№6 (7856). 2015 Қой жылы, сенбі, 14 ақпан


қасымханұлы  Ержігіт  пен  Ерланды



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата09.01.2017
өлшемі9,06 Mb.
#1485
1   2   3   4   5   6

қасымханұлы  Ержігіт  пен  Ерланды  сағына  еске  аламыз.  Амал  қанша? 

Елінің ұлындай болған Ерлан көзі тірі болса 15 ақпанда 49 жасқа толар еді, ал 

ағасы Ержігіттің  қайтыс болғанына 17 ақпан күні 4 жыл өте шығыпты.  Аңсаған 

ананың,  аялуы  жардың,  іздерін  жалғар  ұрпақтарының  сағынышы  мен  мұңын 

осылай жеткізіп отырмыз.

Сағыныамыз,  біз әлі сағынамыз,

Ортамызда ойнап- күліп жүргеніңді.

Ойсырайды ортамыз,  мұңаямыз,



Алладан түбін сұрап келер күннің.

Еске  алушылар:  анасы    қайша,  сүйікті  жарлары    қатира,  айман, 

балалары,  бауырлары,  қарындас-  күйеубалалары,  немерелері  мен 

жиендері. 

Заңғар  тұлғалы  әже 

Мезгілсіз    ажал    ауданға,  облысқа 

танымал  білікті  басшы,  Алматы  облысының  

және    ауданның    «Құрметті  азаматы»,  үлгілі 

жанұяның  асқар  таудай  әкесі  Ұнасбаев 

Мәдениетті  арамыздан  алып  кетті.  Көпке 

сыйлы,  абзал  азаматтың  жүрегі  соғуын 

тоқтатты

Ұнасбаев Мәдениет 1941 жылы 15 қазанда 

Нарынқол  ауданы,  Қаратоған    ауылында 

дүниеге келді. 1958 жылы Текес орта мектебін 

бітірді. 1958 – 1960 жылдары  ХІХ – партсъезд  

атындағы  колхозда  колхозшы  болып  еңбек 

жолын бастаған.

1960  -  1965  жылдары    Алматы 

зоотехникалық-малдәрігерлік 

институтын  

мал дәрігері мамандығы бойынша бітіріп, жоғары білім алды. Білімді, іскер 

жас маман 1965 – 1971 жылдары  ХІХ – партсъезд атындағы колхозда мал 

дәрігері, 1971 - 1977 жылдары аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 

1977 – 1982 жылдары «Коммунизм» картоп совхозында партия комитетінің 

хатшысы,  1982  –  1985  жылдары  аудандық  партия  комитетінің  ауыл 

шаруашылығы бөлімінің  меңгерушісі, 1985 – 1988 жылдары «Көксай» қой 

совхозының директоры, 1988 – 1990 жылдары  «Коммунизм» совхозында 

директор, 1990 – 1993 жылдары Нарынқол аудандық Кеңесі төрағасының 

орынбасары және төрағасы болып қызмет атқарды. 1993 – 1994 жылдары 

Райымбек ауданы әкімінің орынбасары, 1994 – 2007 жылдары  Райымбек  

аудандық  мәслихатының  хатшысы болып қызмет атқарған.

Мәдениет  Ұнасбаевтың  аудан  экономикасын  дамытудағы    ұзақ 

жылдардағы  қажырлы  еңбегі  лайықты  бағаланып,  1970  жылы  «ҮЗДІК 

ЕҢБЕГІ  ҮШІН»  медалімен,  2001  жылы  «Қазақстан  Республикасының 

Тәуелсіздігіне  10  жыл»,  2014  жылы  «Қазақстан  мәслихаттарына  20 

жыл»  мерекелік  медальдарымен,  Алматы  облысы  әкімінің  және  Алматы 

облыстық  мәслихатының,  Райымбек  аудандық  мәслихатының  «Құрмет 

грамоталарымен», «Алғыс хаттарымен» марапатталды. 

Мәдениет  Ұнасбаевтың  жарқын  бейнесі  онымен  қызметтес  болған 

әріптестерінің, аудан тұрғындарының жүрегінде мәңгі сақталады.





Райымбек ауданының әкімдігі мен аудандық мәслихат,

«нұР  Отан»  паРтиясының  Райымбек  аудандық  филиалы,

аудандық ақсақалдаР кеңесі.

сарыжаз  кәсіптік-техникалық 

колледжінің 

 

ұжымы 

осы 

колледждің қызметкері

молдағожаЕв Бегжан  

 

 

Бектұрұлының 

қайтыс 

болуына 

байланысты 

марқұмның 

жанұясына 

қайғыларына  ортақтасып,  көңіл 

айтады.

Біле жүріңіз



«Патронат» деген не?

Әр  адам  баласы  толыққанды 

отбасында  тәрбиеленуге  құқылы. 

Әр  адамзат  баласы  отбасының 

болғанын 

қалайды. 

Алайда 

бәріне 


отбасы 

жағдайында 

тәрбиелену  мүмкіндігі  болмайды. 

Осындай 


жағдайда, 

ата-ана 


қамқорлығынсыз  қалған  бала-

лар 


патронаттық 

отбасында 

тәрбиелене  алады.  Қазақстанда 

патронаттық  тәрбиелеу  біршама 

қиындықтарға 

ұшырауда. 

Бірі— 

қорғаншылық 



және 

қамқоршылық 

жөніндегі 

мамандардың  жетіспеуі  болса, 

екіншісі азаматтардың «патронат» 

туралы  ақпарат  алуының  аздығы.

Көптеген  адамдарда  «Патронат 

деген  не?»  деген  сұрақ  туындауы 

мүмкін.

Патронаттық–  ата-ана  қам-



қорлығынан  айрылған  балаларды 

тәрбиелеуге  алуға  ниет  білдірген 

отбасыларға тәрбиелеуге беру.

Ата-ана 


қамқорлығынан 

айрылған 

балалардың 

басқа 


формаларынан 

патронаттың 

айрықша белгілері:

-  патронат  келісім-шартқа 

негізделген;

- патронаттық тәрбиешілердің 

еңбегі төленеді;

-  патронаттарды  қабылдаған 

отбасының  тәрбиеленушілеріне 

тамақ,  киім,  аяқ  киім  және  басқа 

да  тұрмыстық  заттар  алуға  ай 

сайын қаражат бөлініп тұрады.

Патронаттық тәрбиеге:

- ата-анасы жоқ жетім;

-ата-ана 

құқығынан 

айрылған;

ата-анасының 



құқығы 

шектелген;

-  ата-анасы    бас    бостанды-

ғынан айрылған;

-  ата-анасы  сот  шешімімен 

қабілетсіз деп танылған;

- ата-анасы жоғалып кеткен;

-  ата-анасы  денсаулығына 

байланысты  оның  тәрбиесімен, 

оны  бағып-қағумен  айналыса 

алмайтын;

ата-анасы 



ешқандай 

себепсіз  оның  тәрбиесінен,  оны 

бағып-қағудан,  және  олардың 

мүддесі  мен  құқығын  қорғаудан 

жалтаратын;

-  ата-анасының  кім  екені 

беймәлім немесе олардың тұратын 

жері белгісіз балалар беріледі.

Егер 

Сіз 


патронатты 

тәрбиеші  болғыңыз  келсе,  онда 

Сіз  қамқоршы  және  қорғаншы 

органдарға келесі құжаттарыңызды 

тапсыруыңыз керек:

1) 


патронатты 

тәрбиеші 

болғыңыз келетіні туралы өтініш;

2) жеке куәлік;

3) 

некеде 


тұрсаңыз, 

жұбайыңыздың келісімі;

4) сіздің және жұбайыңыздың 

денсаулығы  туралы  анықтама  

(психиатр,  нарколог,  дерматолог, 

венеролог, терапевт);

5) 

құқықтық 



статистика 

орталығынан  сотталғандығы  жоқ 

деген анықтама;

6)  тұрғын  үйіңіздің  бар 

екендігін растайтын құжат;

7) 


тұрғын 

үй-тұрмыстық 

жағдайыңызды тексеру актісі.

Есте  сақтаңыз!  Құжаттардың 

өзін  және  көшірмесін  беру 

қажет,  салыстырып  болған  соң, 

құжаттарыңыз  қайтарылып  тек 

көшірмелерін ғана алады.

Патронатты  тәрбиеші  мен 

қамқоршы 

және 

қорғаншы 



органдары 

арасында 

күтім 

жағдайы, 



баланың 

тәрбиесі 

мен  білімі,  құқығын  қорғау 

бойынша  шаралар,  патронатты 

тәрбиешіге  берілетін  құжаттар 

тізімі, екі жақтың құқықтары мен 

міндеттері,  келісім-шартты  бұзу 

жағдайы  және  тәртібі,  келісім-

шарт  мерзімі,  баланы  бағып-

қағуға  төленетін  қаражат  көлемі, 

бақылаудың  жүргізілу  тәртібі, 

екі  жақтың  жауапкершілігі  және 

басқа да жағдайлар қарастырылған 

келісім-шарт жасалады. 



 Г. ТоҚМолДАЕвА, 

аудандық  білім бөлімі 

мемлекеттік мекеме заңгері.              

                                       

Ұнасбаев  Мәдениет

Тағзым


Сарыжаз  ауылына  жолым  түскенде  немесе  ауыл 

үстінен  өтіп  бара  жатқанда  Мәдениеттің  жымиған 

жайдары жүзі көз алдыма көлбеңдеп тұра қалады. Бейне 

ол дәл кешегідегідей «Әй жігіттер, қалдарың қалай? Қош 

келіпсіздер!»-деп,  алдымыздан  шыға  келетін  сияқты.

Немесе  жазды  күні  Акбейіттің  жанындағы  кең  жазыққа 

себілген  егісінің  шығымын  көріп,  ойланып  тұрғандай.

Шындығында  қызметтес  әріптесті  кеңсесінде  немесе 

көктемнің жазға ұласар шағында қылтиып, көгеріп шығып 

келе  жатқан  арпасының,  әлде  бидайының  шығымын 

бағамдап,    егіс  басында  жүргенін  көргеніміз  күні  кеше 

ғана еді ғой. Жұмыстың қауырттығымен, қарбаластығымен 

жан-жағымызға  қарауға  мұршамыз  болмай  жүріп,  бір-

біріміздің жасымызды сұрамаппыз да ғой.

Жақында  орталыққа  бір  жұмыспен  келген  жолдасы 

Әсияға кездесіп қалып, Мәкеңді бір еске алғандай болдық. 

Кеше ғана жоғарыдан, төменнен келген әртүрлі басшылар 

мен  таусылмайтын  комиссиялардың  орынды,  орынсыз 

сынына  сынбай,  қашан  көрсең  жарқылдаған  жайдары 

мінезінен танбай жүретін көпшіл де, бауырмал азамат дәм-

тұзы таусылмаса 10 ақпанда 60 жасқа толғандай екен.

—  60  жасын  көре  алмай  кеткен  Мәдениет  туралы 

көз  көрген,  оны  жақсы  білетін  сендер  жазбасаңдар, 

кім  жазады  Иеш?-деген  Әсияның  орынды  пікірі  жалғыз 

Мәдениет  емес,  мемлекеттік  қызметтің  «алды,  кеттісіне» 

үлгерем  деп  жүріп,  өз  жанұясының  жағдайына  да  көңіл 

бөле алмай, жүйкеге түскен салмақтан өмірден ерте озған 

Төлек Айдаралиев, Жақан Әбішбаев, Қанат Тәңірбергенов,  

тағы  басқа  ағалар  мен  қызметтес  әріптестерім  туралы 

ауыр ой қозғап кеткендей болды.

Бірде жаздың жайма шуақ күнінде командировкадан 

келіп  аудандық  партия  комитетінің  алдында  ертеңгілік 

Төлек  ағамен  кездесіп  қалдым.  Өзіне  тән  жайдары 

жымиыспен жағдай сұрады:

— Әй Иеш, қайда жүрсің жолың болғыр?

— Сарыбастаудан командировкадан келдім ғой аға.

—  Ә-ә,  жақсы  онда...Октябрге  (Нарынқолдағы 

совхоз) бара жатыр едім-деген жайсаң ағадан бірер сағат 

өтер-өтпестен  «Төлек  Айдаралиев  Октябрдің  кеңсесінде 

қайтыс  болыпты»  деген  суық  хабар  келді.  Мән-  жайын 

білгенде  қатты  өкіндім.  Мен  командировкаға  кеткенде 

Төкеңе хатшылар бір қиын баяндаманы тапсырыпты. Мені 



ЖАНы  ЖАйсАҢ  ЖАН  ЕДІ

Мәдениет  Мәженұлы  СыПАТАЕв  туралы  сыр

іздеп таба алмағаны белгілі. Түнімен қиналып баяндаманы 

бітіріп, ертесінде менімен кездескенде ол жайлы бір ауыз 

сөз  айтпаған  екен  асыл  азамат.  Мұндайда  бір  жағына 

шығатынымды  өзі  білетін.  «Иеш,  біз  қажыдық.  Сен 

жассың ғой»-деп қолқа салатын. Сол Төлек ағам Октябрь 

совхозының парторгі келіп үлгермегендіктен жұмысшылар 

комитетінің кеңсесіне кіріп, «Құралбек жоқ екен,  отыра 

тұрайын»  деп,  столға  отырғанда-ақ,  бақи  дүниеге  баз 

кешіп  жүре  берген  ғой.  Бірқатар  азаматтардың  тағдыры 

да осы Төкеңдікіндей болды. Ұзақ жылдарғы ізденіспен 

еткен еңбегі лайықты бағасын алмаған аудандық партия 

комитетінің  үшінші  хатшысы  Қанат  Тәңірбергенов, 

үгіт-насихат  бөлімінің  меңгерушісі    Жақан  Әбішбаев 

та  өмірден  ерте  кетті.  Жаңылмасам,  олар  да  алпыстың 

ауылына  ат  тіремеген  болуы  керек.  Мұндай  қызметтес 

әріптестер  туралы  сөз  қозғасақ,  бірнеше  кітаптың  жүгі 

болар еді. Соның бірі бұрынғы Сарыжаз ауылының әкімі, 

көпке сыйлы азамат Мәдениет Мәженұлы Сыпатаев еді.

— Әкем ауырдым, «Тағдырдың басқа салғаны осы»-

деп әрекетсіз, қол қусырып жатып алған жоқ. Өмір үшін 

күресіп,  арпалысып,  ажалмен алысып,  көз жұмғанша  үрей 

атаулыны мойындамай кетті-дейді  қызы Айсұлу. Осындай 

жігерлі болмаса Мәдениет бола ма! Ол ауылдық округтегі 

талабы  көп,  орындайтын  тетігі  шалажансар  қыруар 

жұмыстарды  жайдары  жымиыспен  анаған  да,  мынаған 

да мұңын шақпай-ақ аяғына жеткізетіндердің санатынан 

болатын. Қанша қиналып жүрсе де қалжыңынан жазбай, 

өз көңілін өзі көтеріп жүретін. Бірде бір селолық округте 

өтетін  жиналыстың  алдында  бәріміз  өз  жұмысымыздың 

беделін жоғары қойып, қиындығын айтып, жамырай сөз 

жарыстырып тұрғанбыз. Сөзге араласпай шетте жымиып 

тұрған Мәдениет:

— Әй, жігіттер,  менен аса алмайсыңдар,-деді. 

— Неге?


— Биыл «Мәдениет жылы» екенін ұмытпаңдар...

—  Дұрыс  ей,  жол  сенікі,  -деп  ауыл  әкімдері  мен 

мемлекеттік  қызметкерлер  мәз-мәйрам.  Жаңағы  өзара 

айтыстан  жүйкемізге  түскен  салмақ  та  ұшып  кеткендей, 

көңіліміз сабасына түсіп, жеңілдеп қалғанын сездік. Ал, 

сол кезде Мәдениеттің мойнында  салықтың төлемдерін 

мерзімінде орындау, баспасөзге жазылуды ұйымдастыру, 

ауылдағы  мекеме,  мектептің,  шаруа  қожалықтарының 

қысқа  дайындығын  пысықтау,  облыстан,  ауданнан 

берілген  шұғыл  тапсырмаларды  аяғына  жеткізу,  ауыл 

көркемөнерпаздарын  аудандық  байқауға  дайындау, 

жоғарыдан  келетін  бір-екі    өкілді  аралатып,  сорпа-су 

татырып,  шығарып салу сияқты көптеген қыруар жұмыстар 

күтіп тұрған болатын.

Тағы бірде Мәкеңмен кезекті сессиядан кейін кездесіп 

қалдық.  Сессияның  күн  тәртібіне  ауданның  денсаулық 

саласы  туралы  мәселе  қойылған-ды.  Амандық-саулықтан 

кейін:


— 

Аудандық 

денсаулық 

сақтау 


саласын 

«атқыладыңыздар ма?»-деймін әзілдеп.

—  Өзіміз  де  оқтың  астында  жүрміз.  Жаңа  басшы 

Сарыжаздан  әрі  өтіп  бір,  бері  өтіп  бір  атып  кетеді,  - 

дейді  Мәкең  жымиысынан  жазбай.  Бұл  2007  жылдардың 

түсы  болатын.  Одан  кейін  Қаһарман  Күдеров  басшы 

болып  келгенде  бір  тыныстап  қалғандай  болдық.  Қақаң 

компьютерлік  сауаттарыңды  ашыңдар  деп  арнайы  курс 

ұйымдастырды.  Соның  арқасында  компьютер  үйрендік. 

Жоғарғы  сынып  оқушыларының  мамандық  таңдауына 

ықпал  жасау  мақсатында  ауылдан  шыққан  іскер 

жандармен мектептерде кездесулер өткізілді.   Алматыдағы,  

Астанадағы  ауданнан  шыққан  бизнеспен  айналысатын 

азаматтар  ауылға  бет  бұра  бастады.  Ұжымдағы  бір-бірін 

аңду,  сөз  жеткізу  сап  тиылды.  Бірақ,  мұндай  кіршіксіз 

жұмыс ырғағы сыбырлап, жыбырлап үйренген кейбіреулер 

үшін  тиімсіз  екен.  Жоғарыға  қоңыраулатқан  солардың 

«қылықтарына»  қолды  бір  сілтеген  жаңа  басшымыз  өз 

арызымен  кете  берді.  Ал,  одан  кейінгі  орынсыз  айғай-

аттан  бәрімізге,  әсіресе,    Мәдениет  Мәженұлына  ауыр 

тиген  сияқты.  Араға  бірер  жылдар  салып  бұрын  да 

сырқаттанғанын  жасырып  жымиып  жүретін  Мәкеңнің 

жүрегі соғуын біржолата тоқтатты.

Жақсы  адам  жүрген  жерде  із  қалады,  жаманның 

соңында  сыз  қалады.  Мәкеңнің  соңында  жарқын 

із  қалды.  Оны  бұрынғы  аудандық  тұрмыс  қажетін 

өтеу  комбинатында,  Калинин    атындағы    колхозда,  

«Сельхозэнерго» мекемесінде, Сарыжаз ауылдық округінде 

Мәдениет  Мәженұлымен  қызметтес  болған  әріптестері 

жақсы біледі. 

60  жастың  белесіне  жетпей,  мерейтойын  атап  өтпей 

бақилық  болған  қызметтес  әріптесіміздің  көрмеген 

жақсылығын  жанұясы  көрсін.  Жаның  жәннатта  болсын, 

жайсаң  жан!

              

 

                И. МАЙЕМЕР.



1932 

жылғы 

ашаршылық 

кезінде  қайтсек  аман  қаламыз 

деген  оймен  халық  туған  жерден 

үдере  көшті.  Қытай,  Қырғыз 

асты.    Зәйімхан  әженің  ата-

анасы  Бейсенбай  мен  Бибісхан  да 

сол  көшпен  көрші  Қырғыз  еліне 

кетеді.  сол  жақта  жүріп  аман 

қалды. сөйтіп,  Бейсенбай атаның 

шаңырағында Тұрсынхан әпкесінен 

кейін  дүниеге  Зәйімхан  әжеміз 

келді.  Жастайынан  барды-жоқты 

өмір  көрген  әжеміз  тағдырдың  қандай  қиыншылығы  болмасын 

мойымай көтере білді. 1948 жылы Төлен Тұрсынұлымен бас қосып, 

шаңырақ көтерді. Зәйімхан әже он құрсақ көтерген көп балалы ана. 

Тапқан балаларын тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай,  

ел  қатарлы  өсірді.  Жан  бағу  үшін  түрлі  тірліктің  басы-қасынан 

табылып  жүрді.  ол  кісі  жұмыскерлерге  тамақ  пісіріп  аспазшы  да 

болды қара нардай қың етпей қара жұмысты да істеді. себебі,  ол 

кісі  о  бастан-ақ  еңбек  үшін  жаратылған  жан  еді.  Қандай  ортада 

болмасын  адалдықты  басынан  асыра  бағалады.  осындай  ерлігі 

үшін 1976 жылы «Батыр ана» атағын алды. Құдайға шүкір,  бүгінде 

мәуелеген бейтеректей артында 29 немере мен 18 шөбересі  бар.

  ортамыздан өткеніне 40 күн өтсе де ол кісі елінің, ұрпағының 

ағайын-туысының мәңгі есінде қалары сөзсіз.

  Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы қойнында болсын 

дейміз Жаратушыдан.

40  КҮНДІГІНЕ   АҚПАН  АйыНыҢ 14-ДЕ сАғАТ 11-ДЕ 

“ҚуАТ” КАфЕсІНДЕ Ас БЕРЕДІ.

Ұзақ  жылдар  аудан  мекемелерінде 

басшылық  қызметтер  атқарып,  өмірінің 

соңына дейін Сарыжаз ауылдық округінің 

әкімі болған ағайын туыстың жанашыры, 

шаңырағының асқар таудай әкесі, аяулы 

ұлымыз 

сыпатаЕв мадениет маженұлы 

тірі  болса  ақпан  айында  алпыс  жасқа 

келер  еді.  Өтпелі  өмірге  не  шара.  Оған 

асқаралы  60  жастың  қуанышын  бізбен 

бірге бөлісуге тағдыр жазбапты.

Күлімсіреп көз алдыда жүзіңіз,

Сенсіз өтіп жатыр көктем, күзіміз.

Елің үшін еңбек еттің аянбай,

Мына өмірде қалды жарқын ізіңіз.

Алпыс аспай кеттің,  әттең,  еңіске,

Ұрпақтарың жетсін алыс өріске.

Дұғамызды қабыл етсін Жаратқан,

Топырағың торқа, жаның болсын пейіште.

Еске  алушылар:  анасы  сара,  жұбайы  асия,  балалары,  келіндері, 

қыздары,  бауырлары,  қарындастары  мен  күйеубалалары  (сарыжаз 

ауылы).

Өзіңді іздеп отырмыз шынменде,

Сағыныштың өмірде бар ма емі?

Еске  алушылар:    жұбайы  

майрагүл,  ұлдары  Ернар,  Елдар, 

қыздары  айзада- нұрбол, Балауса, 

маржан.


Бас  редактордың  орынбасары 

Иемберді  ТАСТАНОВ,  жауап-

ты    хатшы  Ғани  БЕЙҚҰТБАЙ,    

бөлiм    меңгерушiсi  Серікжан  Му-

рАСИлОВ,  меншікті  тiлшi    лаура 

ҚАрАСАрТОВА,  дизайнер рысгүл 

ДҮЙСЕНБЕКОВА,    корректор  

Айша    АНДАСОВА,  фототілші   

Біржан  НҰрАҚЫНҰлЫ.

 

Директор— 

бас 

редак- 

тор Шыңғыс ТҰрСЫНОВ. 

 ҚҰРЫЛТАЙШЫ:   АлМАТЫ  ОБлЫСЫНЫң  әКiМДігi. 

МЕНШIК ИЕСI:  “МЕДИАхОлДИНг   “ЖЕТіСу  АҚпАрАТ”  АКцИОНЕрліК  ҚОҒАМЫ.                                  газет аптасына бiр рет шығады.  Бағасы келiсiмдi. 



