Классикалық грек философиясы Сократтан (б.з.д. 469-399) бастау алады. Сократтың өзіне дейінгі ойшылдардан ерекшелігі – философияны адамның рухани дүниесін танып-білуге, түсінуге, жетілдіруге бағыттауы
«Мен тіршілік ету үшін тамақ ішемін, тамақ ішу үшін тіршілік етпеймін»
Платон (б.з.д. 427-347)
Платон – объективті идеализм ағымының негізін салушы.
Оның ойынша, зат қалай болса солай, кездейсоқ пайда болған жоқ. Кез келген зат – белгілі бір идеяның жүзеге асқан түрі. Идея заттан тумайды, зат идеядан туады.
Платон дүниені екіге бөледі. Біреуі – өне бойы өзгеріп жатқан бүгін бар, ертең жоқ заттар дүниесі. Бұл дүние – өткінші, жалған. Екіншісі – ешқашан да өзгермейтін, жетілген, мәңгілік идеялар дүниесі. Бұл – шынайы дүние