5В060900 «География» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет6/177
Дата05.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#41559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   177
Пәннің міндеті бірқатар қатысымдық (коммуникативтік) және танымдық 
(когнитивтік) міндеттердің орындалуы барысында жүзеге асырылады. Атап 
айтқанда: 
 
кәсіби мазмұндағы орта көлемді мәтіндерді, нұсқаулықтарды, 
анықтамалықтарды, БАҚ өнімдерін жатық оқу;
 
аударма, кәсіби бағыттағы сөздіктерді пайдалана білуге үйрету; 
 
географияда жиі қолданылатын белсенді (актив) сөздер мен сөз 
тіркестерін, кәсіби лексика, салалық ұғым, атаулар мен терминдердің мән-
мағынасын еркін түсіну;
 
әртүрлі стильде жазылған мәтін, географияға сәйкес еңбектер мен 
ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын 
қалыптастыру; 
 
кәсіби аяда ауызша монолог, диалог түрінде (хабарлама, 
таныстырылым (презентация), баяндама, дискуссия және т.б.) әңгіме құру, 
сұхбат жүргізу;
 
кәсіби аяда жазба жұмыстарын (эссе, аннотация, түйіндеме, 
жоспар, тезис, мәлімдеме, пресс-релиз, өтініш, хат, аударма, аннотация, 
реферат және т.б.) орындау; 
 
кәсіби аяда қолданылатын қалыпты сөйлеу (этикет) үлгілерін
қолдану және белгілі бір кәсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық 
міндетті шешуге керекті ақпарат тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру;
 
география бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми 
мақала, баяндама жазуға машықтандыру
 
сонымен қатар, кәсіби бағыттағы тақырыптар бойынша тіл 
үйренушіні қазақ тілінде жүйелі талдау жасауға, өз ойын еркін жеткізуге және 
ұсынылған материалдар бойынша сипаттама, салыстырма, қорытынды жасай 
білу сияқты т.б. тілдік біліктілікті жетілдіруші әрекеттерге дағдыландыру. 
Білім беру технологиясы 
«Кәсіби қазақ тілі» пәнін жүргізу барысында тіл үйретудің заманауи 
үлгілері, отандық және шетелдік ғалымдардың авторлық озық әдіс-тәсілдері 
басшылыққа алынады. Жұмыс барысында уақыт көлемі, тақырып ерекшелігі, тіл 
үйренушінің қабілет-қарымы, оқытушының шеберлігі сияқты т.б. маңызды 
факторлар есепке алынып, соған сәйкес белсенді оқыту әдісі, жеке-бағдарлы 
оқыту әдісі, сыни ойлау әдісі, жобалық оқыту әдісі, ақпараттық әдіс, түсіндіру 


әдісі, практикалық әдіс, кейс әдісі, ізденіс әдісі, іскери ойын әдісі сияқты т.б. әдіс 
түрлері мақсат-міндетке сәйкес қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет