№ 6 дәріс
Тақырыбы: Денсаулықты нығайту үшін қолданылатын әдістер мен технологиялар
«Денсаулықты нығайту жолдары»
Қазіргі заманда денсаулықты сақтау мен нығайту ең басты мәселелердің бірі екені белгілі. ХХІ ғасыр адамына денсаулықты қалыптастыруға үйрену қажет. Валеологиялық мәдениетті қалыптастыру өсіп келе жатқан ұрпақта денсаулықтың мәдениетін қалыптастыру мақсатына жетудің басты шарты.
Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялық мәні арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты – салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын өалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың ролі – адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады. Салауаттану ғылымы “қалай денсаулықты сақтаудың” ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден – дені сау адам, екіншіден – оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден – аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден – сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.
Сонымен, жоғарыда айтылған мәліметтерден әркімнің өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі екенін көруге болады. Ауруды ағзаға жолатпау, адамның өз қолында. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті.
Салауаттану дегеніміз не?
«Салауаттану» орыстың «валеология» сөзінен шыққан. Ол денсаулық ғылымы деген мағынаны білдіреді. Бұл ғылым қалай салауатты болудың, денсаулықты сақтаудың жолдарын үйретеді. Ол қоршаған ортаның зиянды әсерінен, түрлі аурулардан сақтануға көмектеседі. Денсаулықты сақтау үшін мыналарды орындауың қажет:
• жеке бас гигиенасын сақта;
• күн тәртібін орында;
• денешынықтырумен айналыс;
• дұрыс тамақтан
• ағзаңды шыңда
• белсенді және көңілді бол.
Денсаулық - біздің басты байлығымыз. Өз денсаулығын сақтау — әр адамның парызы.
Дұрыс тамақтану
Ағзаны шынықтыру
Гигиенаны сақтау
Денсаулыққа зиянды заттар
Достарыңызбен бөлісу: |