редакцияның 

мекен- жайы: 

041400,

Кеген селосы, 

Д. Қонаев көшесi,  

137  үй.

   Қазақстан  республикасы  Мәдениет,  ақпарат  және  мұрағат комитетінде 2013 жылғы 9 қыркүйекте тіркеліп, 

№  13893 —  г  куәлiгi  берiлген.

  Телефондар: бас редактор - 2-13-77 (факс), бас   редактордың орынбасары 2-13-83,  жауапты  хатшы - 2-14-57, 79- 00-9,  бөлім 

меңгерушісі 2-13-83. Көлемi  екi  баспа  табақ. Офсеттiк  тәсiлмен  басылған.  А  - материалдың жариялану ақысы төленген.

 Таралымы  4874  дана.  Авторлардың  пiкiрлерiн  редакцияның  түпкiлiктi  көзқарасы  деп  түсiнбеген  жөн. Индексi  65543. 

«Алматы -Болашақ» ЖАҚ-ның баспаханасында басылды. Алматы қаласы, С. Мұқанов көшесi, 223 «Б».

Нөмірдің кезекші 

редакторы 

С. МурАСИлОВ.

8

Хантәңірі

g. hantaniri@mail.ru.

2015— Қой жылы, сенбі, 14  ақпан

Аудан  біріншілігі 

Спорт


Ұлы Отан соғысында қаза болған 

боздақтардың  туыстарына және 

ауылдық округ әкімдеріне

Ұлы Жеңіске  -70 жыл



   Құрметті ауылдыҚ округ  тұрғындары!

Алматы 


облысының 

Қорғаныс 

істері 

жөнідегі 



Департаментінің  26  қаңтар  2015  жылғы  №  1/  165  санды 

хатына сәйкес 2013 жылдан бастап «Союз отцов» қоғамдық 

бірлестігі 

Қазақстан 

Республикасының 

Халықаралық 

мұрағаты  және  ауған  соғысы  ардагерлерінің    «Ветераны 

Афганистана»  бірлестігі  РҚБ-мен  бірлесіп  «Вахта  памяти-

Казахстан»  халықаралық  экспедициясына  қатысып  келеді.

Эспедиция құпиясы ашылған мұрағаттық құжаттар негізінде 

Отан  қорғаушылар,  соның  ішінде  Совет  Одағының  Батыры  

Әлия  Молдағұлованың  жерленген    жерлерін  анықтау  және 

Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  қаза  тапқан  батырларды  есте 

сақтау  мақсатында  Ресей  Федерациясының  Псковск  облысы 

аумағында соғыс құрбандарын іздестіру жұмыстары.

Экспедиция қортындысы бойынша 2-ші Балтық флотының 

54-ші  жеке  атқыштар  бригадасының  офицерлерімен  400-

ден  аса  сарбаздардың  сүйектері  Ресей  Федерациясының 

Псковск  облысы  Монакова  деревниясының  жанындағы 

бауырластар зиратына  қайта жерленді. Олардың ішінде 35 

отандастарымыз бар. Атап айтқанда:

1.  Жанпейісов  рахым  –  8-ші  гвардиялық  атқыштар 

дивизиясының  қатардағы  жауынгері.  1924  жылы  кеген 

ауданының  тұйық  (тугильский)  селосында  дүниеге  келген. 

1944  жылы  4  ақпанда  ұрыста  қаза  болған.  («Боздақтар» 

естелік кітабінің  27-ші бетінде мәліметі жазылған) 

2.  Пустыкбаев  Әбдібай  –  8-ші  гвардиялық  атқыштар 

дивизиясының қатардағы жауынгері.(облыстық қорғаныс 

департаментінің хатында абдыбалий деп жазылған) 1924 

жылы кеген ауданының 337 совхозының 2-ші фермасында 

дүниеге келген. 1944 жылы 4 ақпанда ұрыста қаза болған. 

(«Боздақтар»  естелік  кітабінің    55-ші  бетінде  мәліметі 

жазылған) 

3.  Снигиров  георгий  Иванович  –  1913  жылы  кеген 

ауданында 

дүниеге 

келген. 

облыстық 

қорғаныс 

департаментінің  №  1/165  санды  хатында  туған  ауылы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет