5В073300–«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы»


Дәріс 14 Процессті оптимизациялаудың негізі



бет49/55
Дата07.01.2022
өлшемі323 Kb.
#16924
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55
Байланысты:
Дәрістер кешені

Дәріс 14

Процессті оптимизациялаудың негізі
Оптимзациялау дегеніміз белгілі функцияның экстремумын немесе көптеген мүмкіндіктердің ішінен ең жақсысын табу. Ең жақсы вариантты табудың сенімді жолы барлық мүмкін варианттарды салыстыру. Егер альтернативтердің саны өте көп болса, математикалық программа тәсілін пайдаланады.

Технологиялық процесстерді оптимизациялау.

Экспериментальды-статистикалық тәсілдің көмегімен процессті оптимизациялау келесі этаптағы жұмыстардың орындалуымен атқарылады.



  1. Осы процесстің технологиялық және теоретикалық негізін талдау. Бұл әдеби зерттеулер және практикалық нұсқаулар негізінде орындалады.

  2. Процесске ең елеулі әсерін тигізетін кіру факторларын анықтап, іріктеп алу.

  3. Зерттелетін құбылысты ең толық сипаттайтын көрсеткіштерді анықтап, іріктеп алу. Процесс көрсеткіштері (оптимизация критериясы) сандық универсальды, сезімтал және бір мәнді болуы қажет. Егер өнімнің сапасын бірнеше көрсеткіш анықтайтын болса, олардың ішінен ең елеулісін таңдау қажет немесе әр көрсеткішті бір-біріне тәуелсіз, жеке-жеке зерттеу керек.

  4. Процесс көрсеткішінің қажетті деңгейдегі дәлдігін бағалау. Бұл алдын ала жасалған эксперимент нәтижелерінің стандартты ауытқуы арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш 10 % төмен болуы тиіс.

  5. Эксперименттің жоспарлану тәртібіне сүйене отырып, зерттеу жоспарын құру. Әдетте белгісіз жағдайды зерттеуде жоспарлау ТФЭ тәртібінде орындалады.

  6. Эксперимент нәтижелеріне сүйене отырып, зерттеу факторларын (Х1, Х2……..) процесс көрсеткішімен (У) байланыстыратын математикалық модельді құру.

Жалпы түрде мұндай факторлар көпмәнді болады. Оларға барлық зерттеудегі құбылмалы факторлар мен олардың біріккен әсері белгілі сандық көрсеткіштермен қатар кіреді. Мысалы, екі факторлы эксперимент мынандай сипатта болады:
У = b0 + b1x1 + b2x2 + b12x1x2,
мұндағы b0 – экспериментте анықталған барлық Уj оптимизация критериясының орташа арифметикалық мәндерінің коэффициенті,
b0 = ∑ Уj / N,
j = 1, 2, 3……, N, N – сынақ саны, ТФЭ үшін N = mk, мұндағы m – деңгейлер саны, k – факторлар саны. b1, b2 коэффициенттері х1, х2 факторларының У-ке әсерін сипаттайды. Оларды былай анықтайды:
b1= ∑ х1Уj / N; b2= ∑ х2Уj / N
b12 коэффициенттері х1, х2 факторларының У – ке қосарланған әсерін сипаттайды. Оларды былай анықтайды:
b12= ∑ (х1х2j / N
bj коэффициенттерін Стьюдент t-критериясының көмегімен тексереміз. Егер tсын > tкес болса bj елеулі, ал tсын < tкес болса bj елеуcіз деп саналады да алынып тасталады.

  1. Алынған математикалық модельдің зерттелетін процесске сәйкестігін дәлелдеу. Есептелген Fсын Фишер критериясының мәнін кестелік Fкесте мәніне салыстыру арқылы анықтайды. Егер Fсын ≤ Fкесте, болса математикалық модель адекватты, ал Fсын ≥ Fкесте, болса математикалық модель адекватты емес болып табылады.

  2. Жұмыстың оптимальды режимін анықтау. Х1 және Х2 деңгейлерінің процесс көрсеткішінің оптимальды мәнін қамтамасыз ететін мәндерін алу.

  3. Жұмыстың оптимальды режимін бұрынғы қолданыстағы жұмыс режимімен салыстыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет