6- тақырып Әдіснаманың деңгейлері және олардың жалпы сипаттамасы


Әдіснаманың жалпы ғылымилық деңгейі



бет2/4
Дата21.09.2022
өлшемі13 Kb.
#39767
1   2   3   4
Әдіснаманың жалпы ғылымилық деңгейі барлық немесе көптеген ғылыми пәндерде (салаларда) қолданылатын теориялық тұжырымдама болып табылады.
Әдіснаманың нақты ғылымилық деңгейі кез – келген арнайы ғылыми пәнде (салада) қолданылатын зерттеу әдістері, принциптері және шараларының жиынтығы.
Педагогиканың әдіснамасы дегеніміз педагогикалық шынайылықты көрсете - тін педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымдары, білім алудың жолдары және көзқарастарының принциптері туралыбілім жүйесі, сонымен қатар осындай білім алудың және зерттеу жұмыстарының бағдарламасын, логикасын, әдістерін, сапасын бағалауды негіздеу әрекетінің жүйесі.
Әдіснаманың технологиялық деңгейі (зерттеу әдіснамасы) зерттеудің әдістемесі мен техникасынан тұрады, яғни кейін ғылыми білім қорына енгізілетін эмпирикалық материалды алуды және оның бастапқы өңдеуді қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы.
Чехтың педагог – зерттеушісі Яна Скалкова былай деп тұжырымдайды: «Педагогика әдіснамасы педагогикалық теорияның негізі мен құрылымы туралы білім беру жүйесін ұсынады». Мұндай педагогика әдіснамасының ұсынысы толық бола алмайды. Мәнін ашып түсіндіру үшін педагогика әдіснамасының қандай қызмет атқаратынына көп көңіл бөлуіміз керек.

Юдин Эрик Григорьевич (19301976)

Э.Г.Юдин әдіснамалық білім құрылымын философиялық,

жалпы ғылыми,

нақты ғылыми

және технологиялық деңгейлерге жіктейді.


Философиялық деңгей мазмұны әдіснаманың жалпы категориялық құрылысын және танымдық ұстанымдарын құрайды. Философиялық білім жүйесінің барлығы әдіснамалық қызмет атқарады.
Жалпы ғылыми деңгей барлық ғылыми пәндерге тән теориялық тұжырымдарды біріктіреді.
Нақты ғылыми деңгей арнайы ғылыми пәндерге қатысты пайдалынылатын зерттеу ұстанымдарының, рәсімдерінің, әдістерінің жиынтығы.
Технологиялық деңгейді зерттеу техникасы мен әдістемесі құрайды.
Барлық деңгейлер өзара байланысты белгілі бір жүйеге бағындырылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет