елдердің ерекшелігі. 
 
Электронергетика және отын өнеркәсібінің географиясы. 
Отын өнеркәсібінің негізгі салалары: Мұнай өнеркәсібі, газ өнеркәсібі, 
көмір өнеркәсібі. Электроэнергетика құрылымы, баламалы энергия көздерін 
пайдаланудағы дамудың перспективалары. Әлемдік электроэнергетика және 
отын өнекәсібінің даму масштабы және құрылымы, мағынасы. Әлемдік 
өнеркәсіп және электроэнергетикадағы елдер мен белгілі аймақтардың орны. 
 
Әлемдік экономикадағы ТҰК-ның қызмет көрсету дәрежесі. 
Трансұлттық 
корпорациялардың 
әлемдік 
өндіріс 
әлеуетінің 
орналасуындағы рөлі және халықаралық саудаға әсері. Халықаралық өндірісті 
ұйымдастыру үшін экономикалық жағдайлар сонымен бірге біріңғай нарықтық, 
ақпараттық кеңістіктегі халықаралық нарықтағы капитал, жұмыс күші, ғылыми 
техникалық, кеңес беру және басқа да қызмет түрлері. ТҰК ғаламдық ауқымда. 
ТҰК-ның бәсекелестік деңгейіне, тұрақты инновациядағы мұқтаждыққа, 
технология өзгерісіне және ғылыми техникалық үрдістің жылдам дамуына әсері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет