Дәріс 15
Оптимальдық критерияларды таңдау
Эксперимент нәтижелеріне сүйене отырып, зерттеу факторларын (Х1, Х2……..) процесс көрсеткішімен (У) байланыстыратын математикалық модель құрылады.
Жалпы түрде мұндай факторлар көпмәнді болады. Оларға барлық зерттеудегі құбылмалы факторлар мен олардың біріккен әсері белгілі сандық көрсеткіштермен қатар кіреді. Мысалы, екі факторлы эксперимент мынандай сипатта болады:
У = b0 + b1x1 + b2x2 + b12x1x2,
мұндағы b0 – экспериментте анықталған барлық Уj оптимизация критериясының орташа арифметикалық мәндерінің коэффициенті, b1, b2 коэффициенттері х1, х2 факторларының У-ке әсерін сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |