Дәріс 5
Активті эксперимент
Ғылыми зерттеу жұмысын бастаған кезде зерттеу мақсатын алын ала нақты жобалап, зерттеу нысанын дұрыс таңдап, сол нысан жайлы белгілі ақпараттарды зерделеп, анализ жасау қажет. Ғылыми зерттеу жұмыстарда бір кездей соқ көрсеткіштің Х (фактор) келесі У (оптимизация критериясы) әсер ету формасын және деңгейін білу қажет.
Зерттеу кезінде байқаудағы өлшемнің қандай да бір фактордан функциональдық тәуелділігі анықталады. Бұл байланыс (регрессия) түзу сызықты болуы мүмкін.
Кез келген түзу сызықты тәуелділік мынандай формуламен сипатталады:
У = а + bX,
мұндағы У – зерттеудегі шығу көрсеткіші; Х – У өзгертетін кіру факторы.
а және b параметрлер статистикалық мән ретінде анықталады. b параметрін былай анықтайды:
b = ∑хj уj / ∑хj2,
мұндағы хj = Х - Хj; уj = У - Уj
а параметрін былай табады:
а = У - bХ
Есептеулердің негізінде эксперименттің стандартты қатесін анықтап, регрессивті байланыстың тығыздығын және экспериментальдық нүктелердің түзу сызықтан ауытқу деңгейін бағалайды.
Корреляция коэффициенті r х және у факторы арасындағы байланыстың тығыздығын анықтайды. Оны былай табады:
r = ∑хj уj / √∑хj2 ∑уj2
Корреляция коэффициенті r мына аралықта жатады: - 1 ≤ r ≤ +1
r алдындағы «-» белгісі у-тің х-ке тәуелділігінің кері пропорциональдылығын, «+» белгісі у-тің х-ке тәуелділігінің тура пропорциональдылығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |