6- тақырып Әдіснаманың деңгейлері және олардың жалпы сипаттамасы



бет3/4
Дата21.09.2022
өлшемі13 Kb.
#39767
1   2   3   4
Философиялық әдіснама

Жалпы ғылыми әдіснама

Нақты ғылыми әдіснама

Технологиялық әдіснама

-таным принциптері;
-ғылымның категориялық құрылысы ақиқатты тану мен қайта құру үдерісіне деген дүниетанымдық көзқарастарды айқындай отырып,барлық әдіснамалық білімнің мазмұндық негізін құрайды.



жалпы ғылыми пәндерде теориялық тұжырым
дамалар

-белгілі бір не басқа да ғылыми пәнде қолданылатын зерттеулер мен рәсімдердің, әдістердің, принциптердің жиынтығы

-зерттеу әдісі мен техникасы, яғыни дұрыс эмперикалық материалды және оның бастапқы өңделген нұсқасын алуды қамтамасыз ететін рәсімдер жиынтығы










Әдіснамалық білімнің деңгейлері
В.И.Смирнов бұл деңгейлерді схемалық түрде көрсетті
М. А. Данилов ұсынған педагогика әдіснамасының анықтамасы мынадай: «Педагогика әдіснамасы дамып келе жатқан қоғам жағдайында үздіксіз өзгеріп отыратын педагогикалық ақиқатты дұрыс көрсететін педагогикалық теорияның бастапқы ережелері, оның негіздемесі мен құрылымы туралы, білім алудың тәсілдері мен әдістерінің принциптері туралы білімдер жүйесі».
В.И. Загвязинский берген анықтама әдіснаманың қазіргі анықтамасына көбірек жуықтайды: «Педагогикалық әдіснама – ғылыми – техникалық зерттеудің бастапқы (басты) ережелер құрылымы, функциялары және әдістері туралы ілім».
Әдіснаманы түсіндірудің әр түрлі нұсқаларын талдай келіп А.М.Новиков былай деп жазды: «Әдіснама дегеніміз іс – әрекетті ұйымдастыру туралы ілім». Мұндай анықтама әдіснаманың пәнін іс – әрекетті ұйымдастыруды заңдастырады.
Іс – әрекетті ұйымдастыру дегеніміз оны логикалық құрылымының нақты белгіленген сипаттамаларымен және оны жүзеге асыру үдерісімен бірге тұтас жүйеге келтіру деген сөз.
Айтылғандарды жинақтай келе, классикаға айналған В.В.Краевскийдің әдіснамаға берген анықтамасымен «әдіснама – педагогикалық теория құрылымы амалдар ұстанымдары және педагогикалық шынайылықты бейнелейтін білімді іздеу тәсілдері, сол секілді қызмет жүйелері бойынша білім алу, бағдарламаларды,логиканы зерттеу жұмыстарының сапасын негіздеу жөніндегі білім жүйесі» қорытындылаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет