Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Эстетиканың негізгі төрт категориясы
Орындаған: Қожағұл Нұрсултан
Тексерген: Мәмбетов Жолдасбек
Алматы 2022
Кез-келген ғылым өзіне тән белгілі бір ұғымдарды қолданады, яғни объектінің қасиеттерін бекітетін логикалық бейнелермен байланыста болады. Демек, әрбір ғылымда шындықтың белгілі бір заңдылықтарын көрсететін өзіндік ұғымдар жүйесі бар. Себебі олар ғылыми тәжірибені ретке келтіруге және құбылыстарды заңдарды білу арқылы түсіндіруге мүмкіндік береді. Соның негізінде ғылыми ұғымдар жүйесінде белгілі бір ғылымның негізін құрайтын және оның теориялық негізі болып табылатын категориялар туатыны хақ.
Мәселен, адам өмірінде әсемдіктің, сұлулықтың, жалпы эстетиканың орны өте ерекше. Өйткені біз күнделікті өмірде әрбір істеген ісіміз бен жүріс-тұрысымызды, сырт-келбетімізді, өмір сүретін әлемімізді тек қана әсем, сұлу қалыпта көргіміз келеді. Әрқашан сұлулыққа, әсемдікке мән беру біздің ішкі жан дүниеміздің тыныштықта, үйлесімде болуына тікелей әсер етеді. Бұл кезекте эстетикалық категориялар шығармашылық процестерді сипаттайтын жалпы ұғымдарды білдіретіндіктен философиядағы болмыс құбылыстарының мәнін ашады. Сондықтан да эстетикалық категориялардың бірнешеуіне тоқталайық:
Сұлулық - құбылысты кемелдік тұрғысынан сипаттайтын айрықша құндылыққа ие эстетикалық категория,. Мәдениет тарихында оған әртүрлі сипаттамалар жасалды. Алайда, ол объективті шындықтың қасиеттерін адаммен сұлулық өлшемі ретінде немесе оның практикалық қажеттіліктерімен, идеалдарымен және өмірдегі сұлулық туралы идеяларымен байланыстыру нәтижесі болғандықтан эстетикалық маңыздылығын білдіретін, бірақ субъективті эстетикалық бағалау арқылы, адамдардың талғамы мен идеалдарының объективі арқылы игерілетін ең жоғары құндылық ретінде қоғамға түсіндіріледі.
Ал трагедия болса бостандық пен қажеттіліктің өзара әрекеттесу процесінде орын алатын, адамның қайғы-қасіретімен, өмір үшін маңызды құндылықтардың өлімімен бірге жүретін өткір өмірлік қайшылықтарды, жағдайларды көрсететін эстетика категориясы. Оның тақырыбы жоғары мақсаттарға жетуге ұмтылатын батырлық тұлғаны болжауы мүмкін. Катарсис категориясы трагедиядан тыс деп бөлінбейтіндіктен тек драмалық өнер саласымен байланысты емес, жалпы өнердің әлеуметтік-психологиялық әсеріне қатысты кең мағынаға ие. Яғни бұған қарап, өнердегі трагедияның алғашқы жүйелі дамыған тұжырымдамасы ежелгі дәуірде пайда болды десек артық айтқанымыз емес. Себебі "Поэтикада" Аристотель көптеген ғасырлар бойы жанрдың іргелі анықтамасына ғана емес, сонымен қатар трагедия категориясының өзін анықтауға негіз болатын трагедияның анықтамасын береді. Оған дәлел ретінде "Бұл жанашырлық пен қорқыныш арқылы осындай әсерлерден тазартатын оқиға емес, іс-әрекет арқылы маңызды, аяқталған ақыл-ойдың әрекетіне еліктеу" деген пікірін келтірсек болады.
Комедия да негізгі эстетикалық категориялардың қатарына жатады. Өйткені ол - белгілі бір әлеуметтік құбылыстың, адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқының, олардың әдет-ғұрыптары мен заттардың объективті бағытына және прогрессивті әлеуметтік күштердің эстетикалық идеалына тарихи түрде анықталған сәйкессіздігін күлкі түрінде білдіретін эстетика категориясы. Әрі шығу тегі мен мәні және эстетикалық қызметі әлеуметтік сипатта болатындықтан оның бастауы қоғамдық өмірдің объективті қайшылықтарынан бастау алады.
Аристотельдің айтуынша, мұндай күлкілі кейіпкерлерге ашуланшақ, ысырапшыл, ашкөз, өршіл, ұстамсыз кейіпкерлер жатады. Себебі ғалым үшін комедия - "зиянсыз" этикалық бұзушылықтар саласы. Өз кезегінде Аристотельдің эстетикасы сатираны жоққа шығарды және кейіпкерлердің комедиясын теориялық тұрғыдан негіздейді. Оның пікірінше, ирония еркін адамға жарайды, өйткені оны қолданған адам өзінің рахаты үшін күлкі тудырады, ал қалжың басқаның көңілін көтереді.
Он тоғызыншы ғасырға дейін асқақтық категориясы идеалистік эстетикада көбірік қарастырылған болатын. Онда қорқыныш, үрей сезімі мен сол үрейден арылу мақсатында құдайға жалбарыну сезiмдерi бір-бірімен байланыста қатар талданып түсіндірілді. Адам өзінің әлсіз жаратылыс екендігін біледі. Сондықтан асқақтықты шығармашылық әлемнің бастамасы ретінде Құдайға теліген. Асқақтықты құдаймен теңестірудің соңы XIX ғасырда көптеген идеалист-эстеттердің оны эстетиканың бір категориясы ретінде танудан аяқталды. Асқақтық – адам баласын оның айналасындағы түкке тұрғысыз ұсақ нәрселерден арылтып, аса зор мәнді оқиғаларға жетелейді, мәңгілік туралы толғамдармен табыстырады. Біз асқақтық сезiмiнiң әсемдікпен астасып жатқан сырлы құбылыс екенін білеміз, солай бола тұрса да олардың арасында аздаған өзіндік айырмашылықтары болады. Ең басты айырмашылығы асқақтықтың ешқашан да күлкі шақырмайтыны. Күлкі асқақтыққа жат қасиет. Асқақтыққа салмақтылық, ойлылық тән. Мейлі оның көлемі шағын болса да мазмұны iрi, тiптi зор, сипаты әсем болуы тиіс. Себебі асқақтық деген қарапайымдылықпен егіз ұғым, ал қарапайымдылық деген әрдайым әсем де сұлу құбылыс екендігі баршаға аян. Бірақ қарапайымдылық ешқашан да күлкі шақырмайды. Бұлардан шығатын негізгі ой: асқақтық – бүтiн бiр халықтың немесе күллі адамзаттың өміріне елеулі әсер ететін, кең көлемдегі жағымды қоғамдық маңызы бар, заттар мен құбылыстарға тән объективті эстетикалық қасиет.
Достарыңызбен бөлісу: |