Ұнтақ жармасының негізгі сапалық көрсеткіштері ондағы дәндердің қабығы мен ұрықтан тазартылуында.ол көрсеткіш «М» маркалы жармада – 0,6%-дан «Т» маркалы жармадағы 0,85%-ға дейінгі аралықта
Ұнтақ жармасының негізгі сапалық көрсеткіштері ондағы дәндердің қабығы мен ұрықтан тазартылуында.ол көрсеткіш «М» маркалы жармада – 0,6%-дан «Т» маркалы жармадағы 0,85%-ға дейінгі аралықта.
Ұнтақ жармасының негізгі сапалық көрсеткіштері ондағы дәндердің қабығы мен ұрықтан тазартылуында.ол көрсеткіш «М» маркалы жармада – 0,6%-дан «Т» маркалы жармадағы 0,85%-ға дейінгі аралықта.
Бидай жармасын қатты бидайдың дәндерін тазарту жолымен алады. Ірілігі жағынан оны 1-ден 4-ке дейінгі нөмірде Полтавскийлік, 1 және 2 нөмірлі жармалар – тазартылған, дәндері ұзынша келген, бидай дәндерінен алынады, ұрық пен тұқым қабықшаларынан аршылған жарма, Артек жармасы деп бөледі. №3 және 4 –ші жармаға бидай көлемдері әртүрлі, ұсақталған, домалақ бидай жармасы жатады. Артек – бидай дәнінін тазартып, ұсақтау арқылы жасалады.
Сапасын анықтау үшін сараптама жүргізген кезде електерге елеу арқылы көлемін өлшейді. Өнімдегі сапасы жақсы өзектердің үлесі 92%-дан кем емес.
Сапасын анықтау үшін сараптама жүргізген кезде електерге елеу арқылы көлемін өлшейді. Өнімдегі сапасы жақсы өзектердің үлесі 92%-дан кем емес.
Тазартылған бидай жармасында крахмал (80%) мен ақуыз көп (14,8%). Ақуыздардағы лимиттеуші амин қышқылы - лизин. Липидтер сипаты қанық емес, ал линол қышқылы басымдау. Минералдардың мөлшері аз ғана, оның ішінде 60%-ы фитаттардың үлесінде. Дәрумендер арасынан В тобындағы дәрумендері көбірек. Тазарту (шлифование) оперциясы неғұрлым көп жүргізілсе, крахмалдың да үлесі соғұрлым көп болады.
Пісіру уақыты жарма нөміріне қарай 15-60 минутқа жалғасады. Одан жасалған ботқа тұтқыр (вязкая) немесе шашыраңқы, дәмі жақсы; піскен кезде көлемі 4-5 есе ұлғаяды.
Арпа жармалары. Өңдеу тәсілдеріне қарай олар ақтаған арпа және арпа жармасы деп екіге бөлінеді. Түйіршіктерінің көлеміне қарай ақтаған арпаның бес, арпаның үш нөмірі болады.
Арпа жармалары. Өңдеу тәсілдеріне қарай олар ақтаған арпа және арпа жармасы деп екіге бөлінеді. Түйіршіктерінің көлеміне қарай ақтаған арпаның бес, арпаның үш нөмірі болады.
Ақтаған арпаның дәнектері ұзынша (№1,2) және домалақ (№3,4,5), гүлдің қабыршақтарынан аршылған, жақсылап үйкелген, түсі ақ, шұңғылында қошқыл сызығы болады.
Арпа жармасы – бұл дәнді ұсақтау нәтижесінде алынатын түйіршік көлемдері мен пішіні әртүрлі, гүл қабыршақатры түгел, тұқым қабықшаларынан жарым-жартылай аршылған жарма. Жарма сарғыш, кейде жасыл реңкке жақындау болатын ақ түсті.