№6 (7856). 2015 Қой жылы, сенбі, 14 ақпан



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата09.01.2017
өлшемі9,06 Mb.
#1485
1   2   3   4   5   6

                                                               Р. АдиЛЖАнов,

аудандық жер  қатынастары  бөлімінің   басшысы.

Алматы облысы, Райымбек ауданы әкімшілігі тауарлы ауыл шаруашылығы, шаруа

қожалығын  жүргізуге  арналған  жер  учаскелерін  уақытша  өтеусіз  жалға  беру  туралы

2015  жылғы  27  қаңтардағы  өткен  конкурстың  нәтижесін  жариялайды.  Конкурстың

өткен мекен- жайы: Кеген селосы, Б.Момышұлы көшесі, №9

Жуырда


Алғабас

ауылдық


мәдениет

үйі


қызметкерлерінің

ұ й ы м д а с т ы р у ы м е н

жылдағы  дәстүр  бойын-

ша, мекемелер арасында,

«Ән  жырым  саған  туған

жер»  атты  өнер  байқауы

өтті.  Байқауға  барлық

округ


аймағындағы

өнерпаздар

бір

кісі-


дей  жұмыла  атсалысты.

Байқау  өнердің  ең  үздік

ән  мен  әнші,  би,  ауыл

өмірінен  әзіл  көрністер

болса,  екінші  бөлімде

Жылда


өткізілетін

келіндер

байқауының

жеңімпаздары  ішінен  ең

үздік  жан  жақты  супер

келінді  анықтау    болды.

Байқау  қызықты  өтті.

Келіндер

байқауына

5

жеңімпаз



келін-

дер


қатысты.

Атап


айтқанда,

Ұ.


Бағаев

мектебінен

Бейбіткүл

Н ұ р қ а с ы м б а е в а ,

мәдениет  үйінен  Май-

ра    Жалғасова,    Алғабас

Жансая

Құттыманова



болды.

Келіндер  байқауының  4-бөлімі

бойынша  өзін-  өзі    таныстыру,

көрініс,  (семиядағы  ата-  ене—

келін  арасындағы  сыйластық

пен  ізеттілік  жайлы).    Қол  өнері

(келіннің көрермендер алдында өз

ісін жалғастыруы).

Төртінші  сұрақ  (қазақтың

ұлттық салт-сана, әдеп- ғұрыпта-

рынан) өз бақтарын сынап көрді.

Әділ  қазылар  алқасының  шешімі

бойынша,  ең  үздік  супер    келін

атағын Әсем Исабаева жеңіп алды.

Қатысқан    барлық  келіншектер

мен  өнер  жеңімпаздарына  ауыл

әкімінің  Алғыс  хаты  мен  заттай

бағалы  сыйлықтар  тапсырылды.

Өнер  байқауының  өтуіне  тіке-

лей  ауыл  әкімі  Бегалы  Жанысов

ағамыздың  ықпалы  зор  болды.

Байқауға    өзі  қамқорлық  жасап,

үлкен демеушілік етті.

Ауылда өтетін барлық шара-

ларға  ауыл  мектептері  біркісідей

қатысып,  шараның  ойдағыдай

өтуіне күш салды. Қашанда жақсы

істер  жалғасын  таба  береді  деген

ойдамыз.

 Бақыткелді 

ӘкіМБеков, 

   мәдениет үйінің директоры, 

Алғабас ауылы.

Білім ордасында



іскер басшы, талапшыл ұстаз

Ұстаз—ұлағатты  есім.

Олай

болса


ұстаздық

қасиетке барынша адалдық

танытып, саналы ғұмырын

осы  салаға  арнаған  іскер

басшы,  талапшыл  тұлға,

С.Әшімбаев

атындағы

орта  мектептің  директо-

ры  Гүлсара  Әлібекқызы

Жанәбіловаға

қандай

мадақтау  айтсақ  та  артық



емес.

Гүлсара  Әлібекқызы

Жамбыл

ауылының



киелі

топырағында

дүниеге  келіп,1978  жылы

Абай


атындағы

Қазақ


педагогикалық  иниститу-

тын тәмәмдады. Еңбек жо-

лын  туған  ауылында  бас-

тап, әке жолын жалғап, бар

күш-жігерін

ұстаздыққа

лайықты  бағаланып,  1983  жылы

бұрынғы  Кеңес  Одағының  білім

министрлігінің  Құрмет  грамо-

тасымен,  1994  жылы  Қазақстан

Республикасының  «Білім  беру

ісінің  үздігі»  белгісімен  марапат-

талды.

Гүлсара  Әбілқызы  жанұя-



сының    аяулы  анасы  ғана  емес,

мектеп


ұжымындағы

үлкен-


кішінің  үлгі  тұтар  тұлғасы.

Күнделікті тіршіліктегі мәдениетті

ұстанымы,  сыпайылығы  және

адамгершілігі  оның  өмірдегі  шы-

найы болмыс-бітімі.

«Қыран түлегіне-қайырылмас

қанат  сыйлайды,  ұстаз  түлегіне-

алға  бастар  талап  сыйлайды»

демекші,  Гүлсара  Әбілқызының

ұстаздармен  жұмысты  ұтымды

ұйымдастыруының  нәтижесінде

С.Әшімбаев  атындағы  орта  мек-

теп  ҰБТ  қорытындысы  бойынша

жыл  сайын  аудан  мектептерінің

алдыңғы қатарында келеді.

Тұла  бойы  –адалдықтың

өлшемі,

Өсе берсін әлі талай өркені.



Жүз  жасасын  аман  болып

арада,


Желбіресін  өмірінің  жел-

кені,-  деген  өлең  жолдары-

мен  талапшылдығымен,  сыйлы-

лығымен  танылған  басшымызға

деген  ықыласымызды  білдіргіміз

келеді.


С.Әшімбаев атындағы 

мектеп ұжымы.

Ха

ттар

Ха

ттар

ТуРиСТеРдің нАзАРынА!

Маманның кеңесі

бастауыш  мектебінен  Камшат

Халықова,  емхана  ұжымынан

Әсем  Исабаева,  әкімшіліктен

арнады.


Шәкірттерге  білім  беруде-

гі  ізденістері  мен  төккен  тері

« Т ұ т ы н у ш ы л а р д ы ң

қоғамдық  бірлестіктерінің

және  бұқаралық  ақпарат

құралдарының

дерек-

тері  бойынша  2014  жылы



еліміздегі

бірқатар

ту-

ристік  операторлар  мен



агенттіктер  тараптарынан

тұтынушылардың  туризм

саласында

құқықтарын

бұзу  орын  алды.  Осыған

байланысты,

Райымбек

аудандық тұтынушылардың

құқықтарын

қорғау


басқармасы

барлық


тұтынушыларға

ту-


ристік  өнімді  сатып  алар

алдында,

туроператор

және


турагент

туралы


мәліметтерді

туристік

қызметті  жүзеге  асыратын

тұлғалардың  мемлекеттік

тізілімі  бойынша  алдын

ала  анықтап  және  міндет-

ті  түрде  туристiк  қызмет

көрсету шартын толтыруды

ұсынады. Егер де, туристік

өнімді  сатып  алу  бары-

сында

тұтынушылардың



құқықтары

бұзылған

жағдайда,

Райымбек

аудандық тұтынушылардың

құқықтарын

қорғау

басқармасының  сенім  те-



лефоны  8(72777)  21443

арқылы  хабарлауға  бола-

ды.  Туристік  операторлар

мен    агенттіктер  туралы

ақпаратты  8(7282)  247062

телефоны  бойынша  Ал-

маты  облысының  туризм

жөніндегі  басқармасынан

алуға болады

 М. АзеРБАев,          

аудан  тұтынушылардың

                             құқықтарын 

қорғау басқармасы»  

басшысы.                                  

Қазақстан  Республикасы  ұлттық  эко-

номика

Министрлігінің



тұтынушылардың

құқықтарын қорғау Комитетінің Алматы облысы

тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  департа-

менті 2015жылдың 02 – 14 ақпан аралығында 15

пен19 жасқа дейінгі ересектер (19 жастағыларды

қоса  алғанда)  арасында  қызылшаға  қарсы

қосымша иммундаудың жүргізілетінін хабарлай-

ды.


Қосымша  иммундау  кезінде  ағымдағы

жылдың  14-ші  ақпанына  дейін  көрсетілген

жастағы    100  000  тұрғын  қызылшаға  қарсы

иммундауға жоспарланған.

Иммундау  облыстың  барлық  аудандары

бойынша  957  егу  (медициналық)  пунктерінде

(медициналық  ұйымдар,  мектептер,  жоғары

және  орта  оқу  орындары)  жүргізіледі.  Иммун-

дау  1658  медициналық  қызметкерлермен,  оның

ішінде 530 вакцинаторлармен жүргізіледі.

2012  жылдан  бастап  республика  бойынша

қызылша  сырқаттанушылығы  жоғарылауда,

қызылшаның 400-ден аса жағдайы тіркелген.

 2014  жылы  облыс  бойынша  зертханамен

расталған  қызылша  жұқпасының  9  жағдайы

тіркелді.

Қызылшамен сырқаттанғандардың басым

көпшілігі 15-29 жас аралығындағы ересектерге

(22%) және 1 жасқа дейінгі егу жасына жетпе-

ген балаларға (44%) келеді.

Қызылшадан қорғанудың ең тиімді жолы

вакцинация болып табылады.

Қызылша  дене  қызуының  жоғарлауы,

денеге  бөртпенің  шығуымен  өтетін,  жөтел,

бас  ауруының  қосылуымен  болатын  жіті

жұқпалы


вирустық

сырқаттанушылық.

Аталған  сырқаттанушылық    таралуының  өте

жоғары  болуымен  сипатталады,  оның  ішінде

қызылшаға  қарсы  егілмегендер  қызылшамен

ауырған  науқаспен  қарым-қатынаста  болса

барлығы ауырады.

Қызылшамен ауырғанан кейінгі асқынулар:

отит, пневмония, энцефалиттер, 2 жасқа дейінгі

қызылшамен ауырған балаларда бірнеше жыл-

дан кейін панэцефалиттің пайда болуы (немесе

дамуы) мүмкін.

Қызылшаның  вирусы  сырқат  адамнан  сау

адамға  ауа-тамшы  жолы  арқылы  сөйлескенде,

жөтелгенде,  түшкіргенде,  тікелей  немесе  тіке-

лей  емес  қарым-қатынаста  мұрыннан  немесе

көмейдің  бөліністері  арқылы  беріледі  және

науқас  бөлмеден  шығып  кеткеннен  кейін    де

жұғуы  мүмкін.    Қызылшамен  ауырған  науқас

қоршаған  ортасына  бөртпе  шығардан  4  күнге

дейін және бөртпе шыққаннан 4 күннен кейін

қауіпті.

Сырқат жұқтырғаннан кейін 7-18 күн ішін-

де дамиды.

Қызылшаға  қарсы  қосымша  имундаудың

жүргізілуіне  қатысты  барлық  сұрақтар  бойын-

ша  Қазақстан  Республикасы  ұлттық  эко-

номика  Министірлігінің  тұтынушылардың

құқықтарын  қорғау  Комитетінің  Алматы  об-

лысы  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау

департаментіне 309113/309404 байланыстары

арқылы немесе ресми http://www.aimobidzpp.

kz/ веб- сайтына хабарласыңыздар.

 02.02.2015-14.02.2015  осы  аралықта

«Қызылшаға  қарсы»    тегін  жүргізілетін  екпені

уақытында алуларыңызды сұраймыз!



 Самал нұРғоЖАевА,  

           терапевт дәрігер.                                       

                        ШЖҚ «Райымбек аудандық 

орталық ауруханасы»Мкк.

5

Хантәңірі

g. hantaniri@mail.ru.

2015— Қой жылы, сенбі, 14 ақпан


10

Хантәңірі

g. hantaniri@mail.ru.

2015— Қой жылы,

жексенбі, 18  қаңтар

Поэзия,                 

    менімен                

      егіз бе  едің? 

Өмірдерек

6

Хантәңірі

g. hantaniri@mail.ru.

2015— Қой жылы, сенбі, 14  ақпан

Өлеңге әркімнің- ақ бар таласы...

Қазақстан  Жазушылар  одағының  және  Қазақстан  Журналистер 

одағының  мүшесі,  ақын,  аудармашы,  журналист  Исәділ  Алмат 

Мұратұлы  1976  жылы  20  желтоқсанда  Алматы  қаласында  дүниеге 

келген.

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылындағы орыс орта 

мектебінде, аудандық музыка мектебінің домбыра сыныбында оқыған. 

ҚазМУҰ-дың  журналистика  факультетін  бітірген.  Еңбек  жолын 

№2  Кеген  орта  мектебінде  музыка  пәні  мұғалімі  ретінде  бастаған. 

Республикалық  оқушылар  сарайында  қызметкер,  «Алматы  ақшамы» 

газетінде  бөлім  меңгеруші,  жауапты  хатшы,  «Елорда»  баспасында 

әдеби  редактор,  «Қазақ  әдебиеті»  газетінде  бөлім  меңгеруші,  Қазақ-

Британ  университетінің  редакциялық-баспа  орталығының  бас 

менеджері,  «Қазақ радиосы» бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы, 

«әдебиет  айдыны»  газеті  бас  редакторының  бірінші  орынбасары, 

«Қазақ  университеті»  газеті  бас  редакторының  орынбасары,    «Жас  

қазақ  үні» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Қазақстан» 

ұлттық телеарнасының жүргізуші-редакторы, «Алаш айнасы» газетінде 

мәдениет бөлімінің редакторы қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта 

Қазақ  Ұлттық  аграрлық  университетінің  қоғаммен  байланыс  және 

редакциялық қызмет департаментінің директоры.             

әдеби  аудармамен  айналысады.  Түріктің    Ж.әміре  сынды 

САҒЫНЫШ

Туған жер, қайран ауыл, бағаң асыл – 

Сыпырған ерке ұлдың томағасын.

Әнімнің қайырмасы секілденіп,

Қайта-қайта ойыма ораласың.

Көрінсе көкжиектен сағым қалқып,

Балалық еске түсер жаным шалқып.

Анамның әлдиімен тербетілген,

Келемін көкейдегі әнімді айтып.

Қиялым қанат қақса ғарыштарға,

Арманым қолын созды алыстарға.

Үміттің шамшырағын сөндірмедім,

Ілесіп тоқтау бермес ағыстарға.

Осынау Кеген дейтін кең өлкеде,

Тарихы тым арыда, терең, көне.

Бабалардың рухымен қуаттандық,

Қалып қоймай тасада, көлеңкеде.

Осы жерде, осы елде, осы ауылда,

Басталған Ұлы өмірге сапарым да.

Күллі ауыл тілекші боп қалған еді,

Ерке ұлды бәйгеге  қосарында.

Осында білім алған төл мектебім,

Осында өмір көріп, ержеткенмін.

Осында ең алғашқы махаббаттың,

Нәп-нәзік сезім қылын тербеткемін.

Осы бір құт мекенде, осы өңірде,

Қайқы мен Сарытаудың етегінде.

Бүгінде дос қатары сиреп қапты,

Сырласып, қатар жүрген кеше бірге.

Тұрғанменен алдыдан ақ таң күліп,

Сейілмейді көңілден батпан күдік.

Жүрекке сызат түсті, қанша досты

Мәңгілік сапарына аттандырып...

Есіме алып отырмын бүгін бәрін,

Қандай еді балалық түрің, дәмің?!

Келін боп қай жерде жүр құрбы қыздар,

Байлап кеткен партаға бұрымдарын.

Ұмытылмас балауса, балапан шақ,

Жүретін өрік-мейіз, науат аңсап.

Алайда бәрімізге ұнамайтын,

Апамыз ұйқымыздан оятар сәт.

Үйдегілер сөздерін мың шығындап,

Жөнін айтса — балалар күлкі қылмақ.

Ерлік жасап жүруші ек ара-тұра,

Көрші әжейдің кеппеген құртын ұрлап.

Есейдік біз де өзінше ес кіргендей,

Әркім жолын таңдады ешкімге ермей.

Жаңа күннің қызықтық жылтырына,

Кешегі естеліктер ескіргендей.

Оралмас беймаза кез, балдырған шақ,

Шіркін-ай сол күнгідей мөлдір болсақ!

Ауылдан алысқа ұзап кетсек-тағы,

Сағынамыз көк майса шалғынды аңсап.

Бұл күнде құбылып тұр жегі заман,

Мазасыз күй кешуде мезі қоғам.

Туған ауыл – жүрекке жыр боп тұндың: 

Өмір аман болғанмен, көңіл — алаң...

ҚАЛА КӨРМЕГЕН 

АҒАМА ХАТ

Аман ба ауылдағы ағайындар,

Аман ба атқамінер бағалы ұлдар?!

классиктері  мен  қатар  М.  джевдет,  А.  Тимучин,  О.  Рифат  есімді 

танымал  түрік  шайырлары  мен  А.Пушкин,  с.Есенин,  М.лермонтов, 

И.северянин, И.Анненскии сынды орыс ақындарының шығармаларын 

қазақшалаған.  Орыс  тілінде  жазатын  қазақтың  көрнекті  ақыны  О. 

сүлейменовтің,  с.Мнацаканянның    бірқатар  шығармаларын  ана 

тілінде  сөйлетті.  Ақын  сондай-ақ  балалар  әдебиетіне  де  ден  қойып,  

кішкентай оқырмандарға, жалпы балалар мен жасөспірімдерге арналған 

шығармалар  жазып  жүр.  Ақынның  бірқатар  өлеңдеріне  жазылған 

әндерді бүгінде қазақ ән өнерінің майталмандары орындап жүр.

Өлеңдері  «ХХі  ғасыр  ақындарының  антологиясы»  сынды 

бірнеше  ұжымдық  жинақтарға  енген.  «Отырар  кітапханасының» 

тұңғыш  сериясымен  жарық  көрген  «Жолдар,  жолдар...»  сондай-ақ  

«Көңілалаң»,  «Көкжиекке  сіңген  жол»  жыр  жинақтары  мен  «Мен 

–қазақтың  баласы»  атты  балаларға  арналған  өлеңдер  жинағының 

авторы. 

Халықаралық  «Шабыт»  фестивалінің  дипломанты.  Бірқатар 

республикалық  жыр  мүшайралар  мен  Халықаралық  әдеби 

байқаулардың  жүлдегері.  Қазақ  әдебиеті  мен  журналистикасы 

саласындағы  жетістіктері  үшін  2013  жылы  «Ерен  еңбегі  үшін» 

Мемлекеттік медалімен марапатталған.

МЕН дЕ АУЫлдЫ сАҒЫНдЫМ...

Аман ба аталарым, әжелерім,

Беттерін - әжім басқан, самайын - қар?!

Аман ба бала-шаға – уайымы жоқ,

Аман ба әкім-қара – айыбы көп?!

Қазақтың тілейтіні – жан саулығы,

Болмаса, қу дүниенің қайыры жоқ.

Қоңыр тірлік, қараша үй, қараша ауыл,

Төзіп жүрген кәріне қарашаның.

Қайран әжем, жөнелтіп қара шалын,

Жалғыз ішіп қалды ма қара шәйін?

Қала десе ат тонын ала қашар,

Ауыл жақтан келмей жүр хабар-ошар,

Далада еркін өскен есіл ағам,

Сіздіңше ауыл-жақсы, қала-нашар.

Соқпай кетті, ә ауылға «Ауыл жылы»?!

Азаймады тірліктің ауыр жүгі.

Атқамінер дөкейлер арды ұмытты:

Керек емес ешкімге қауым мұңы.

Жаһандану Рухымды қанап тынған,

Бұл «майданда» тағы да қазақ құрбан.

Мен де жаңа ғасырдың ұрпағымын - 

Болашаққа балконнан қарап тұрған.

Аға, солай өтуде даңғаза күн,

Арасында алқызыл жарнаманың.

Батысқа бет түзеген көшімізді,

Шығысқа  қайтаруға бар ма амалың?

Иманынан барады жұрт тоналып,

(Кетер ме еді шіркін-ай, күрт тазарып!)

«Алдымен ел болуды ойлайық» - деп,

Ашынушы ең ащы су ұрттап алып.

Біздікі сол - бетон үй, кеңсе, қала,

Көресің ғой барлығын келсең, аға.

Мен де ауылды сағындым,

Барам, бірақ - 

Бастық жазда демалыс берсе ғана...



КЕГЕН

Жақсылыққа жаныңды көгендеген,

Керемет қой, қашанда Кеген деген.

Кегенімнің ерекше көркемдігін,

Жырлай алмас еш ақын өлеңменен.

Кетсең егер жолыңнан тайқы басып,

Жете алмассың Кегенге Қайқыны асып.

Айналасын көмкерген көне таулар -

Бұл өлкені көру де жарты бақыт.

«Жерұйық көрем десең – Кегенге кел» –

Құшағын жаяр саған көгерген ел.

Әр тасында тарихтың таңбасы бар,

Өткен күннің өрнегін бедерлеген.

Қасиетті өлке бұл бабам жатқан,

Әр жүрекке өшпейтін алау жаққан,

Он алтының баяғы ойранында,

Азаттықтың байрағын жалаулатқан.

Арулары тарқатып сән бұрымын,

Адалдықтың шырқаған мәңгі жырын.

Жігіттері ойнаған ат үстінде,

Боз биенің сіміріп бал қымызын.

Қарсы алдыңнан соқса да жел-бораны,

Жел-бораны дертіңе ем болады.

Даласы да дархан ғой, кең – қазағы,

Ауасы да таза ғой ең ғажабы!

Жақсылыққа жаныңды көгендеген,

Керемет қой қашанда Кеген деген!

Кегенімнің әсері – арқаланып,

Табысып жүргендігім өлеңменен.

Далалық ем, бүгінде қалалықпын,

Қаланың тірлігіне қадалыппын.

Демейік  ауыл – шалғай, жол алыс тым,

Қайтайық Кеген жақта демалып бір.

Асау көңіл ауылға елеңдеген,

Күнім жоқ сағынышқа бөленбеген.

Қай ауылда болмайын, қай қалада,

Сен артықсың бәрінен Кеген, Кеген...

«ЖАБАЙЫ РОЗА».  

ҚАРА СИЫР...

Кешқұрым мезгіл. Сиырын сауып

Болған соң, көне киімін қағып -

Үйге енді әжей, мал қора жаққа

Бұрылып, көздің қиығын салып.

Шалы отыр төрде - түр-түсі семген,

Жүретін ылғи қырқысып елмен.

Келіні болса - кенже баласын,

Жұбата алмай жүр, ұйықысы келген.

Шүйілтіп қалың қабағын ана,

Күңк етті оған - баланы қара!

–Теледидарды қосыңдар кәне,

Басталып кетті «Жабайы Роза!»

–Бейшара қыздың бағы жанбады...

Деп, кемпір жайды тағы болжады.

Әдеттегідей, бір кезде сөніп,

Ауылдың таңға шамы болмады.

–Тауысып ішіп қалған арақты,

Өкіметке айтып бар жаманатты,

Көсіліп сөйлеп, көсемси бермей,

Бір қарап қайтшы мал қора жақты.

Деді де кемпір, ауыр күрсінді,

Мазалап бір ой жанын біртүрлі.

Шал болса қамсыз шалқайып жатты,

Қарсы алды солай ауыл бұл түнді.

Далада иттер жарыса үріп,

Сала бастады тағыша бүлік.

Тағы да кімдер нені бүлдірді,

Әлдекімдердің тауы шағылып?..

Көрініп күннің сұлбасы жаңа,

Шал ерте тұрды - тұлғасы дара.

...Қорада тұрған қара сиырдың,

Қалыпты ала бұйдасы ғана.

БАЛАПАНДАРЫМ

Сендерсің менің бақытым балапандарым,

Балапандарым — шаттықтың таратар нәрін.

Жүріңдер ылғи күлімдеп қасымда менің,

Өмірдің бірге қарсы алып жаңа таңдарын.

 

Ауырлап кеткен сәттерде төзімнің жүгі,



Өздеріңменен сейілер көңілдің мұңы.

Сендерсің менің сенерім, сүйенішім де,

Сендермен ғана бағалы өмірдің құны.

 

Тағдырдың жолы тым қиын, болыңдар абай,



Қарсы жүзіңдер тайсалмай ағынға қарай.

Тау жақтан ескен самал жел жүздеріңді өбіп,

Аймалап жүрсін күнде ерте жағылған арай!

 

Балалық күннің уайымсыз, зерлі шағында,



Уақыттың өзі жүрекке белгі салуда.

Өсіңдер бойға дарытып даламның исін,

Жақсылық тұнған әлемнің кең құшағында.

 

Күн сайын маған өмірдің таратар нәрін,



Аман жүріңдер кішкентай балапандарым.

Ғажабын ғана көріңдер ғұмырдың мынау,

Батаға ғана жайылсын алақандарың.

Балапандарым!..



Алмат ИсАділ.

Қыс 

қызықтары

7

Хантәңірі

g. hantaniri@mail.ru.

2015— Қой жылы, сенбі, 14  ақпан

Еске  алулар

    Қайнар  ауылының  тұрғыны 

Батықов  Бектұрсынды  мейірімсіз 

ажал 


ортамыздан 

әкетпегенде 

10  ақпан  күні  80  жасқа  толар 

еді.  Әкеміздің  айтқан  әрбір  сөзі 

көңіліміздің  төрінде,  ұмытылмас 

жарқын 


бейнесі 

жүрегіміздің 

түкпірінде  мәңгі  сақталады.  Жан 

әкемізге  деген  сағынышымызды 

сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. 

Кішіпейіл бар жұртқа жайдарлы 

едің,

Әулеттің ақылшысы айбары едің.



Аппақ қардай кіршіксіз пәк көңілің,

Біздерге мейір құшақ жайған едің.



Еске алушылар: ұл-қыздары, күйеубалалары, келіндері, немерелері. 

(қайнар ауылы).

Қақпақ  ауылының  тұрғыны, 

ардақты  да,  асқар  тау  әке  бола 

білген 


тағаЕв 

Бегділданы 

былтырғы ақпанның 11-де сұм ажал 

48  жасында  мезгілсіз  алып  кетті. 

Жайдары мінезімен бізді бұлай орта 

жолда тастап кетеді деп кім ойлаған. 

Аңқылдаған  ақкөңілің  кімді  де 

болса өзіңе баурап алатын,  жарқын 

мінезің  біздің  санамызда  ешқашан 

ұмытылмайды.  Артыңда қалған екі 

ұл, үш қызың және бір немерең сенің 

көрмеген жақсылығыңды көріп, сен 

жетпеген қуаныштарға кенеліп, тек 

жақсылық  көрсін  дейміз.  Жатқан 

жерің  жайлы,  топырағың  торқа 

болсын!

Қуанатын күндерің алда еді,



Тіршілікте қанатың талмап еді.

Жылысай  ауылының  ардақты  азаматтары,  асқар  таудай  әкелеріміз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет